Тақырып: Судың қасиеттері: беттік керілу, судың қозғалысы, еріткіштігі, қайнау және балқу температурасы, жылусыйымдылығы. Судың биологиялық маңызы және оның еріткіш ретіндегі, температурыны сақтау реттеудегі және ролі. Оқу мақсаты 7.4.1.1 Судың қасиеті мен тірі ағзалар үшін маңызын
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы -
Судың қасиеттерін анықтайды
-
Судың тірі ағзалар үшін маңызын сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Тапсырма-1 (а) Төмендегі суреттерді пайдаланып судың қасиеттерін сипаттаңыз
a
b
c
(b) Сіз анықтаған су қасиеттерінің тірі ағзалар үшін маңызын түсіндіріңіз.
(с) Берілген тұжырымдардың ішінен қате тұжырымдарды тауып, дұрыс жауабын төменде
жазыңыз.
1. Су дене температурасын тұрақтандырады;
2. Фотосинтез процесіне қатысады;
3. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалайды;
4. Дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді;
5. Ағзаның зат алмасу үдерісін тежейді;
6. Жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді;
7. Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады;
8. Өсімдіктердегі зиянды заттар су арқылы сыртқа шығады;
9. Кейбір тірі ағзалар сусыз тіршілік ете алады;
10. Минералды судың құрамындағы минералды заттар суда ерімейді.
Дескриптор Білім алушы -
сурет бойынша судың қасиетін сипаттайды;
-
су қасиеттерінің тірі ағзалар үшін маңызын түсіндіреді;
-
су туралы тұжырымдардың қатесін анықтап, тұжырым жазады .