18
19
М.Б.Буташевич-Петрашевский: «Бұл сөздің халықты ерекше баурап
алғаны соншалық – барлық ана һәм жесір біткен өздерінің алтыннан
ардақтыларының ажалына себепкер болған күнәһарды гүлге бөлеп,
киген киімінің етек-жеңін шаттана сүйгіштеп, қала ішімен салтанат
-
ты түрде қолдарына көтеріп алып жүріпті», - деп жазады.
Тап осы тұста шешендіктану теориясы пайда болды. оның
негізін салушылар –
Коракс, Лисий және Горгий
.
Ежелгі Грециядағы шешендіктің майталман шеберлері софистер
болды. олар әртүрлі көзқарастағы адамдар арасында сөз жарысын
ұйымдастырады, сиқырлы сөзді мың құбылта қолданудағы алғырлық
пен тапқырлық танытудан жарысады. Софистер жастармен жүргізер
өз теориялық және практикалық сабақтарының мақсаты ретінде
оларды қоғамдық өмірге әзірлеу деп есептеді. Сондай-ақ риторлар
-
ды /кәсіби шешендер/ әзірледі. Пікірталас /дискуссия/ ұйымдастыру
өнерін, дәлелдеуді үйлестіре
білуді дамытты, логикалық ойлау
мәдениеті деңгейін көтерді. Шешендік туралы тұңғыш оқулықтардың
бірін софист Горгий жазған.
Грек философтары Платон
(б.э. дейінгі 427-347 ж.ж.)
мен Арис-
тотель
(б.э. дейінгі 384-322 ж.ж.)
шешендіктің теориясына орасан
зор үлес қосты.
Платон
: «Шешендік – сендірудің шебері, оның бар мәні де,
міндеті де осында», - деп шешендіктану ілімінің салмағын анықтайды
[5,265].
Шешендіктану теориясы дамуының тұтас дәуірін ежелгі грек
философтарының феномені болған Аристотель шығармашылығы
алады. Шешендік өнерін дамыта келе Аристотель шешендіктану пәнін
оған дейінгі айтылған көзқарастармен салыстыра отырып, біршама
деңгейде кеңітті. Аристотель шешендіктануды белгілі бір жекелеген
пәндердің тобына қосылмайды деп үйретеді. ол әрбір пәнге сәйкесті
сендіру құралын таба білуге қабілетті. Бұнымен ол емдеу ісі, ариф
-
метика, геометрия сияқты т.б. арнайы ғылым салаларынан бөлектене
көрінеді. Риторика - диалектикаға сәйкесті өнер. оған жалпылылық
характері тән. Риторика әрбір қадам сайын қолданылады: ол
жеке
адамның күнделікті өмірлік қажеттіліктеріне қатысты істерінде де,
сондай-ақ мемлекеттік мәндегі істерінде де бірдей керектігі даусыз.
Риториканың мақсатын, оның жан-жақтылы қалпын түйіндей
келіп, Аристотель шешенді өз мақсатына жету үшін нені қолдануы
тиістілігіне үйретеді. Шешеннің
қолдануындағы сендіру амалда
-
рын қарастыра келіп, Аристотель өз
Достарыңызбен бөлісу: