Қыдыршаев indd


 шешен сөйлеудің логикасы



Pdf көрінісі
бет18/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

1.3. шешен сөйлеудің логикасы
Шешендіктану – тілдік қатынастың қилы аспектілерін қамтитын 
кешенді пән. Шешендік өнерді игеру барысында шешен сөйлеудің 
логикалық аспектілері өз алдына бір бөлек мәселе. Сондай-ақ бы
-
лайша жіктеп, тармақтау тым шартты да. Себебі сөз өнерінің барлық 
элементтері бір-бірімен өте тығыз байланысты. Шешен сөйлей білудің 
логикалық аспектілерін психологиялық аспектілерден бөле-жара 
қарау адам псикасының рациональды, эмоциональды арналарының 
бір-біріне қатыссыздығын білдірмейді. Жалпы шаршы топ алдын
-
да ауызша сөйлеу өзіндік эмоциональдығымен, көркемділігімен 
қызықтырары даусыз. Солай десек те, сөзді логикалық тұрғыда 
ұйымдастыруға арқа сүйенілмесе, ойлаған мақсатқа сай келмесі де 
ақиқат. Сөйленген сөзде логиканың болмауын психологиялық амал
-
дармен де, тілдің бейнелілігімен де, дауыс мәнерлілігімен де алма
-
стыру мүмкін емес. 
Кез келген сөйленген сөздің тиімділігі, жандылығы алғашқы 
кезекте оның мазмұндылығымен анықталары сөзсіз. М.Т.Цицеронға 
сүйенсек, сөйленер сөзде тек негізгі нысан ғана толық әрі жан-
жақты қозғалысқа түсіп, жарқырай гүлдене алмақ. Егер де сөйленер 
сөздің тұғыры шешен жіті танып білген, мұқият меңгерген мазмұнға 
негізделмесе, онда оның негізгі нысанды сөзбен бейнелеуі бос 
мылжыңдық болып танылмақ [3,44].
Алайда бір ғана мазмұндылық жағы әлі жеткіліксіз. Бұл ретте: 
сөз нысаны бірізділікпен өріле баяндалуы тиіс;
жекелеген бөлімдері бір-біріне қарсы келмеуі тиіс;
басты ой нақты айғақтардың көмегімен дәлелденуі тиіс.
Шешен әзірлік мезетінен бастап төмендегі сауалдарға ойлануы 
тиіс: 1) өз ойын түсінікті етіп қалай жүйелеу керектігі; 2 ) сөз мате
-
риалдарын қандай үлгіде орналастыруға болатындығы; 3) деректер 
мен айғақтарды қалай қолдану қажеттілігі.
Классикалық риторикаларда бұл «ойлап табу», «орналастыру» 
кезеңдеріне сәйкес келеді. Ал қазір бұл орайда көбіне-көп «сөйлеуді 
логикалық тұрғыдан ұйымдастыру» термині қолданылады. де
-
мек, сөз сөйлеудің сәтті болуы осы арадан басталмақ. Ендеше, 
шешеннің логикалық мәдениетінің маңызы ерекше. Бұл ұғым 
арқылы сөйлеу сәтінде шешен ойланысының алуан сапалық 
белгілері танылады. олардың қатарына: 1) басты идеяның мазмұнын 
түсінікті, екі ойлылықтан аулақ қалыпта анық ұсынуын; 2) талдау
-
да қарама-қайшылықтың болмауын; 3) бір ойдан екінші ойға ауы
-
суда бірізділіктің болуын; 4) айғақтарға сүйене дәлелді баяндауын 
қосамыз.
Бұл арада баса ескерілер тұс - осы сапалық белгілерді /сөздің 
анықтығы; қайшылықсыздығы; бірізділігі; негізділігі; дәлелділігі/ 
логиканың заңдарын /тепе-теңдік; қарама-қайшылық; жоққа шығару; 
жеткілікті негіздеу заңы/ қолдану арқылы қамтамасыз ету мәселесі
/4-сызба/. 
Келесі мәселе – сөз сөйлеудегі шешен іс-әрекетінің түрлі 
кезеңдеріне сәйкесті логика ілімінің қояр талаптары. Шешен сөйлер 
сөзінің нысанын, негізгі мәселесін анықтағаннан кейін, оның 
түсініктілігі, мәнерлілігі, қысқалылығы сияқты талаптар ескеріледі. 
Сөз сөйлеудің бірізділігін және қарама-қайшылықсыз болу
-
ын қамтамасыз ету үшін міндетті түрде сөйленер сөздің жоспарын 
мұқият ойлану керек, оның композициясын қадағалай шегелеу артық 
емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет