МҰНАЙБИТУМДЫ ЖЫНЫСТАРДАН СИНТЕТИКАЛЫҚ МҰНАЙ АЛУ Умбетжанова К.Е., Тулегенова Д.Б., Мухамеджан А.Д. Ғылыми жетекшісі: доцент м.а. Тілеуберді Е. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті umbetzhanova@bk.ru Энергетикалық қорды пайдаланудың және елдегі экономикалық
жағдайдың одан әрі өсуі мұнай өнімдеріне тәуелді екенін көрсетті. Мұнай
мен мұнай өнімдерінің жетіспеушілігі энергияны үнемдеуге және
энергияның басқа ресурстарын іздеуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі мұнай
қорының шектеулі болуы, мұнайөнімдерін қолдану жоғары қарқынмен өсуі
және мұнай шикізатына бағаның өсуі көмірсутек шикізатына баламалы
көздерді іздеу керектігін көрсетті. Мұнайбитумды жыныстар (МБЖ)осындай
бағалы көздердің бірі болып саналады.
Қазақстанда 100-ге жуық мұнайбитумды жыныстар, битум және ауыр
мұнай кен орындары бар. Бұл зерттеу жұмысына Ақтөбе облысында
орналасқан Дөңгелексор кен орындарыныңмұнайбитумды жыныстары
қолданылды. Термиялық өңдеу мұнайбитумды жыныстарды одан әрі
өнеркәсіптік пайдалану үшін оның әлеуетті қолданылуына және
салыстырмалы қол жетімділігіне байланысты өңдеу әдісі ретінде таңдап
алынды. Үлгінің минералды бөлігі өңдеу барысында жоғары температурада
катализатор ретінде әрекет етеді және процесті қосымша өнеркәсіптік
қоспасыз жүргізуге мүмкіндік береді.
Талдау нәтижесі Дөңгелексор кен орнының мұнайбитумды жынысының
құрамындағы судың мөлшері 0,891мас.%. екенін көрсетті. Сондай-ақ
мұнайбитумды жыныстарды термиялық өңдеу арқылы алынған өнімнің
элементтік құрамы анықталды. Суды бөлгеннен кейін элементтік талдау
синтетикалық мұнай стандарттарына қатысты үміт күттіретін нәтижелерді
көрсетті: С-84,96 %, Н – 12,33%, S – 0,591%, N – 0,231%, O – 1,888 %.
Тұтастай алғанда, термиялық крекинг Донгелексор кен орнының мұнай
құмдары үшін ыңғайлы өңдеу түрі болып табылатынын, ал алынған өнім
әлеуетті тауар және сала қажеттіліктері үшін перспективалы екенін
дәлелдейді.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
279