«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы


ХИТОЗАННЫҢ ПОЛИАКРИЛ ҚЫШҚЫЛЫМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ



Pdf көрінісі
бет16/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#90083
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
ХИТОЗАННЫҢ ПОЛИАКРИЛ ҚЫШҚЫЛЫМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ 
 
Жұмабекова М.Ж. 
Ғылыми жетекші:х.ғ.к., доцент м.а. Оразжанова Л.К. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
Moldir-zhumabekova@mail.ru 
 
Хитозан және оның туындылары медицинада, тағам өнеркәсібінде, ауыл 
шарушалығында, ветеринарияда, парфюмерлік-косметикалық өнеркәсіпте, 
биотехнологияда және басқа да салаларда кеңінен қолданыс табуда.
Хитозан негізіндегі интерполимерлі комплекстер жер бетінің 
биодеградациялану, топырақ құрылымының нашарлауы, құнарлылығының 
төмендеуі мәселелеріне байланысты ғылыми және практикалық тұрғыдан аса 
жоғары қызығушылық тудыруда.
Жұмыстың мақсаты: хитозан және полиакрил қышқылы негізінде 
интерполимерлі комплекстің түзілу мүмкіншіліктері қарастыру, сонымен 
қатар алынған комплекстің құрылым түзуші қасиеттерін зерттеу.
Хитозан және полиакрил қышқылы негізіндегі ИПК бастапқы 
полимерлер хитозан және полиакрил қышқылының эквимолярлы 
ерітінділерін 0:10, 1:9, 2:8, 3:7, 4:6, 5:5, 6:4, 7:3, 8:2, 9:1, 10:0 көлемдік 
қатынастарында араластыру арқылы дайындалынды.
ИПК түзілуі, құрылымы және қасиеттері кондуктометрия, рН-метрия
спектрофотометрия және динамикалық лазерлік жарықшашырату әдістерімен 
зерттелді.
Зерттеудің электрохимиялық және оптикалық әдістерінің нәтижесі
хитозан және полиакрил қышқылы арасында полиэлектролиттік комплекстің 
түзілгендігін көрсетті. Интерполимерлі комплекстің түзілуі тұнба түзілуімен 
сипатталды. Сонымен қатар осы көлемдік қатынастардың ішінде 
[ХТЗ]:[ПАК]= [1]:[9] ең тиімді қатынас екендігі де дәлелденді.
Полиэлектролиттік комплекс хитозан молекуласының оң зарядталған 
амин тобымен полиакрил қышқылының теріс зарядталған карбоксил 
тобының иондық байланысуы нәтижесінде түзіледі.
Алынған интерполимерлі комплекс Талдықорған облысының 
топырағының құрылымдық қасиеттерін арттыру мақсатында қолданылуда. 
[ХТЗ]:[ПАК]= [1]:[9] қатынасындағы интерполимерлі комплекс еңгізілген 
топырақ құрылымының сумен шайылуға тұрақтылығы зерттелді. Зерттеу 
нәтижелері аталған комплекстің топырақ бетінің беріктілік қасиеттін арттыра 
отырып, оның сумен шайылуға тұрақтылығын жоғарылататындығын айқын 
көрсетті.
Алдағы уақытта алынған ИПК топырақ құнарлылығын арттыруға, өнім 
өсу көлеміне қалай әсер ететіндігін зерттеуге бағытталған жұмыстар 
жүргізіледі. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы 
264 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет