28
29
Зерттеу еңбектерге сүйене келе, дала табиғатының тамашалығы-
мен бірге көшпелі елдің тұрмыс-салт ерекшеліктерінің өзі ақындық,
шешендік өнердің өсіп-өркендеуіне қолайлы болғандығын баса ай
-
тамыз. Ұлт тарихында ру мен рудың, ауыл мен ауылдың және жеке
азаматтар арасындағы дау-жанжалдарды реттейтін, халық мейлінше
көп жиналатын жерлері – ас-тойлар, жәрмеңке-базарлар, күнде кеңес
құратын «күлтөбелер» ақындар мен шешендер үшін ерекше орын-
нағыз форум болған. Сондай-ақ айтыс-дауларды дәлелдеп шешетін
шешен-билерге халықтың көрсететін құрмет-сыйы да дарынды, та
-
лантты жастарды сөз өнерін үйренуге, игеруге ынталандырған, итер
-
мелеген. демек, талапкер жастар оқу ілімінен кенжелегенмен, сана
ілімінен кенде қалмаған, бүкіл елде сөйлеу мәдениеті, оның жоғарғы
көрінісі- шешендік өнер қалыптасып дамыған.
Қазақ халқына тән жүйелі ойлау, шебер сөйлеу қабілеттері
сияқты халықтың нұрлы қасиеттері туралы саяхатшылардың, этно
-
граф ғылымдардың жазбағандары кемде-кем. Өкініштісі, сонау скиф-
сактар заманынан бастау алатын бай тарихы, байырғы мәдениеті
бар дархан халықтың әдеби-мәдени қазынасынан бізге жеткендері
ішінара хатқа түскен ауыз әдебиеті нұсқалары мен ән-күйлері ғана
делінеді.
Қазақ даласында болған еуропа зерттеушілері халқымыздың
нағыз ақынжанды, интеллектуальдық (ақыл-ой) жағынан дар
-
хан дарындылығымен және көркем өнерінің алуан түрлілігі,
мазмұндылығымен дараланатындығын айтып, қазақтардың ауызекі
сөзде де жаратылысынан шынайы шешендікті сүйіп, оны бағалай
білетіндігін жазған.
Шешендік өнерге бірден-бір қатысты қазақ қауымының көсемі
болған бидің басшылығы таптық тегіне не байлық ерекшелігіне емес,
негізінде, жеке басының қасиетіне, атап айтсақ, ел тарихын, салт-
санасын, әдет-ғұрпын жетік білу мен ойға шебер, тілге шешендігіне
бірден-бір байланысты болған.
Жинақтай келе, қазақ шешендік сөздерінің табиғаты турасында
төмендегіше түйіндерді тізбектеуге болар еді:
- Шешендік сөздердің көлемі шағын, сөйлемі ықшам болуы;
- Қасаң дау, ұзақ толғаудан қажетті сөздерді қалыпқа құйғандай
іріктеп алып жаттауға, керек кезінде жаңғыртуға да қолайлы келуі;
- Тыңдаушысын жалықтырмай, зеріктірмей ұйытып, үйіріп
әкететін әсерлі келуі;
- Шешендік сөздер - қысқа болғанмен, мақал-мәтел еместігі,
бір оқиғаға байланысты туып, белгілі адамдардың атынан айтылған
сөздер екендігі. Бұл іспеттес қасиет шешендік сөзге сенім туғызары
белгілі. Өмірге үйлесе келу, тыңдаушыларын иландыра білу ауыз
әдебиеті үшін де, жазба әдебиеті үшін де қажетті екендігі аян;
- Шешендік сөздердің құндылығы тек шындығында емес,
ойының тапқырлығында. Қиядан жол табу, қиыннан сөз табу –
нағыз шешендерге тән қасиет. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: