Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



Pdf көрінісі
бет18/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   139
Дидактикалық ойындар. 
Іскер ойындармен салыстырғанда, дидактикалық 
ойындар қатаң шектелген және туындаған мәселені шешуге арналған 
логикалық тізбек болмайды. Ойын әдістерін оқытудың интерактивті әдістерге 
де жатқызуға болады және ол таңдап алған ойын түріне байланысты. Мәселен, 
саяхат-ойыны, викториналар, 
көңілділер мен тапқырлар клубы
секілді 
ойындарды интерактивті әдістер қатарына жатқызуға болады. Себебі оған 
қатысушылар бір-бірімен өзара қарым-қатынас орнатады.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтарында түрлі 
рөлдік ойындар мен сайыстық ойын түрлері қолданылады. Рөлдік ойындарда 
ойын жағдай ойша құрылып, түрлі батырлар әрекет етеді.
 
10-11-
сыныптарда рөлдік ойындар аздап өзгеріп, оларда пресс-
конференция, жәрмеңке-сабақ, «дөңгелек үстел» секілді күрделі жағдайлар 
қолданылады. 
Рөлдік ойынды оқушылларға шығармашылық жолмен жол табуды 
меңзейтін оқытушы-үйретуші сипаттағы сабақтар қатарына жатқызуға болады. 
Мәселен, сабақтың тақырыбы «Сап және оның элементтері». Бұл жерде 
талқылауға түсетін мәселе қандай болуы мүмкін? Игеру жобасы. Яғни ол үшін 
сондай жобаны құратын оқушылар тобы қажет. Ол сұрақтарды кімдер 


32 
талқылауы мүмкін? Олардың қатарына әскерилер, сержанттар, лейтенанттар, 
генералдар жатуы мүмкін. Алғашқы біріккен талқылауда ойынның жалпы 
сюжеті құрылады және оқушылар тобы өз жобаларын ұсынады. Міне, 
осылайша ойынға қатысушылар анықталады және рөлдік әрекеттердің 
ережелері мақұлданады. 
Саптық дайындық бойынша сабақтар арнайы жабдықталған алаңда 
өткізіледі:
1) практикалық сабақтарды өткізу барысында саптық тәсілдерді үйрену 
кезінде оқытушының саптық тәсілді тұтас және бөлшектеп көрсетуіне баса 
назар аударылады; 
2) білім алушылардың жаттығу жасауы міндетті түрде сабақта 
қарастырылады.
10-
сыныпта әскери топография сабақтарын білім алушыларға оқытқанда 
таныс емес аймақтарда картасыз және картамен бағдарлау, сол ауданда өзінің 
орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың 
көмегімен және компассыз табуды, сонымен қатар ұшқышсыз қашықтықта 
ұшатын аспаптардан алынған ақпараттарды қолдануын үйретуді қарастырады. 
Саптық дайындық 
Жалпы әдістемелік нұсқаулар. Саптық дайындық бойынша сабақтар 
арнайы жабдықталған алаңда өткізіледі. 
Саптық дайындық бойынша сабақтарды оқу кезінде оқушылар саптық 
тәсілдерді тұтастай және бөлшектеп орындауды үйренеді, содан кейін 
оқытушының бұйрығымен немесе өз бетімен дұрыс орындағанға дейін 
жаттығады.
Жекелеген саптық тәсілдерді саптық дайындық бойынша өткізілетін 
сабақтарда, сондай-ақ денелік, тактикалық, атыс дайындығы, жарғы 
дайындығы, ұйымдастырылатын және өткізілетін қорғаныстық-спорттық іс-
шараларда жетілдіріледі. 
Оқушылардың машинадағы және машина жанында орындайтын 
әрекеттерін жүк машиналарын қолданып немесе автомобиль үлгісін 
пайдаланып үйретуге болады.
Саптық дайындықты оқу барысында оқушылар келесі жағдайларды 
білулері керек: 

сарбаздың сапқа тұрғанға дейінгі және сапта тұрған кездегі міндеттерін; 

саптағы және қарусыз орындалатын жекедара тәсілдерді; 

сондай-ақ саптық тәсілдерді қарумен орындаумен танысулар керек. 
Сабақты өткізу кезінде оқушылардың бойында ұйымшылдық, тәртіптілік, 
сымбаттылық, достық және өзара көмекке келу қасиеттерін тәрбиеленеді. 
 
2-
кесте 
«Саптық дайындық» тарауын оқу кезіндегі тақарыптар атуауы және 
сағаттар саны 
Тақы
Тақырып атауы мен оқу 
Сағат 
Оқыту 
Оқу


33 
рып 
нөмі
рі 
сұрақтарының мазмұны 
саны 
әдісі 
материалы 






Сап және оның элементтері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет