Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



Pdf көрінісі
бет16/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   139
сұрақтарды
қарастыру үшін видеослайдтарды қолданып
барлаудың атқаратын қызметі мен кешеннің жабдықталуы, басқару және 
байланыс орнату (КРУС) туралы айту керек. Сонымен қатар әрбір желінің 
атқаратын қызметі туралы әңгімелеу қажет. 
Екінші сұрақты
қарастырған кезде де видеослайдтар (плакаттар) 
қолданылады және келесі мәселелер төңірегінде әңгіме қозғалады: 

қолданыстағы спутниктік навигациялық жүйелер (ресейлік ГЛОНАСС, 
америкалық GPS, еуропалық Galileo және қытайлық Beidou);

спутниктік навигациялық жүйелердің қызмет ету қағидасы; 

ол жүйелердің әскери емес салаларда қолданылуы. 
«Жергілікті жерді зерттеуде ұшқышсыз ұшатын аппаратты (ҰҰА) қолдану» 
тақырыбын қарастырған кезде келесі мәселелер төңірегінде әңгіме қозғалады: 
-
олардың пайда болу тарихы; 
-
оларды қолданатын салалар; 
-
ҰҰА әскери мақсатта пайдалану жетістіктері туралы; 
-
Олардың жіктелуі; 
-
Оларды басқару тәсілдері; 
-
Әскери мақсатта қолданылатын ҰҰА бірінің техникалық-тактикалық 
сипаттамасы және атқаратын қызметі туралы. 
Кейс-технологиялар – 
үлгіленген немесе шынайы жағдайларды талдау 
және оны шешуде қолданылады. Кейс (ағылшын тілінің 
саsе 
– 
жағдай, оқиға 
деген сөзі) – іс жүзінде туындаған мәселені ұжым болып немесе дербес шешу 
жолдарын іздеуге бағытталған оқу материалдарының жиынтығы. Кейстің 
ерекшелігі – шынайы өмірден алынған деректер негізінде туындаған мәселені 
сипаттау. 
Кейс ретінде ғылыми, публисцистикалық, көркем, оқулық мәтіндерін 
қолдануға болады: газет, журнал материалдары, ай сайын жарық көретін 


29 
республикалық әскери-патриоттық және ақпараттық-аналитикалық «Айбын» 
журналы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтерін 
мәлімдейтін ҚР Қорғаныс министрлігі жанынан құрылған апталық «Сарбаз» 
республикалық әскери-патриоттық газеті, ғаламтор желілерінен алынған 
материалдар). Кейс практикалық болуы мүмкін (ББД бекіту үшін), оқытушы-
ұйымдастырушы болуы мүмкін (оқытушы және тәрбиелеу міндеттерін шешу 
үшін) және ғылыми-зерттеу бағытта құрылуы мүмкін (зерттеу іс-әрекеттерін 
іске асыру және зерттеушілік құзіреттілікті қалыптастыру үшін). 
Кейске қойылатын талаптар мынадай: 
1.
Оқушыларға жүктелетін өзекті мәселе талқылауға болатындай және 
оны шешудің бірнеше жоыл болатындай болуы керек. 
2.
Мәтін білім беру міндеттеріне және сабақ тақырыбына (бөліміне) 
сәйкес келуі керек. 
3.
Зерттеу жұмысын талдау және оны шешу жолдарын табуға қажетті 
ақпараттар мөлшері жеткілікті болуы қажет.
4.
Мәселені авторлық бағалаудың болмауы. 
Мысал
: Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында 
«Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдері» тақырыбы 
бойынша кейс үлгісін ұсынамыз. 
Роботты техникалар қазіргі таңда әскери технологияның ең басым 
салаларының бірі болып табылады. Қазіргі уақытқа дейін түрлі міндеттерді 
атқара алатын автоматтандырылған аппараттар құрылған. Алайда қазіргі 
ұшқышсыз ұшатын ұшақтар мен тікұшақтар, сондай-ақ шынжыртабанды 
машиналар қабілетті деп мақтағанменен, толығымен өздігінен жұмыс істей 
алмайды. Олардың дербестіктері көп «ақылды» қажет етпейтін, белгілі бір 
әрекеттерді орындаумен ғана шектеледі: көрсетілген бағытпен қозғалу, 
кеңістікті бақылау, өзінше ерекшеленетін нысандарды іздестіру және т.с. 
Қозғалу бағытын анықтау немесе анықталған нысанды шабуылдау туралы 
әңгіме қозғалғанда, ол жүйе операторы, яғни адаммен қабылданады. Әскери 
роботтардың жұмыстарын толығымен автоматтандыру мәселесі әлі де болса 
орындалуы мүмкін емес міндеттер қатарына жатады. Ал ғалымдар мен 
инженерлердің осы саладағы қадамдары енді басталды десе болады. Роботты 
техникалар 
технологиясының 
дамуы 
автоматтандыру 
жүйелерінің 
мүмкіндіктерін ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар адамзат қоғамының 
ілгерілеуіне үлесін қосатын мәліметтер айтылады. 
Тапсырмаларды топтарға бөлу: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет