«Идеялар, түсініктер және атаулар қалтасы» тәсілі.
Мұғалім
қарастырылатын тақырыптың негізгі түсініктерін бөліп көрсетіп, оқушыларға
белгіленген уақыт ішінде ұсынылған түсінік төңірегіндегі сөздер, пікірлерді
жазуды ұсынады.
«Қазақстанның әскери аймағы» сөзін естігенде ойға не келеді (2001 жылы
Қазақстанда төрт әскери аймағы құрылды және олар 2003 жылы аймақты
басқармалар деп қайта құрылды).
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері төрт
аймақтық басқармаларға бөлінген:
1.
«Астана» (штаб Қарағанды қаласында).
2.
«
Шығыс» (штаб Семей қаласында).
3.
«
Батыс» (Атырау қаласында).
64
4.
«
Оңтүстік» (Тараз қаласында).
Әрбір аймақ басқармасының қарауында барлық әскери бірлестіктер бар
және олар сол 4 облыстың әкімшілік шекараларында орналасқан.
Оқытушы-ұйымдастырушы оларды тақта бетіне жазады. Содан соң
оқулықтан мәтінді оқиды. Материалдармен танысу барысында (немесе оқып
шыққан материал негізінде) үлгі жаңа деректермен толықтырылады. Оқытушы-
ұйымдастырушы оларды түрлі түсті бормен жазады. Пайда болған кескін-
суретті талдап, алғашқы айтылған ой-пікір, пайымдардың дұрыс не дұрыс емес
екенін талқылау, алынған ақпарттарды жалпылау арқылы сабақ
қорытындыланады.
Кластерді қолданудың мынадай артықшылықтары бар:
–
ауқымды ақпараттар көлемін қамтуға мүмкіндік береді;
–
оқушылар ұжымының барлығын дерлік оқу процесіне қатыстыруға
мүмкіндік береді және ол қызықты;
–
балалар белсенді әрі ашық және соның нәтижесінде қателесуге, теріс
пікір білдіруге деген қорқыныш болмайды.
Аталған жұмыс барысында келесі біліктіліктер қалыптасады және
дамиды:
–
мәселе туындата білу, сұрақ қоя білу біліктілігі;
–
ең маңыздысын бөліп көрсете алу;
–
байланыстыратын себеп-салдарды анықтай біліп, пайымдай білу;
–
туындаған мәселені тұтастай түсініп, жекеден жалпыға ауыса білу;
–
салыстыра және талдай білу;
–
баламалар таба білу.
Кластер тәсілі жүйелі ойлай білуді дамытып, балаларды оқу материалын
ғана меес, өзі жүргізген бақылау негізінде өзндік көзқарас білдіруге үйретеді.
Сонымен қатар бірнеше позицияны бір мезгілде көре білу дағдысын, ақпаратты
шығармашылық тұрғыдан қайта өңдеу қабілетін дамытады.
Кластер әдісін қолданып өткізілетін сабақтар балаларға өздерін
көрсетуге, қарастырылып отырған сұрақ бойынша өз ойларын білдіруге,
шығармашылық тұрғыдан әрекет етуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, білім
беру процесінде қолданылатын дәстүрлі емес технологиялар оқушының
ынтасын жоғарылатады, ықпалдастықты қалыптастырады және балалардың
өздік жетістігін сезінуді тәрбиелейді, шығармашылық еркіндікті сезінуге
мүмкіндік береді.
Мысал:
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің
кепілі» тақырыбын қарастыру бойынша кластер құру үлгісін ұсынамыз.
65
Кластер құру.
Аталған тарау бойынша сабақтар плакаттар, үлгілер, оқу фильмдерін,
видеоматериалдар мен өзге де әдістемелік құралдарды пайдалана отырып,
негізінен әңгімелеу және сұхбат түрінде өткізіледі. Сабақты өткізген кезде
оқытылатын материалды оқушылардың тарих және құқық негідері
сабақтарынан алған білім деңгейлерін, елімізде және шетелдерде болып жатқан
маңызды саяси оқиғалармен, халқымыздың Ұлы Отан соғысы жылдарында
жасаған ерліктерімен байланыстыра отырып жүргізу қажет. Сонымен қатар
сарбаздардың, сержанттар мен офицерлердің әскери қызметті өтеу кезіндегі
ерліктерінен мысалдар келтіруге болады.
Еліміздің қауіпсіздігін нығайта түсу, біздің мемлекетіміздің тұтастығы
мен егемендігін сақтап қалудың маңызды шарттарының бірі болып
табылатындығын түсіндіріп өту қажет. Сонымен қатар қазіргі уақытта
тұрғындарды елімізді қорғауға даярлаудың маңыздылығы күн санап арта
түсуде. Сондықтан да жастарды шынайы әскери қызметке алдын-ала
дайындауға деген талап арта түсуде. Қарулы Күштер қатарына шақырылған
ұлбала қажетті әскери білім мен біліктілікті игерген жағдайда ғана, ол қысқа
мерзім ішінде күрделі әскери қару мен техниканы меңгеріп кете алады, өзінің
бойында әскери ант талаптарына сәйкес келетін жоғары адамгершілік-жігер
мен ұрыстық қасиеттерді шыңдай алады.
Оқушылар осы тарауды оқу арқылы әскери-патриоттық тұрғыдан
шыңдалады, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерімен, әскери
доктрина, мемлекеттің қорғаныс мәселелерін реттестіретін заң талаптарымен
танысады.
Оқушылар «Қарулы Күштер – Қазақстан Республикасы егемендігінің
күзетінде» тарауын оқуды қорытындылай келіп келесі жағдайларды:
-
мемлекет қорғанысы мәселелерін реттестіретін Конституция ережелері
мен Қазақстан Республикасы заңдарын;
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Отанымыздың
қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін;
Қазақстан Республикасы
ҚР Коституциясы
Әскери нышандары
Әскери қауіпсіздік
Мемлекет
Қарулы Күштер
66
-
әскери ант және оның әскери қызметшілерге қоятын талаптарын;
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және
Жауынгерлік ту туралы ережені;
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері және
олардың атқаратын қызметтерін білулері керек.
Оқушылар Қазақстан Республикасының әскери-оқу орындарымен, оларға
оқуға түсу тәртібі және Қарулы Күштерге қажет әскери мамандарды
даярлаудағы рөлімен танысулары керек.
Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері
Бұл тарауды оқуды Қазақстанды демократиялық, құқықтық, зайырлы
және унитарлы мемлекет ретінде сипаттайтын ҚР Конституциясының
ережелерімен таныстырудан бастаған дұрыс. Содан кейін оқушыларға сол
ережелерді қысқаша мәлімдеп өтуді ұсынып, тақырыпты қорытындылауға
болады.
Сабақтың екінші бөлімін өткенде, оқушыларға Қарулы Күштер – ол
қоғамның бір бөлігі және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған
мемлекеттік институт болып табылатындығын түсіндіру қажет. Қарулы Күштер
саясатты іске асыратын құрал бола отырып, азаматтық қоғамның бақылауында
болуы керек. Ол мемлекеттік органдардың қорғаныс және әскери құрылыс
аумағындағы өкілеттігі ҚР Конституциясында нақты анықталған. Сол
ережелерді түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің,
Қазақстан Республикасы Парламентінің және Қазақстан Республикасы
Үкітемінің өкілеттіліктерін баяндап өту керек. Қарулы Күштер жабық ұйым
емес. Қарулы Күштердің мемлекеттік және әскери құпияларға қатысы жоқ
жақтары, әскери қызметшілердің тұрмыс-тіршіліктері баспасөз беттерінде
кеңінен жарық көріп жатады.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – патриотизм және
интернационализм мектебі»
Достарыңызбен бөлісу: |