Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



Pdf көрінісі
бет27/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   139
 
Баскет-әдіс
жағдайды бейнелеуге негізделген. Мәселен, оқушы гид рөлін 
ойнап, тарихи мұражайда экскурсия жүргізуі керек. Оның міндеті – әрбір 
экспонта бойынша ақпарат жинау және сол ақпаратты келушілерге жеткізу. 
Оқу процесі барысында оқушыларды танымдық оқу жұмысына қатыстыру 
үшін белсенді әдіс қолданылады және оған арнайы тәсілдер мен сабақтың 


61 
формалары жатады. Олар оқыту процесін жеңілдетеді және әр бала үшін 
қолжетімді болады. 
Сондықтан, әрбір мұғалім білім беру технологясының шеңберінде 
бағдарлай біліп, өзінің уақытын уақытын бұрыннан анықталып қойған 
нәрселерге бос жұмсамауы керек. 
Сандық әдіс, диктант, ребустар, синквейндер, ұсынылған тізім ішінен 
«артығын табу» тапсырмасы, терминдер не әрекеттер арасындағы байланысты 
анықтау және қалпына келтіру, мәтіндегі географиялық қателіктерді іздеу 
секілді әрекеттер оқытудың белсенді әдістеріне жатады. 
Интерактивті әдіс. 
Ағылшын тілінен аударғанда (inter – «аралық»; act – 
«әрекет») өзара әрекет ете отырып оқуға мүмкіндік беретін интерактивті әдіс 
деген мағына береді; ал интерактивті оқыту – оқушылар мен ұстаздың өзара 
әрекеттеріне сүйене отырып оқытатын процесс. Бұл әдістер дербес-
бағдарланған жолмен оқытуға сәйкес келеді. Себебі бірігіп оқуды (ұжымдасып, 
ынтымақтаса отырып оқу) болжайды және оқушылар мен ұстаз оқу процесінің 
субъектісі болып табылады. Педагог көбінесе оқу процесін ұйымдастырушы, 
топ көшбасшысы, фасилиатор, оқушылардың құлшыныстарын ынталаушы 
рөлінде қызмет етеді. 
Сонымен қатар, интерактивті оқыту оқушылардың өзінің және өз 
құрбыларының тәжірибелеріне сүйене отырып бір-бірімен тікелей әрекет 
етулерімен негізделеді. Себебі интерактивті жаттығулардың көпшілігі дерлік 
тек мектептің оқу процесіне ғана емес, сонымен қатар оқушының тәжірибесіне 
сүйенуге бағытталған. Жаңа білім мен біліктілік деңгейі осындай тәжірибенің 
негізінде қалыптасады. 
Интерактивті әдістер «мұғалім=оқушы», «оқушы=оқушы» өзара 
әрекеттері жүйесімен құрылады. Яғни оқыту процесіне тек мұғалім ғана 
қызықтырып қоймайды, сонымен қатар оқушылар да өзара бірігіп әрекет ете 
отырып әрбір оқушының ынтасына ықпал етеді. Ал мұғалім тек қана 
көмекшінің рөлін атқарады. Оның міндеті – оқушылардың құлшыныстарына 
жағдай жасау. 
Оқытудың интерактивті әдістерінің міндеттері 

Жағдайды дұрыс шешуге қажет жолды өз бетімен іздеу, ақпараттарды 
талдауға үйрету. 

Команда құрамында жұмыс істеуге үйрету: өзгенің пікірін құрметтеу, 
басқаның көзқарасына толеранттылықпен қарауды үйрету. 


62 

Белгілі бір деректерге сүйенетін өздік көзқарасты, пайымды 
қалыптастыруға үйрету. 
Интерактивті оқытудың әдістері мен тәсілдері 
1)
 
Миға шабуыл – 
тақырып бойынша сұрақтар мен жауаптар ағымы 
немесе ұсыныстар мен идеялар. Миға шабуыл жасалған соң жауаптың дұрыс не 
бұрыстығын талдау жасалады.
2)
 
 
Кластерлер

салыстырмалы диаграммалар, пазлдар – 
белгілі бір 
шағын тақырып бойынша негізгі сөздер мен мәселелерді іздеу. 
Кластер – 
ақпараттарды ұйымдастырудың бейнелі формасы. Онда басты мәні бар 
бірліктер анықталып, олардың араларындағы барлық байланысты үлгі 
түрінде тіркейді. Ол оқу материалын жүйеге келтіруге және далпылауға 
ықпал ететін кескін-бейне ретінде қызмет етеді.
Білім берудің қазіргі 
заманғы жүйесі оқушылардың бойында дербес пайымды, көзқарасты 
қалыптастыруға бағытталған. Сыни тұрғыдан ойлай білу оқушының пайымдық 
дамуын ынталандыратын педагогикалық технология болып табылады. Кластер
және оның әдістерінің (тәсілдерінің) бірі. 
Сыни тұрғыдан ойлана білу ерекшеліктерінде төмендегідей үш деңгей 
анықталған: 

сайысқа шақыру, 

ұғыну 

рефлексия. 
Бірінші кезеңде процеске қатысатындардың барлығы белсенеді. Оның 
мақсаты – тақырып бойынша бұрыннан қалыптасқан білім деңгейін іске қосып, 
қауымдасқан қатар қалыптастыру, сұрақтар қою және оның жауабын табу. 
Ұғыну фазасында келесі ақпараттармен жұмыс ұйымдастырылады: мәтінді оқу, 
алынған деректерді ой елегінен өткізу және талдау. Алынған білім рефлексия 
деңгейінде шығармашылық тұрғыдан қайта өңделіп, тұжырымдар жасалады. 
Кластер тәсілі аталған деңгейлердің кез келген дәрежесінде қолданылуы 
мүмкін. 
Сайысқа, сөзталасқа шақыру кезеңінде балалар тақырып бойынша өз 
ойлары мен ұсыныстарын білдіреді. Ол оқушылардың танымдық әрекеттерін 
ынталандырады, қарастырылатын тақырыпты алдын ала ой елегінен өткізуге 
мүмкіндік береді. 
Ұғыну кезеңінде кластерді қолдану оқу материалын құрастыруға 
мүмкіндік береді.
Рефлексия кезеңінде кластер әдісі алынған білім деңгейін жүйеге 
келтіреді. 
Кластерды сабақтың жалпы стратегиясы ретінде, сабақ бойы қолдануға 
болады. Мәселен, сабақ басталған кезде оқушы өзінде бар барлық ақпаратты 
тіркеп қояды. Ақырындап, сабақ барысында үлгіге жаңа мәліметтер қосыла 
береді және реті келсе оларды басқа түспен белгілеу керек. Бұл тәсіл болжай 
білу, толықтыру, талдау және ең бастысын анқытау біліктілігін дамытады. 
Кластер жер планетасының спутниктермен байланысы түрінде 
рәсімделеді. Ортасына басты түсінік, мәні орналасады, ал оның жан-жағына 


63 
ортаңғы түсінікпен сызық арқылы байланысқан мәні бар ірі бірліктер 
орналасады. Оған тақырыпқа қатысты сөздер, сөз тіркестері, бейнелер, 
баламаларды орналастыруға болады. Ал планета «спутниктерінің» жан-жағына 
тақырыпты толығымен ашып көрсететін және логикалық байланыс аясын 
кеңейте түсетін мәні төмендеу бірліктер орналасады. Бұл жерде 
категорияларды нақтылау өте маңызды және оларды қарастырылатын материал 
мазмұнындағы ой-пікірлер мен деректер көмегімен негіздейді. 
Сабақты ұйымдастыру тәсіліне қарай кластер тақтада, парақ бетінде 
немесе дербес тапсырмаларды орындап отырған әрбір оқушының дәптерінде 
жазылуы мүмкін. Кластер құра отырып, түрлі-түсті бор, қалам, қаламсап, 
фломастер қолданған дұрыс. Ол жекелеген сәттерді бөліп көрсетіп, барлық 
ақпараттарды жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. 
Кластерді құру бойынша бірнеше нұсқаулықтар бар. Оны құрған кезде 
барлық нәрсені мазмұндап, ойға келгеннің барлығын тіркеудің қажеті жоқ. 
Тіпті қарайып балаламалар мен ұсыныстар болғанның өзінде. Жұмыс 
барысында жаңсақ немесе теріс пікірлер түзетіліп немесе толықтырылуы 
мүмкін. Оқушылар өз ойларын ашық та батыл айтып, жұмыс істеуді барлық 
идеясы аяқталғанша жалғастыра береді. Мәндік бірліктердің көп болуынан 
қорқудың қажеті жоқ, реті келсе олардың арасындағы байланыстарды құруға 
тырысу керек. Талдау кезінде барлығы жүйеге келтіріліп, өз орындарына 
тұрады. 
Кластер әдісін барлық дерлік сабақтарда қолдануға болады. 
Аталған әдісті қолданған кездегі жұмыс істеу формасы әртүрлі болуы 
мүмкін: дербес, топтық және ұжымдық. Ол алға жүктелген мақсат-міндеттерге, 
мұғалім мен оқушылардың мүмкіндіктеріне байланысты анықталады. 
Кластердің бір түрінен екінші түріне ауысуға болады. Мәселен, сайысқа 
шақыру деңгейінде дербес жұмыс жүргізіліп, әрбір оқушы дәптерінде өз 
кластерін құрады. Келіп түскен жаңа білім мөлшеріне қарай, өздерінің сызған 
суреттері және сақтан игерген білім деңгейіне қарай жалпы үлгі сызылады. 
Кластер сабақ кезіндегі жұмысты ұйымдастыру тәсілі ретінде және үй 
тапсырмасы ретінде қызмет етуі мүмкін. Үй тапсырмасын орындау үшін 
оқушылардың бойында белгілі бір тәжірибе болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет