«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы


ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛІК ЗАТТЫ ИММОБИЛИЗАЦИЯЛАУ



Pdf көрінісі
бет27/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#90083
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛІК ЗАТТЫ ИММОБИЛИЗАЦИЯЛАУ 
 
Рахымбаева П. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.д., профессор Мусабеков К.Б. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
 
rahymbaeva.peryzat@mail.ru
 
 
Туберкулез ауруын емдеу жағдайындағы негізгі басты мақсат 
организмдегі аман – сау тұрған жасушаларға тимей, зақымданған 
жасушаларды таңдамалы түрде емдеу немесе жою болып табылады.Осыған 
байланысты қазіргі заманауи медико – биологиялық полимерлер 
химиясының өзекті мәселелерінің бірі – полимер түріндегі гелдің құрылысын 
өзгерту арқылы онда иммобилизацияланған туберкулезге қарсы дәрілік 
заттың созылмалы әсер ететін (пролонгацияланған) түрін ойлап табу болып 
табылады. 
Бұл мәселені шешудің бір жолы - препараттарды био-үйлесімді 
полимерлі гидрогельдерде иммобилизациялау. Полимерлі микрокапсулалар 
дәрілік препараттың аз мөлшерде баяу, жылдамдығы бақылауда болатын 
диффузиялану көмегімен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Полимерлі 
гидрогельдерді жасау үшін көбінесе табиғи полимерлер,яғниальгин 
қышқылының натрий тұзы (Na-альгинаты), желатин кеңінен қолданылады. 
Осы жұмыста гидрогельдердің суды ұстап тұру қабілетіне Ca-
альгинаттың табиғи полимермен,желатинмен модификациясының әсері 
зерттелді. 
Әр 
түрлі 
мөлшердегі 
желатинмен 
дайындалған 
Са-
альгинатыныңгидрогельдеріNa-альгинаты 
мен 
аты 
аталған 
табиғи 
полимермен дайындалған қоспасының СаСl
2
сулы ерітіндісіне енуі (тамшы 
түрінде) арқылы алынды. Ары қарай алынған микробөлшектердің кебу 
кинетикасы және сол кепкен микробөлшектердің суда және NaCl –
ерітіндісінің pH – тың 1.2;5.0;7.4 мәндерінде ісіну кинетикасы зерттелді. 
Тәжірибелер T = 293K жүргізілді.Құрамында желатині бар кальций 
альгинаты микробөлшектердің pH – тың мәні өскен сайын ісіну қабілетінің 
артатыны байқалды. Бұл белоктың функционалды топтарының ортаның pH – 
на байланысты күшті диссоциациялануымен байланысты. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы 
275 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет