Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



Pdf көрінісі
бет20/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   139
Саптық адым 
Оқытушы-ұйымдамтырушы сабаққа кірісе отырып, бұрын үйретілген 
дағдыларды жетілдіру мақсатында қорытынды дайындық жаттығулар өткізеді. 
Онда бір орында бұрылу тәсілдері жетілдіріледі. 
Дайындықтан кейін оқытушы қозғалыстағы тәсілдерді үйретуге кіріседі 
және ол қозғалыстарды адымдап немесе жүгірумен орындалатынын түсіндіреді. 
Адыммен орындалатын қозғалыс минутына 95-110 адым екпінімен 
орындалады, ал адым ұзындығы – 60-70 см. 
Жүгіріп орындалатын қимылдың екпіні – минутына 165-180 адым, адым 
ұзындығы – 85-90 см. 
Адым саптық және жорықтық деп екіге бөлінеді. 


42 
Саптық адым әскери бөлім салтанатты маршпен, әскери сәлемдесуді 
қозғалыста орындағанда, бөлімше командиріне қараған кезде, бөлім 
командиріне жақындағанда және одан кеткен кезде, әскери қызметші саптан 
шыққан және қайтадан сапқа тұрған кезде, сондай-ақ саптық дайындық 
бойынша өткізілетін сабақтарда қолданылады. 
Ал жорықтық сап басқа жерлердің барлығында қолданылады. 
Саптық адыммен қозғалу «Саптық адыммен – БАС», деген бұйрықпен 
басталады. 
Жорықтық адыммен бастау үшін «Адым - БАС», деген бұйрық беріледі. 
Осы бұйрық бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасап, одан кейін 
жорықтық адымға көшеді. 
Алдын-ала берілетін бұйрық бойынша кеудені сәл алға беріп, тепе-
теңдікті сақтай отырып дененің салмағы оң аяққа көбірек түседі; атқару 
бұйрығы бойынша сол аяқтың толық адымымен қозғалыс басталады. 
Саптық адыммен қозғалған кезде аяқ ұшы алға тартылған және жерден 
10-
15 см биіктікке көтеріледі де, жерге толық табанмен қойылады. 
Қолдың қимылы дене бойымен, иықтан басталады: алға – алақан белбеу 
деңгейінен сәл жоғары көтерілетіндей етіп, шынтақтан бүгіле қозғалады, ал 
шынтақ алақан деңгейінде болады; артқа – иық буынынан тірелгенше 
шығарады (8-сур.). Саусақтар жартылай бүгілген, бас тік, назарды алға салу 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет