47
Қолды бас киімге қоюға үйрету үшін «Қолды бас киімге қою және оны
түсіру: жаса – БІР, жаса – ЕКІ» бұйрығы беріледі. «Жаса – ЕКІ» санағы
бойынша, ажыратылған бір қатарлы сапта тұрған оқушылар оң қолдарын
жылдам бас киімге қояды. «Жаса – ЕКІ» санағы кезінде қолдарын жылдам
төмен түсіреді. Бұл жаттығуды айнаның алдында тұрып, жұптасып, өз бетімен
және барабанның соққысымен қайталауға болады. Жаттығуларды бөлшектеп
орындауды үйренген соң, оқытушы әскери сәлемдесуді тұтасымен орындауға
жаттықтырады.
Әскери сәлемдесуді саптан тыс жерде, бас киімсіз орындау үшін, басшыға
үш-төрт адым қалғанда аяқтың жерге
қойылуымен қолдың қимылдары
тоқтатылады; басты басшыға қарай бұрып, қозғалысын жалғастырады және
оның бетіне тура қарайды. Басшының (аға әскери) жанынан өткен соң басты тік
қояды және қолдарын қимылдата қозғалуды бастайды.
Баста бас киім болған жағдайда, аяқтың қойылуымен қатар, оң қол бас
киімге қойылады, сол қол
сан тұсында қозғалыссыз болады; басшының (аға
әскеридің) қасынан өткен соң, сол аяқтың жерге қойылуымен қатар, басты тік
ұстаған қалыпта оң қол төмен түсіріледі.
Басшыдан (аға әскериден) озған кезде, алғашқы алға шыққан адыммен
әскери сәлемдесуді орындайды. Екінші адыммен басты тік ұстайды да, оң
қолын төмен түсіреді.
Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, онда әскери сәлемдесуді
басын басшыға бұру арқылы іске асырады.
Киілген бас киіммен қозғалған кезде әскери сәлемдесуді үйретуді алты
санға жүргізеді. Оқытушы алдымен тәсілді тұтасымен, содан кейін бөлшектеп
көрсетеді. «Жаса – БІР» саны бойынша сол аяқпен адым жасалады,
аяқтың
жерге қойылуымен қатар бас басшыға қарай бұрылады және оң қол бас киімге
қойылады; сол қол санға түсіріледі. «Жаса - ЕКІ», «ҮШ», «ТӨРТ» санағымен
оң (сол) аяқпен адым жасалады. «Жаса – БЕС» санағы бойынша сол аяқтың
жерге қойылуымен бас тіктеледі, оң қол төмен түсіріледі. «Жаса - АЛТЫ»
санағы бойынша оң аяқ сол аяққа қосылады да, оң қол санға түсіріледі.
Оқушылардың тәсілді қалай орындалатынын түсінгеніне көз жеткізген
соң, оқытушы взводты бір колоннаға тұрғызып, санақ арқылы немесе
барабанның соққысымен орындауға жаттықтыруды бастайды.
Тәсілді бөлшектеп және тұтасымен орындап болған соң,
оқытушы
сабақтың соңына қарай взводты бір колоннаға тұрғызып, оқушылардың
барлығын алдынан өткізеді. Сонымен қатар оқушылар сабақта жекедара
орындалатын саптық жаттығуларды және әскери сәлемдесуді жетілдіріп
отырулары керек.
Оқытушы оқушыларға бастықпен бір орында тұрып және қозғалыс
кезінде әскери сәлемдесу тәсілдерін көрсетеді.
Оқытушы алдымен бас киімсіз қозғалу кезінде әскери сәлемдесуді
үйретеді. Тәсілді тұтасымен және бөлшектеп көрсеткен соң, бас киімсіз қозғалу
кезінде әскери сәлемдесу үшін басшыға 3-4 адым
қалған кезде аяқты жерге
қоюмен бірге қолдың қозғалысы тоқтайтынын, басты басшыға қарай бұрып
48
қозғалысын жалғастыратынын айтып береді. Бастықтың жанынан өткен соң,
басты тік ұстайды және қолдың қимылдары басталады.
Бұл тәсілді үйретуді екі-төрт санға бөліп бастайды. Егер басшы қарама-
қарсы келсе, тәсіл екі санмен үйретіледі; бір орында болса, тәсіл төрт санға
орындалады. Мысалы: «Қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін, басшы
маңдайшепте (оң жақта, сол жақта, артта, бөлшектеп: жаса – БІР, жаса – ЕКІ)»
және т.с.с.
«Жаса – БІР» санағы
бойынша сол аяқпен адым жасап, аяқтың жерге
қойылуымен қатар қолдың қимылдары тоқтайды және басын басшыға қарай
бұрады. «Екі, (үш, төрт)» санағы бойынша басын бұрып ұстаған күйде, қолды
қысып қозғалысын жалғастырады
Кезекті «жаса – БІР» саны бойынша сол аяқтың жерге қойылуымен басты
тік ұстайды және қолдың қимылдары басталады. Содан кейін үш еркін адым
орындап, жаттығуды дәл сондай қарқынмен (минутына 60-70 адым)
қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: