ИОНДЫ ЕМЕС БАЗ ҚАТЫСЫНДА МҰНАЙ ЭМУЛЬСИЯСЫН МИКРОТОЛҚЫННЫҢ ӘСЕРІМЕН ДЕЭМУЛЬСИЯЛАУ Оразғали Д.Т. Ғылыми жетекші:х.ғ.к., доц. Адильбекова А.О. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Мұнай өндіру су-мұнай эмульсияларының түзілуімен бірге жүреді, ал
олардың басты мақсаты кәсіптік мұнай дайындау. Қазіргі уақытта мұнай
эмульсияларын бөлудің ең көп таралған тәсілі термохимиялық сусыздандыру
болып табылады. Термохимиялық сусыздандырудың бір түрі деп су-мұнай
эмульсиясына микротолқынның әсерін атауға болады. Микротолқындар су-
мұнай
эмульсиясына
әсер
еткен
кезде
мұнай
температурасы
су
температурасынан екі есе жылдамырақ және қатты жыныстардың
температурасынан 10-20 есе жылдамырақ артады. Бұл жүйеде классикалық
қыздыру әдістеріне қарағанда айтарлықтай жоғары. Микротолқынды әсер
қуатты молекулааралық байланыстар болған кезде орта молекулаларының
дипольді айналуын қозғайды, бұл қоса берілген өріс пен индукцияланған пікір
арасында гистерезистің пайда болуына әкеледі, ал осының салдарынанэнергия
қоры релаксация кезінде жылу түрінде бөлінеді. Теориялық түрде мұндай өңдеу
мұнай эмульсиясын оның құрамдас компоненттеріне (мұнай, су) неғұрлым
тиімді бөлуге әкелуі тиіс.
Жұмыста оксиалкилденгенионогенді емес БАЗ-дарДисолван және Basorol
P123деэмульсиялау
әсері
зерттелді.
Мұнай
эмульсиясын
қарапайым
микротолқын пешінде 120, 460 және 700 Вт қуаттылық аралығындағы
сусыздандыру дәрежесі анықталды.
Микротолқындық деэмульсиялау әдісінің тиімділігін салыстыру үшін
классикалық термохимиялықәдіс, яғни, термостат көмегімен тәжірибе
жүргізілді. Термостатта Дисолвандеэмульгаторының қатысында мұнай
эмульсиясынан екі сағат ішінде 60
0
С температурада W=94,2% су бөлінсе,
микротолқындық пеш арқылы сусыздандырудәрежесі 120Вт қуаттылығында 45-
сек-та W=14,5%, 460Вт қуаттылығында 30-сек-та W=57,9% және 700Вт
қуаттылығында 26 сек-та W=100% су мөлшері бөлінді.
Basorol P123 деэмульгаторының қатысында термостат аппаратында 60
0
С
температурада екі сағат ішінде сусыздандыру дәрежесі W=54,3% болса, ал,
микротолқындық пеш арқылы мұнай эмульсиясын өндегенде 460Вт
қуаттылығында 30 сек-та W=32,6% және 700Вт қуаттылығында 56 сек-та
W=65,2 % су мөлшері бөлінді.Алынған нәтижелер бойынша сараптама
жүргізілді, сонымен Basorol P123 пен Дисолвандеэмульгаторларының мәндерін
салыстырғанда Дисолвандеэмульгаторыныңсусыздандыру мәні жоғарырақ. Әр
түрлі кен орындарының мұнайлары индивидуалдық қасиетке ие, сол себепті
Жаңаөзен мұнайына Дисолвандеэмульгаторын қолдану тиімдірек және де осы
микротолқындық сәулемен сусыздандыру әдісі арқылы практика жүзінен қысқа
уақыт ішінде 100 % су бөле алатынымыз анықталды.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
273