16
17
сөйлеу механизмін қалыптастыру бағытындағы алғашқы тәжірибелік
зерделеу қадамдары осы аталған мемлекеттерде де қолға алынуы
әбден мүмкін, дегенмен шешендіктанудың теориясы туралы жүйелі
жұмыстар Ежелгі Грецияда пайда болғаны ақиқат. Алғашында бұл
өңірде дәл де дөп, әдемі де сұлу сөйлей білген адамды жаратушы
пайғамбармен пара-пар қойған. Мәселен, атақты Гомердің аузы
дуалы шешен адамды құдаймен теңестіруге дейін барғаны мәлім.
Ежелгі гректердің басқосу, той дастарханының бөлінбес бір бөлігі
жоғары интеллектуальды әңгіме-дүкен құру болды.
Тек Ежелгі Грецияда ғана шешендік шындыққа жету құралы
болып табылатындығы және бұл өнер ғана емес /эпос, лирика, му
-
зыкамен қатар/, сондай-ақ адамды танып-білудегі философиямен
жарысқа түсе алатын ғылым екендігі туралы сенім қалыптасты.
Шешендік өнердің пайда болуы мен гүлденуі б.э.д. V-IV
ғ.ғ. Ежелгі Грециядағы қоғамдық құрылыспен байланысты да
түсіндіріледі. Құл иеленуші демократиясы жағдайында ежелгі грек
елінің барлық мәселелері жария түрде халық жиналыстарында және
30-ға толған кез келген азамат сайлана алатын «бес жүздік кеңесінде»
шешілді. Жария түрде тек саяси мәселелер ғана шешіліп қана
қоймай, сот ісі де қаралып отырған. Бір ерекшелігі бұл арада арнайы
кінәлаушылар (даттаушы) да, қорғаушылар (ақтаушы) да болмаған.
Кез келген ерікті азамат қалаған адамына кінә артып айыптай алған,
ал айыпталушы адам өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп, өзін-өзі ақтап
қорғауы тиіс. демек, демократиялық деңгейдегі қоғамдық өмір әрбір
ерікті азаматқа шешендік өнерді меңгерудің қажеттілігін міндеттеді.
Кімде-кімнің табиғи шешендік өнері болмаса, амал жоқтықтан бұны
оқып-үйренуі тиіс еді. Тап осы тұста өзге ғылымдарға қоса /алғашқы
кезекте философия/ шешендік өнерге де оқытып-үйрететін, баули
-
тын ақылы оқытушы-софистер пайда болды. Софистер сөзді ойната,
құбылта қолдана білді, олар шешендік өнердің практикасына ғана
емес, теориясына да үлкен мән берді. Шешендік өнер туралы ғылым
ретінде шешендіктанудың /риторика/ негізін де осылар қалады.
Бізге мәлімі, риторика бойынша тұңғыш трактатты жазған
сицилиялық Коракс болып танылады. «Шешендік өнер - сенім
қызметшісі»*,-деп Коракс риториканың міндетін анықтап берген
-
нен кейін, Аристотельден бастап Квинтилианға дейінгі шешендік
өнердің антикалық теоретиктері аталмыш ғылым саласын тап осы
бағытта қарастырды. Алайда, дәстүр бойынша риториканың «әкесі»
ретінде Кораксты емес, шешендігімен және осы өнерге баулу, оқыту
дағдысымен танымал болған оның шәкірті Горгий есептеледі. Бірақ
та, өкінішке орай Коракстың да, Горгийдің де, Протагордың да (Гор
-
гий шәкірті) еңбектерінің бірде-бірі бізге жетпеген, сақталмаған.
Шешендік өнер – адам өмірінің әрқилы ішкі үдерістерін
бейнелеудің озық тәсілі, өзгелерді өз еркіне бағындырудың аса күшті
қаруы, жанды қарым-қатынастың амалы ретіндегі сөз сөйлеу
құдіретіне ие болғызатын шын мәнінде адамның құдіреттілігін та
-
нытатын көпқырлы ілім.
Қоғамның дамуына сәйкесті иландырушы
сөзге нақты қажеттілік пайда болды, сөздің сендіру әрекетін таныту
үшін,
«шешендік»
ұғымы туындады.
Құл иеленушілік құрылысы жағдайында шешеннің жанды сөзі
арқылы адамдардың санасы мен еркіне бірден-бір әсер етудің белгілі
бір мүмкіндіктерін туғызған
Достарыңызбен бөлісу: