1.2. шешендіктанудың тарихи парақтары Шешендіктану /риторика/ - ежелгі ғылым салаларының бірі.
оның пайда болып, өмір сүруі мыңдаған жылдарды қамтиды.
Әртүрлі кезеңдерде оның қоғамдық өмірдегі орны жоғары не төменгі
деңгейде бағаланды, бірақ өз дамуын тоқтатпады. Байқауымызша,
өзге ғылымдарға қарағанда шешендіктануда дәстүр жалғастылығы,
мәдениеттердің өзара әсері, тарихилығы, ұлттық ерекшеліктерді
ескеруге қоса бір мезгілде жалпы ізгілік, адамзаттық құндылықтарға
бағыт ұстау басым көрінеді. осы мағынада «өнер» термині
шешендікке өте дәл де сәйкесті келеді.
Бүгінгі таңда шешендіктануға қызығушылық Қазақстанда да
және өзге шет елдерде де шұғыл артуда. Бұл заңды да, себебі кез кел
-
ген қоғамдық жүйенің либерализациялануы адамның еркі мен құқына
назардың үстемелене артуымен жалғасады, ал олардың арасында
сөз бостандығы алдыңғы қатардан орын алады. Еркін сөйлей білуге
қажеттілік қашан да бар, ал оған ауадай қажеттілік тарихтың нағыз
шешуші, төңкерісті тұсында, демократияның саналы даму дәуірінде
туындайды. Шынында да, шешендік өнердің өркен жайып гүлденуі
ежелгі грек және ежелгі рим республикаларының өркендеуімен, Ре
-
нессанс дәуірімен, XVIII ғасырдағы Франциядағы және ХХ ғасырдағы
Ресейдегі революциялармен, Қазақ еліндегі шапқыншылық замандар
-
мен тұспа-тұс сәйкес келуі кездейсоқ емес. Әртүрлі тарихи дәуірлердегі
көпшілік алдында сөз сөйлеу теориясының даму барысын қадағалау
әрі қызғылықты, әрі пайдалы.