Пікірталаспен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді. Диалог
барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің
тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру
ұсынылады. Бұл –мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша, диалог пен ауызекі
немесе «интерактивті» оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды
дәлел ретінде қолданатын «диалектика» элементі.
Дәлелдемеге идея мен мүмкіндіктерді алға жылжыту және келісу деген анықтама
берілген. Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында
тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып,
баламалы мүмкіндіктер туралы сын тұрғысынан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола
түседі.
Мерсер сыныпта талқылау кезінде өз сөзін