(Ж) «Бір-біріңе жылу сыйла»
Балалар жұптасып бір-біріне қарап тұрады. Біреуі алақанын
тосып, екіншісі өз алақанын оның алақанына қояды. Педагог:
«Балалар, алақандарыңа жылу бару үшін бір-біріңнің көзде-
ріңе қараңдар. Қолдарыңдағы жылуды сезіндіңдер ме? Енді
алақандарың тағы жылына түсуі үшін әрқайсысың кезекпен өз
жұптарыңа жақсы сөздер айтыңдар».
№ 4 ҰОқ
тақырыбы:
Топтық эстафеталар
ҰОқ-ның
оқыту мақ-
саты
0.2.1.1. Бір орында тұрып және қозғалыс барысында сапқа тұру түрлерін, мәнерлі
сап түзу, жүру түрлерін орындау.
0.2.1.4. Секірудің әртүрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып өзгермелі
жағдайлардағы секірулер.
0.2.1.5. Өрмелеу, өрмелеп шығу, астымен еңбектеу, еңбектеп өту түрлерін орындау.
0.2.2.1. Дене қуаты қасиеттерін көрсету: әртүрлі дене әрекеті түрлеріндегі ептілік,
күш, жылдамдық пен реакция.
0.3.1.3. Әділетті ойын мен әділетті төрелік белгілерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |