Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



Pdf көрінісі
бет26/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   139
Мысалы:
«Оңға (солға) – ТҮЗЕЛ». 
«Бөлімше - ТАРАҢДАР» бұйрығы бойынша әскери қызметшілер саптан 
шығады. Бөлімшені жию үшін «Бөлімше – МАҒАН КЕЛ», деген бұйрық 
беріледі. Ол бұйрық бойынша әскери қызметшілер командирдің жанына 
жиналып, келесі бұйрық бойынша сапқа тұрады [9]. 
Бөлімшенің бұрылулары, теңелу тәртібі сақтала отырып барлық әскери 
қызметшілермен бір мезгілде орындалады. Екі қатарлы саппен оңға (солға) 
бұрылудан кейін, бөлімше командирі оңға (солға) жарты адым, ал артқа 
бұрылған кезде – бір адым алға жасайды. Сапқа тұру тәртібі мен бұйрықтарды 
орындауды түсіндіріп және көрсеткен соң, оқытушы бөлімшені саптық алаңның 
үш жағына сапқа тұрғызады. Содан кейін тиісті бұйрықтар бере отырып 
бөлімшенің жылдам және дұрыс сапқа тұруларына қол жеткізеді. Бұл тәсілдерді 
игерген соң бөлімшені жорықтық сапқа тұру тәртібін түсіндіреді және 
көрсетеді. 
Бөлімшені жорықтық сабы бір немесе екі колоннаға құрылуы мүмкін. 
Бөлімшені бір орында бір (екі) колоннаға тұрғызу үшін «Бөлімше, колоннаға 
біреуден (екеуден) САПҚА ТҰР», деген бұйрық беріледі. Бөлімше командирі 
саптық тұрысты қабылдап және бұйрық берген соң қозғалыс бағытына қарай 
бетін беріп тұрады, ал бөлімше шаттық тәртіпке сәйкес сапқа тұрады. Адам 
саны төртеуден аспайтын бөлімше бір колоннаға тұрады. 
Осы тәсілдерді көрсетіп және түсіндірген соң, оқытушы жаттығуды 
ұйымдастырады.
Одан кейін «Бір қатардан екі қатарға және қайтадан бір қатарға сап құру» 
сұрағын қарастыруға кіріседі. Ол үшін оқытушы бір қатардан екі қатарға сапқа 
тұрғызу үшін «Бөлімше, бірінші-екіншіге – САНАЛ», деген бұйрық береді.
Осы бұйрық бойынша оң жақ қапталдан бастап әрбір әскери қызметші 
кезек бойынша бастарын бұрып, сол жағында тұрған әскери қызметшіге өз 
нөмірін айтады да, басын тік қаратады. Сол жақ қапталдағы әскери қызметші 
басын бұрмайды. Оқытушы осы ережені айтып берген соң, оның қалай 
орындалатынын көрсетеді. 


58 
Дәл осындай тәртіппен бөлімшедегі жалпы санақ жүргізіледі және ол 
үшін «Бөлімше, рет-ретімен – САНАЛ», деген бұйрық беріледі. 
Екі қатарлы сапта, екінші қатардың сол жақ қапталындағы әскери 
қызметші жалпы санақ аяқталған соң «Толық» немесе «Толық емес», деп 
мәлімдеме жасайды. Оқытушы бұл тәсілдің қалай орындалатынын айтып және 
түсіндіріп болған соң жаттығуға кіріседі. 
Оқушылардың аталған тәсілдерді дұрыс орындап жатқанына көз 
жеткізген соң, оқытушы бір қатардан екі қатарға сап құру және қайтадан бір 
қатарға сап құру тәртібін түсіндіреді. Бір орында тұрып бір қатардан екі қатарға 
сап құру үшін «Бөлімше, екі қатарға – САПҚА ТҰР», деген бұйрық беріледі. 
Атқару бұйрығы бойынша екінші нөмірлер сол аяқтарымен артқа бір 
адым жасайды, бірінші нөмірдің артынан тұру үшін оң аяқтарын қоймастан, 
оңға адым жасайды және сол аяқтарын қосады. 
Бір орында бөлімшені сығылған екі қатардан бір қатарлы сапқа тұрғызу 
үшін, бөлімше алдын-ала ажыратылады. Содан кейін «Бөлімше, бір қатарға – 
САПҚА ТҰР», деген бұйрық беріледі. Атқару бұйрығы бойынша екінші 
нөмірлер сол аяғымен солға адым жасап, біріншілердің сызығына шығады; оң 
аяқты қоймастан алға адым жасайды және сол аяғын қосады. Оқытушы аталған 
әрекеттердің орындалу тәртібін көрсетіп және түсіндірген соң, оқушыларды 
жаттықтыруды бастайды. 
Бөлімшенің жазылу және қосылу тәсілдерін орындау үшін, олардың 
орындалу тәртібін көрсету керек. 
Бөлімшені бір орында жазылу үшін «Бөлімше, оңға (солға, ортадан) 
осынша адымға – ЖАЗЫЛ (жүгіріп – ЖАЗЫЛ)», деген бұйрық беріледі. 
Атқару бұйрығы бойынша жазылу басталған оқушыдан басқаларының барлығы 
айтылған бағытқа бұрылады; бір аяқ екінші аяққа қосылған мезетте бастарын 
маңдайшеп жаққа бұрып, арттағы адамның иығынан қарап, жиілеген жарты 
адыммен (жүгіріп) қозғалады; артта келе жатқан адам тоқтаған соң, әрқайсысы 
бірнеше адым жасайды (бұйрықта көрсетілген адым санына) және 
маңдайшепке қарай бұрылады. 
Ортадан жазылған кезде, ортаңғының кім екені айтылады. Ортаңғы 
болып аталған оқу, өз тегін естіген кезде «Мен», деп жауап қайтарады да, сол 
қолын алға шығарып, төмен түсіреді. 
Бөлімшені түзеткенде, жазылу кезіндегі арақашықтық сақталады. 
Бөлімшені бір орында сығу үшін «Бөлімше, оңға (солға, ортадан) – 
СЫҒЫЛ (жүгіріп – СЫҒЫЛ)», деген бұйрық беріледі. Атқару бұйрығы 
бойынша сығылу басталған оқушыдан басқаларының барлығы айтылған 
бағытқа бұрылады; содан кейін жиілеген жарты адыммен (жүгіріп) айтылған 
жерге қозғалады және көрсетілген жерге жақындаған кезде саптық адымға 
көшеді және өз беттерімен тоқтап, солға (оңға) бұрылады. 
Аталған тәсілдердің орындалу тәртібін көрсетіп және түсіндірген соң, 
оқытушы оқушыларды жаттықтыруға кіріседі. 
Үшінші оқу сұрағын қарастыруға кірісе отырып, оқытушы жазылған 
саптан колоннаға тұрғызу үшін бөлімше оңға бұрылу керек екендігін және оған 


59 
«Бөлімше, оң – ҒА», деген бұйрық берілетінін түсіндіреді. Екі қатарлы сапты 
бұрған кезде бөлімше командирі оңға жарты адым жасайды. 
Бөлімшені колоннадан жазылған сапқа тұрғызу үшін бөлімше солға 
бұрылу керек және оған «Бөлімше, сол – ҒА», деген бұйрық беріледі. Екі 
колоннамен қозғалып келе жатып бұрылған кезде, бөлімше командирі алға 
жарты адым жасайды. Осы ережелерді түсіндірген соң, оқытушы өзі 
бөлімшемен оңға және солға бұрылып көрсетеді. 
Содан кейін оқытушы бөлімшенің колоннада қозғалып келе жатып қайта 
сап құру тәртібін түсіндіреді және көрсетеді. 
Бөлімшенің бір колоннадан екі колоннаға сап құруы үшін «Бөлімше, екі 
колонна болып – БАС (қозғалыс кезінде – БАС)», деген бұйрық беріледі. 
Атқару бұйрығы бойынша бөлімше командирі (бағыттаушы) жарты адыммен 
қозғалады, екінші нөмірлер оңға шығып, адым ырғағымен колоннадағы өз 
орындарына орналасады. Бөлімше «ТУРА» немесе «Бөлімше – ТОҚТА», деген 
бұйрық берілгенше жарты адыммен қозғалады.
Бөлімшенің екі колоннадан бір колоннаға сап құруы үшін «Бөлімше, бір 
колонна болып – БАС (қозғалыс кезінде – БАС)», деген бұйрық берілуі керек. 
Атқару бұйрығы бойынша бөлімше командирі толық адыммен, ал қалғандары 
жарты адыммен қозғалады; орынның босауына қарай екінші нөмірлер адым 
ырғағымен біріншілердің артына келеді және толық адыммен қозғалуын 
жалғастырады. 
Колоннаның қозғалыс бағытын өзгерту үшін «Бөлімше, оң (сол) иық алға 
– 
БАС», деген бұйрық береді. Осы бұйрық бойынша бағыттаушы «ТУРА», 
деген бұйрық берілгенше солға (оңға) бұрыла қозғалады, ал қалғандары оның 
соңынан ереді. «Бөлімше, менің соңымнан ере – БАС», деген бұйрық бойынша, 
бөлімше командирдің соңынан ереді. 
Аталған тәсілдерді көрсетіп және түсіндірген соң, оқытушы 
жаттықтыруды бастайды. 
Сапты белгілермен басқару. Аталған тақырыпты үйретуге кірісе отырып, 
оқытушы сапты белгілер арқылы басқаруға болатынын түсіндіреді және 
оқушыларға белгілер арқылы берілетін бұйрықтарды көрсетеді. Белгілерді 
жалаушалар арқылы (ақ, сары және қызыл түсті), қол шам және қолмен беруге 
болады. Белгімен бұйрық берген кезде алдын-ала «НАЗАР САЛЫҢЫЗ», деген 
белгі беріледі, ал бұйрық бөлімшелердің біріне ғана берілетін болса, онда сол 
бөлімнің нөмірін көрсететін белгі беріледі. Бөлімшенің нөмірін анықтайтын 
белгіні бөлім командирі анықтайды. Белгіні қабылдауға дайын болу туралы 
белгіні де «Назар салыңыз», деген белгімен береді. Барлық әскери бөлімдерге 
қатысы бар белгіні, барлық бөлім командирлері мен машина командирлері (аға 
әскерилер) бірден қабылдап, орындаулары керек. Белгіні қабылдағанын растау 
үшін, сол белгіні қайталайды. Қажет болған жағдайда, бөлімшені басқару үшін 
командир қосымша белгі дайындайды.
Белгімен басқару бұйрықтарының берілу тәртібін түсіндірген соң, 
оқытушы жалаушамен берілетін сапты басқару белгілерін үйретуге кіріседі. Ол 
үшін оқытушы белгінің атын атап, оны орындау тәртібін көрсетеді және ол 


60 
бойынша әрекет ету тәртібін түсіндіреді. Содан кейін үйретілген белгіні 
көрсетіп, оқушылар оны қайталайды. Олар қателік жіберген жағдайда, 
оқытушы тиісті түзетулер енгізіп, нұсқаулар береді.
Машиналарды басқару белгілерін үйретуді дәл сондай ретпен үйреткен 
дұрыс. 
Қолмен және қол шамымен берілетін белгілерді үйретуді оқушылар өз 
беттерімен үйренеді. 
Машина жанындағы және машинадағы әскери қызметшілердің 
әрекеттері. Машина жанындағы және машинадағы әскери қызметшілердің 
әрекеттерін жабдықталған машиналарды және олардың үлгілерін қолдану 
арқылы үйретуге болады. Олар болмаған жағдайда, саптық алаңда машинаның, 
жаяу әскердің ұрыстық машинасын, брондытранспортердің суретін салады. 
Ондай жағдайда қарастырылатын сұраққа қажетті плакаттарды да қолдануға 
болады. 
Сабақты келесі ретпен өткізген дұрыс: 

үйретілетін тәсілді немесе әрекетті жариялау; 

сол әрекет немесе тәсілді орындауға қажет бұйрықты хабарлау; 

тәсілді немесе әрекетті тұтастай орындаудың тәртібін көрсету және
түсіндіру; 

қажет болған жағдайда тәсілді бөлшектеп орындап көрсету; 

тәсілді немесе әрекетті орындауға үйрету; 

тәсіл немесе әрекетті жоғары деңгейде орындағанға дейін жаттығу. 
Бұл сабақты өткізу кезінде жоғарыда аталған нұсқауларды қолдана 
отырып, мынаны шыңдау керек: 

жеке құрамды сапқа тұрғызу және машиналарды жазылған сапқа 
тұрғызу тәртібін; 

машинаға отырған кезде «МАШИНАҒА» бұйрығы бойынша 
орындалатын жеке құрамның әрекет ету тәртібін; 

машинаға отырған кезде «ӨЗ ОРЫНДАРЫҢА» бұйрығы бойынша 
орындалатын жеке құрамның әрекет ету тәртібін; 

автомобиль, брондытранспортер және жаяу әскердің ұрыстық 
машиналарында әрекет ету кезінде жеке құрамның орналасуын;

машинаға отырған кездегі қарудың қалпын; 

машинадан түскен кезде «МАШИНАДАН» бұйрығы бойынша жеке 
құрамның әрекет ету тәртібін. 
Осындай іскер ойын оқу материалын игеруге көмектесіп қана қоймай, 
сонымен қатар оқушының пайымын белсендендіреді және берілген ақпаратты 
ой елегінен өткізуге ықпал етеді. 
Ол жұмысты орындау үшін төмендегідей нұсқаулық ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет