«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы



Pdf көрінісі
бет30/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#90083
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы 
277 
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ 
ЖӘНЕ ЭРОЗИЯДАН ҚОРҒАУ ҮШІН ИПК АЛУ 
 
Тұрсынов Н.Н. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент Мұсабаева Б.Х. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
tursynov_2412@mail.ru
 
 
Жұмыстың мақсаты: Семей қаласының топырағына мониторинг 
жүргізіп, эрозиядан қорғау үшін интерполимерлі комплекс (ИПК) алу. 
Қазақстандағы жел эрозиясына ұшыраған жер көлемі Р. Жанпейісовтың 
мәліметі бойынша, 70 млн. га астам, оның 52 млн. га астамы жел эрозиясына 
бейім болса, 18 млн. га астамы су эрозиясына ұшыраған. 
Эрозия салдарынан топырақ құнарлығы төмендеп, қарашірігі мүлде 
жоғалып кетуі мүмкін. Кеуектілігі төмендеп, тығыздығы артады, су 
өткізгіштігі нашарлап, топырақтағы су қоры төмендейді. Эрозия кезінде 
қатты соққан жел жердің үстіңгі қабатындағы топырақты ұшырып алып 
кетеді, дақылдардың тамыры ашылып қалады. 
Мониторинг жүргізу әдістері бойынша келесі нәтижелер алынды: 

далалық ылғалдылық 10,5 %;

су бойынша нақты қышқылдылықpH= 7,575
±
0,060;

KCl бойынша (тұз сығындысы) алмасу қышқылдылығыpH= 
7,325
±
0,053; 

гидролитикалыққышқылдылық 0,4834мг·экв
;

органикалық заттар мөлшері 4,3
±
0,3 %;

гумус мөлшері 2,20
±
0,02 %;

алмасу аммонийінің мөлшері NH
4

= 0,64
±
0,05 мг/100 г;

Кирсанов бойынша фосфордың жылжымалы мөлшері P
2
O
5

2,36
±
0,04 мг/100 г; 
Катиондыполиэлектролит хитозан және аниондыполиэлектролит натрий 
карбоксиметилцеллюлозабиополимерлер 
арасындағы 
комплекстүзілу 
зерттелді. Кондуктометрия және ИК-Фурьеспектроскопия әдістерімен 
түзілген интерполимерлі комплекстің құрамы анықталды. 
Біздің зерттеуде ХТЗ және Na-КМЦ комплекс түзілуінің визуалды дәлелі 
– судажәне қышқыл ерітінділерде ерімейтін тұнбасы түзілді (рН=4,5-5,5). 
ИПК алынған тұнбасы иіссіз ақ гель тәрізді масса, центрифугалау кезінде 
тұрақтылықты көрсетті, ИПК құрамы [30]:[70] болып шықты. 
[ХТЗ]:[Na-КМЦ] =[30]:[70] қатынасы кезінде ɛ-потенциал нөлдік мәнге 
жуық 
болады, 
макромолекулаларының 
гидрофобты 
немесе 
электростатикалық өзара әрекеттесуімен байланысты болуы мүмкін, яғни 
кооперативтік кешенді құрылымын көрсетеді. 
Алынған ИПК топырақ эрозиясымен күресу үшін пайдаланатын болады. 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы 
278 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет