ӘР ТҮРЛІ МҰНАЙДЫҢ ҚАЛДЫҚТАРЫН ТОТЫҚТЫРУ АРҚЫЛЫ БИТУМДАР АЛУ Сағынғазин Ш.А. ғылыми жетекші: х.ғ.к., аға оқытушы Аққазин Е.А. Қазақстан, Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан
Республикасындағы
автомобиль
паркінің
көбеюіне
байланысты автожол құрылысын кеңейту өзекті мәселе болып табылады.
Битумдарды пайдалану ауқымының артуы оны өндіру көлемінде арттыруды
қажет етеді. Битумға деген қажеттілікті қамтамасыз ету үшін әр түрлі
мұнайдан және парафинді мұнай қалдықтарынан битум алу процесін жүзеге
асыру үшін тиімді тәсілдер әзірленеді. Мұнай шикізатын тотықтыру процесі
барысында жүргізілген зерттеулер битумдарды анықтауға және олардан
қасиеті жақсартылған битумдар алудың аса тиімді жолдарын ұсынуға
мүмкіндік береді.
Жұмыстың мақсаты - әр түрлі мұнайдан және парафинді мұнай
қалдықтарынан битум алу процесін жүзеге асыру үшін тиімді тәсілдерді
әзірлеу және мұнайлы шикізатты тотықтыру процесіне түрлендіргіш ретінде
резина үгіндісін қосудың тиімділігін зерттеу.
Ресей гудронын 240
С температурада ауа қатысында, резина үгіндісін
қосып, 2,5-3,0 сағат тотықтырылды. Ауа шығыны 6-8 л/мин.
Құрамындағы резина үгіндісі мөлшері 7 мас. % және 10 мас.
Ресей
(Саратов) гудронын 2,5-3,0 сағат тотықтырғанда алынған өнімнің техникалық
көрсеткіштері құрылыс битумдарының БН 50/50 және БН 70/30
маркаларының стандартты сипаттамаларына сәйкес келді.
Процесс барысында төмен температураларда 240
С-қа дейін газтәрізді
күкіртті қосылыстардың көп мөлшерде бөлінгендігі байқалмады. Бұл осы
процесті жүргізу арқылы резина үгіндісін мұнай битумдарын алу үшін
көмірсутек шикізатын түрлендіргіш ретінде пайдалануға болатынын
көрсетеді.
Алынған нәтижелер резина үгіндісін қосып, битум алу процесінің
ұзақтығын қысқартуға және процесті жүргізу режимдерін жұмсартуға
болатындығын көрсетеді. Әдебиеттегі мәліметтер бойынша, ауыр мұнай
қалдықтарын тотықтырып, битум алу процесі ұзақ уақытта (8-12 сағат) және
250-270
С температурада жүзеге асады. Бұл жұмыста мұнайлы шикізатты
тотықтыру процесінің өту уақыты қондырғының конструкциялық
ерекшеліктеріне және резина үгіндісін қосу нәтижесінде бірнеше есе
қысқарады. Мазутты тотықтыру процесін 2,5-3 сағатта төменірек
температурада жүргізіп, бастапқы шикізаттың табиғатына байланысты
құрылыс битумның әртүрлі маркасын алуға мүмкіндік береді.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
276