Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
Қызығушылықты
арттыру
0–3 минут
(Ұ, ПК)
«Дене шынықтыру басталады – бір!
Қарыштатып адымдаймыз – екі!
Саптан қалма, қара алға – үш!
Көк аспанда жарқырайды күн көктем,
Шымыр болып өсерміз әлі, біз ертең!»
Бір-бірінің артына бір баладан сапқа тұрып, жай адымдап жүру.
Тізені биік көтеріп жүгіру.
Нұсқау – жеңіл, ырғақты жүгіру; тізені 90 градусқа дейін көтеру,
қолды белге қою. Қолды әртүрлі қалыпта ұстап, түзету жаттығу-
ларын орындау.
Кең, бос
кеңістік.
Негізгі бөлім
4–12
13–27
2 қатар сапқа тізілу.
Топпен жалпы дамыту жаттығуларын құрсаудың көмегімен
жасау. Сапқа тұрғанда тиісті арақашықтықты сақтауға назар
аударыңыз. Балалар құрсау пайдаланып майтабан ауруының
алдын алуға, ептілікті дамытуға арналған жаттығуларды ойдан
құрастырсын. Жақсы идеяларды бейімдеп қолданыңыз.
Дене
қозғалысын өздігінен бақылау машықтығына назар аударыңыз.
(Құрсаумен түрлі қимылдар жасау: құрсаумен, өкше жерде –
аяқтың басы құрсауда, аяқтың басы жерде – өкше құрсауда).
Лақтыру, орындық үстімен жүру кезінде қауіпсіздік техникасы
туралы ескертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |