Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет9/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

«Риторикасын»
үш бөлімге 
жіктейді. 
Алғашқы бөлімде
шешеннің өз тыңдаушыларын белгілі бір іс-
әрекетке икемдеудегі негізге алар ұстанымдары талданады. 
Екінші бөлімде
тыңдаушылар сенімін туғызуға септесер және 
өз мақсатына жетуге сенімділік туғызар шешеннің жеке сапалық 
ерекшеліктері сипатталады. 
Ал 
үшінші бөлімде
шешендіктанудың техникалық жағы, яғни 
сөз сөйлеуде, сөйленер сөзді құрастыруда қолдануға болатын бейне
-
леу амалдары қарастырылады. ол сөйленер сөзді 
алғы сөз, әңгімелеу, 
дәлелдеу, қорытынды
сияқты төрт бөлімге жіктеумен бірге сөздің 
сенімділігіне жету үшін әрбір бөлімнің маңыздылығын бөле-жара 
негіздейді [2, 59-164]. 
Риториканы диалектикамен қатар қоя отырып, Аристотель: «... 
олардың екеуі де – дәлелді табу амалы ғана», - деп жазады [2,19]. 
Ендеше, шешендіктануға шебер сөйлеу іс-әрекетінің техноло
-
гиясы тұрғысында қарауды қазіргі шешендіктану ілімінің ашқан 
жаңалығы деуге әсте де болмайды. Риториканың «жалпылылық» 
ұстанымын алғаш аңғарған Аристотель болды. Алайда, бұл жаңалық 
Аристотельдің өз кезеңінде де, тіпті риториканың гүлденген, 
кең жайылған тұсында да тиісті дәрежеде бағаланбады. деген
-
мен де шешендіктануға «жалпылылық» тұрғыда қараған тап осы 
аристотельдік көзқарас уақыт сынына төтеп берді. Шешендіктану 
теориясының үнемі дамуына, осы пәнге оқыту әдістемесінің жаса
-
луына жоғарғы аристотельдік көзқарас негіз бола алды деп толық 
есептеуге болады. 
Ежелгі грек риторикасының бірден-бір салмақты да маңызды 
жетістіктерінің бірі – шешен іс-әрекетінің жүйелі жалғастығына 
байланысты шешендіктанудың бес бөлімге тармақталып, сөз болып 
отырған ілімнің «риторикалық канондары» аталуы /
не айтарын білу; 
айтар ойын белгілі жүйемен орналастыру; оған тиісті сөздік фор
-
ма таңдау; бұларды жадыда ұстау; сөз сөйлеу
/. Шешендіктанудың 
осы бес бөлімі қазіргі кезеңге шейін өз атауларын сақтаған: 
ойлап 
табу, орналастыру, сөздік бейнелеу, есте сақтау, сөйлеу. 
Ежелгі Греция шешендік өнерінің атақты шеберінің бірі 
Демос
-
фен (б.э. дейінгі 384-322 ж.ж.). 
ол құл иеленушілік кезеңінен тәлім 
алған өкіл ретінде демократиялық құрылымның қорғаушысы болды. 
оның Македония басқыншылығына қарсы Афиннің бостандығы 
үшін күрес кезеңіндегі саяси сөздері көпшілікке белгілі. демосфен 
македондықтарға қарсы партияны басқарды. оның Македония пат
-
шасы Филипке қарсы сөздері тарихқа еніп, тағылымды сөздердің 
қатарына жатқызылды. Риторика демосфеннің негізгі ісі болды. ол 


20
21
шешендік өнердің ұстазы, үлгі аларлық шешен ретінде танылды. 
Солай десек те, ол өзінің алғашқы сөйлеген сөздеріндегі қателіктері 
мен тұла бойындағы тәни кемістіктерін көл-көсір еңбегімен, 
шыдамдылығымен жеңе біліп, өзін-өзі тәрбиеледі, баулыды. де
-
мосфен сөз құрастыру өнері мен шешендік техниканы жоғары биікке 
көтере дамытты. ол өз үлгісімен шешендіктанудың, егер де уақытын 
аямай, тер төге еңбек ете білсе, әрбір адам да шешен сөйлей алады 
деген маңызды ұстанымын дәлелдеп бекітті. 
Грек риторикасының әсерімен Ежелгі Римде шешендік өнер 
қарыштап дами бастады. Б.э.дейінгі ІІІ ғасырда Ежелгі Грецияның 
мәдени құндылықтарынан ауыса енген рим мәдениетінің эллини
-
зация үдерісі бастау алады. ол бірте-бірте өмірдің барлық саласын, 
соның ішінде шешендіктануды да қамтыды. 
Ежелгі Римдегі шешендік өнер орасан қозғаушы күшке ие болды. 
Ежелгі дәуірде-ақ әрбір шешен үшін есімі өнеге болған Цицеронның 
айтуы бойынша, Рим республикасында да сөз өнерін меңгеруші адам
-
ды құдайға балаған. Цицерон: «Адам баласын ұшар биікке шығарар, 
атақ-даңққа кенелтер екі-ақ өнер саласы бар: бірі – қолбасшылық 
өнері де, екіншісі – үздік шешендік өнері»,-деп жазады (6,3). Рим 
республикасы мемлекеттік істерін әрбір ерікті азамат өз пікірін ай
-
тып, толық сөйлей алатын тұрғыда шешіп отырды. Сондықтан да 
мемлекетті басқару ісіне қатысқысы келетін әрбір римдік азамат
үшін сөз өнерін меңгеруі ауадай қажетті болды. Рим республикасы 
кезеңіндегі интенсивті қоғамдық өмір шешендік өнердің дамуына 
бірден-бір жағдай туғызды. Ал сөз еркінің кең құлашты тарауына 
мүмкіндік берді. Бұлардан шығар түйін – бұл дәуірде шешендік 
көпшіліктің қолы жетерліктей форма иеленіп, белгілі деңгейде 
халықтық қалыпты аңғартты. Алайда республиканың құлауына бай
-
ланысты римдік классикалық шешендік те құлдырады.
Ежелгі Римдегі шешендік өнер дамуының ұшар биігі әлемдегі 
ең атақты шешендердің бірегейі Цицеронның іс-әрекеті болып табы
-
лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет