24
25
сөздердің қайсысы қай уақытта шығып, қалай қалыптасқанын кесіп-
пішіп айту оңай емес. Мәселен, ежелгі грек тарихында шешендік
өнердің өсіп-өркендеуіне атақты Солон заңы бірден-бір себепкер
болғаны мәлім. Ежелгі Афиннің мемлекеттік қайраткері әрі ақыны
Солонның (б.э.д. 638-558 ж.ж.) құлдық
құрылыс пен сот істерін
демократиялауға бағытталған әлеуметтік рефор- малары «Солон
заңы» делінген. Солон заңы бойынша Афиннің әрбір азаматы өз
мүддесін қорғауға тиісті болған. Ал бұлай істеу әркімнің қолынан
келе бермейтіні де аян. осыдан келіп сот алдында айтылажақ сөзді
алдын-ала жұптайтын, даярлайтын логогрифтер – сөз жұптаушылар
/әйгілі шешен демосфен алғашында логогриф болған/ пайда болған.
Ал дау-талап мәселесін қарайтын қазақ қауымындағы ежелгі әдет
заңы/ «Жеті жарғы» іспеттес/ гректің Солон заңына ұқсастырылады.
демек, қазақ қауымында ертеден қалыптасқан ел ішіндегі дау-
жанжалды мәмлемен шешіп реттеудің халықтық тәсілі дәстүрлі
шешендік өнердің дамуына әсер еткен. Афин азаматтарының шаршы
топ алды өз көзқарастары мен саяси мақсаттарын баяндау қажеттігі
шешендікпен шұғылдануды керек
еткені сияқты халық алдында
талқыланатын дау-жанжал, билік-бітім сөздерде жеңіске жету қазақ
билерінен халықтың салт-санасын, әдет-ғұрпын жетік білумен бірге
ойға ұшқыр, тілге шешен болуды талап еткен. Сондай-ақ халықтың
тапқыр, шешен адамға көрсететін құрметі мен билік үшін беретін
сыйы /«би ақысы»/ шешендік өнерді дамытуда ынталандырушылық,
қызықтырушылық қызмет атқарған.
Қысқасы, қазақ шешендік өнерінің тарихи тармақтары сан
қатпарлы.
Достарыңызбен бөлісу: