55
«Жаса – БІР» бұйрығы бойынша сол қолмен автоматты құндағынан
ұстап, оны сәл алға жоғары шығарады, оң қолды баудың астынан өткізіп,
дүмнің мойынынан ұстайды.
«Жаса – ЕКІ» санағы бойынша автоматты жоғары көтеріп, бауды бастан
асыра өткізеді де, оқжатарын солға қаратып, ұңғысы иек деңгейінде
болатындай етіп тігінен ұстайды.
Бұл тәсілді үйреткен кезде оқушылардың кеуделерін алға еңкейтпеулерін,
баумен бас киімді түсіріп жібермеу үшін, автоматты барынша жоғары
көтерулерін қадағалау керек.
«Жаса – ҮШ» санағы бойынша оң қолмен баудың жоғарғы жағынан
ұстап, автоматты «белдікке» қалпына қабылдайды, ал сол қолды жылдам төмен
түсіреді.
Үшінші тәсілді орындауды үйреткен кезде, автоматты сол қолмен иыққа
дұрыс лақтыруларын қадағалау керек.
Оқушы кеудесін бұрмай, сол қолының
оңға орындалатын шалт қимылымен автоматты оң иыққа бағыттауы керек.
Автомат ұшып бара жатқан сәтте оң қолдың алақаны баудың бойымен төмен
сырғиды. Оқушы бауды тарта отырып, ұңғының өзін соғып жібермеуін
реттейді, ал шынтағымен автоматтың иықтан шығып кетпеуіне мүмкіндік
бермейді.
Үйретуді алдымен
оқытушының санауы бойынша, одан кейін барабан
соққысымен орындайды. Оқытушы жаттығу кезінде оқушылардың тәсілдерді
дұрыс орындауларына қол жеткізеді. Әрбір оқушының дұрыс орындауына қол
жеткізген соң, тәсілдерді взвод құрамында орындауға жаттықтырады және
олардың әрекеттерін бағалайды.
56
12-
сур. Автоматты «кеудеге» қалпынан «белдікке» қалпына ауыстыру
тәсілдерін орындау
«Қаруды – ҚОЙ», «ҚАРУҒА», «ҚАРУДЫ» тәсілдерін орындау
«Қаруды - ҚОЙ» бұйрығы бойынша қаруды жерге қояды.
«Қаруды» бұйрығы бойынша автоматты оң қолға алады. Ол үшін оң
қолмен баудан сәл жоғары ұстап, автоматты иықтан шешіп алады; сол қолмен
оқжатардан төменірек ұстап, оң қолды құндаққа ауыстырады да, автоматты оң
санға, ал сол қолды сол сан бойымен төмен түсіреді.
«ҚОЙ» бұйрығы бойынша бірінші қатар
алға екі адым жасайды және
аяқтарын қосады. Содан кейін екі қатар да бір мезетте сол аяқпен алға бір адым
жасайды және автоматтың бекітпе тұтқасымен төмен қаратып жерге қояды;
дүмнің желкесі оң аяқтың ұшында болады (оң аяқ тізеден бүгілмейді);
содан
кейін сол аяқты оң аяққа қосады.
Бір қатарлы сапта атқарушы бұйрық бойынша соңғы екі әрекет қана
орындалады.
Жерде жатқан қаруды алу үшін «ҚАРУҒА», одан кейін «ҚАРУДЫ»,
деген бұйрықтар беріледі.
Бірінші бұйрық бойынша әскери қызметшілер қарудың жанына барып
тұрады. Екінші бұйрық бойынша әскери қызметшілер сол аяқпен алға бір адым
жасап, қаруды оң қолдарымен алады да, тіктеліп, сол аяқтарын оң аяққа қосады.
Екінші қатар екі адым алға жасайды да, содан кейін екі қатардағы әскерилер
қаруларын «белдікке» қалпына қабылдайды.
Бөлімше сабы. Сабақты оқушыларға сарбаздың сапта тұрғанға дейінгі
және саптағы міндеттерін естеріне түсіруден бастау керек. Оқытушы алдымен
оқушылардың сапқа тұрғанға дейінгі әрекеттерін (қаруының дұрыстығын,
дербес қорғану құралдары, жабдық-жарақтарының болуын тексеру), содан
кейін киімінің дұрыс болуын тексеру жұмыстарын іс жүзінде көрсетеді. Бұл
жерде оқытушы аталған іс-шаралар аяқталған соң, киім үлгісінің дұрыстығын
жанындағы әскери қызметшіге тексертетінін айтып өтуі керек. Саптағы әскери
қызметшінің міндеттерін үйрету сапқа тұрған және әрекет еткен кезде
үйретіледі. Оқытушы одан кейін жазылған және жорықтық саптың
болатындығын ескертеді.
Жазылған сап бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін. Бөлімшені
бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу үшін «Бөлімше, бір қатарға (екі
қатарға) – САПҚА ТҰР», деген бұйрық беріледі.
Бөлімше командирі саптық тұрысты қабылдап және бұйрық берген соң
саптың маңдайшебіне бетін қатарып тұрады. Бөлімше штатқа сәйкес,
командирден солға сап түзейді. Сапқа тұру басталған кезде бөлімше командирі
саптан
екі адымға шығып, саптың ортасына бетін беріп тұрады және саптың
дұрыс құрылуын қадағалайды.
Саны төрт адамнан аз бөлімше әрдайым бір қатарға тұрады.
57
Бөлімшенің сабын түзету қажет болған жағдайда «ТҮЗЕЛ» немесе «Солға
-
ТҮЗЕЛ», деген бұйрықтар беріледі.
«ТҮЗЕЛ» бұйрығы бойынша оң қапталдағы әскери қызметшіден
басқаларының барлығы бастарын оңға бұрады (оң құлақ сол құлақ деңгейінен
жоғары, иек көтеріңкі) және әрбір әскери қызметші өзін біріншімін деп санап,
төртінші адамның кеудесін көретіндей болып түзеледі. «Солға – ТҮЗЕЛ»
бұйрығы бойынша сол жақ қапталдағы әскери қызметшіден басқасының
барлығы бастарын солға бұрады (сол құлақ оң құлақ деңгейінен жоғары, иек
көтеріңкі). Сапты түзеген жағдайда әскери қызметшілер сәл алға, артқа немесе
бір бүйірге қозғаллары мүмкін.
Түзелу аяқталған соң «ТІК ТҰР» бұйрығы беріледі де, сол бойынша
барлық әскери қызметшілер жылдам бастарын тура қаратады.
Артқа бұрылудан кейін бөлімшенің сабын түзеу үшін түзелу жағы
айтылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: