ОҢТҮСТІК - ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЙБІР ӨСІМДІКТЕРІН
ФИТОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Оңалбек Д.
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент Ескалиева Б.Қ.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
dami_6@mail.ru
Қaзіргі уақытта өсімдік шикізaтын фaрмaцевтикaдa жaңa жoғaры
эффективті биoлoгиялық белсенді кешен, фитoхимиялық сaрaптaу, және
препaрaттaрды тұндыру өзекті болып oтыр.
Зерттеу нысаны – Оңтүстік – Шығыс Қазақстан аумағынан, 2018 жылы
шілде-тамыз айларында жиналған
Agrimoniaasiatica, Gipsophilaperfoliata,
Erysimumcanescens, Urticadioica, Kochiaprostrata
өсімдіктерінің жер үсті
бөлігі.
Зерттеу барысында өсімдіктердің биологиялық белсенді заттарының
сандық құрамы, әртүрлі пайыздағы сулы-этанол (30%, 50%, 70%)
сығындыларының сапалық құрамы және антибактериалды белсенділігі
зерттелді. Негізгі ББЗ-ның сандық құрамының зерттеулері ҚР Мемлекеттік
Фармакопеядағы І әдістемелік нұсқаулар бойынша жүргізілді. Нәтижесінде
өсімдіктердің құрамында флавоноидтардың көп мөлшерде, алкалоидтар, бос
органикалық қышқылдар, кумариндер аз мөлшерде екені анықталды.
Сығындылардың
ішінде
70%-ды
сулы-этанол
сығындысының
(шикізат:экстрагент -1:6 (8), экстракция уақыты – 3 күн (72 сағат), бөлме
температурасында) құрамында ББЗ-дың мөлшері жоғары болатыны белгілі
болды. Екі жүйелі қағазды хроматография (ҚХ) әдісімен, арнайы
айқындағыштарды қолдану арқылы өсімдіктердің негізгі ББЗ-ы сапониндер,
фенолды қосылыстар, флавоноидтар, амин қышқылдары, моно-, олиго- және
полисахаридтер екені анықталды.
Стамбул университеті, медицина факультетінің зертханасында
(Стамбул, Түркия) 8 бактерияға қарсы белсенділігіне зерттеу жүргізілді.
Жүргізілген
сараптау
нәтижесінде
экстракттар
қолданылған
микроорганизмдер штаммдарына қатысты бактерияға қарсы белсенділіктің
кең спектрін көрсетті.
Agrimoniaasiatica,
Gipsophilaperfoliata,
және
UrticadioicaStарhуlососсusаurеus
және
Staphylococcusepidermidis
қатысты MIC
(0,0075 мг / мл) ең төменгі мәндерін көрсетті. Барлық өсімдік
Klеbsіеllарnеumоnіае, Еsсhеrісhіасоlі
ең маңызды бактерицидті мәндері болып
табылды.
Зерттеу
нәтижелерін
қорытындылай
келе
Agrimoniaasiatica,
Gipsophilaperfoliata,
Erysimumcanescens,
Urticadioica,
Kochiaprostrata
өсімдіктерінің құрамына салыстырмалы талдау жасалды.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
272
Достарыңызбен бөлісу: |