Жоспар – сөз сөйлеудің ішкі құрылымы. Бұлар – күнілгері ойластырылған тақырыптың дамуы, бір мәселеден екінші мәселеге ауысу логикасы, сөйленер сөздің мазмұнды схемасы. Жо
-
спар жай және күрделі түрде болуы мүмкін. Жоспардың күрделісі
шешен үшін барынша ыңғайлы, негізгі тараулардың тереңірек ашы
-
луына септесетін бұтарланған тармақты үлгіде болып келеді. Ең
басты талап- негізінде ұғымның бөлшектену операциясы жататын
жоспардың логикалылығы. Алғашқы кезекте ұғымның бөлшектенуі
белгілі бір өлшемге негізделуі тиіс. демек, жоспардың барлық бап
-
тары тақырып жобасында көрсетілген мазмұнға сәйкес келуі тиіс.
Бөлшектеу, тармақтарға бөлу бір негізден өрбуі міндетті. Сондай-
ақ, тармақтау үздіксіз бірқалыпты болуы жөн. Шешен жоспардың
жалпы баптарынан кейін, аралық бөліктерді тастай салып, ең ұсақ
тұстарға, тым алшақ тармақшаларға ауысуға жол бермеуі керек.
Сөзге әзірлік барысында жоспар бірнеше қайтара екшеледі,
нақтыланады. Содан кейін ғана шаршы топ алдында сөйленетін
сөздің ақырғы тезис-жоспары, жоспар-конспектісі не сценарий-
жоспар бекітіледі.
Бұл арада жоспар мен импровизацияның жымдаса өрілуі
қызғылықты.