«JUNIPERUS SIBIRICA» ӨСІМДІГІНІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ
БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ САРАПТАУ
Құдайберген А.А.
Ғылыми жетекші: профессор, PhD Жеңіс Ж.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы.
aidana.kudaibergentegi@mail.ru
ХХ ғасырдан бастап дәрілік өсімдіктер мен олардан алынатын
препараттарға айтарлықтай назар аударыла бастады. Дәрілік өсімдіктерге
назар аударудың басты себебі – олардың жоғары терапевтикалық (емдік)
құндылығы, кері әсерінің аз болуы. Адам денсаулығын қорғау, ауруларға
медициналық көмек көрсету денсаулықты қорғаудың басты мәселесі болып
табылады. Жыл сайын қолданылатын дәрілік өсімдіктер саны өсуде.
Олардың ішінде қазіргі уақытта онкологиялық емдеуге, қан тамыры
ауруларына, туберкулез, қант диабетіне қолданылатын дәрілік өсімдіктерге
көп көңіл аударылуда.
Халық медицинасында
J. sibirica
өсімдігі дәрілік зат ретінде мұрын мен
тамақтың созылмалы ауруларын, бронхит, бауыр, қан қысымын төмендету
және несеп-жыныс жүйесінің жұқпалы ауруларын, сонымен қатар тері
ауруларын емдеуде кеңінен қолданылады. Сібір аршасы
J. sibirica
қазіргі
кезде мeдициналық және фaрмациялық тұрғыдaн мaңыздылығы зoр.
Арша — (лат.
Juníperus
) қылқан жапырақты бұта немесе ағаштардың
ішінде кипарис, яғни сауырағаштар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл
өсімдік.
Зерттеу нысаны
ретінде Алматы қаласы маңында өсетін сібір арша
өсімдігінің жер үсті бөлігі алынды.
Жұмыстың мақсаты:
арша (
J. sibirica
) өсімдігінің жер үсті бөлігінің
құрамы мен құрылымын зерттеу болып табылады. Өсімдіктердің негізгі ББЗ
– ның сандық құрамының зерттеулері мемлекеттік фармокопеядағы ХI
әдістемелік нұсқаулар бойынша жүргізілді.
Сібір аршасы (
J. sibirica
) өсімдігінің жер үсті бөлігін зерттеу
нәтижесінде шикізаттың ылғалдылығы – 2,42%, күлділігі – 6,67%,
органикалық қышқылдар – 0,51%, флаваноидтар – 16,16%, кумариндер –
0,32%, сапониндер – 1,74%, тері илегіштердің мөлшері – 2,66% болатындығы
анықталды.
Атомды – абсорбционды спектроскопия әдісімен өсімдіктен алынған
күлдің құрамынан келесі минералдар белгілі болды, нәтижесінде: Сібір
аршасының (
J. sibirica
) макро- және микроэлементті құрамы Са – 462,950
мг/г; К – 148,0075 мг/г; Nа – 16,3225 мг/г; Мg – 46,540 мг/г; Cu – 0,2184 мг/г;
Fe – 10,2278 мг/г; Zn – 2,1110 мг/г; Mn – 1,4014 мг/г, Pb – 0,1108 мг/г; Cd –
0,0402 мг/г; Ni – 0,4602 мг/г.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей Сібір арша өсімдігінің жер үсті
бөлігінде ББЗ негізгі кластарының біршама мөлшерде болатындықтан оның
емдік қасиеттерінің бар екендігін көрсетеді.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
268
Достарыңызбен бөлісу: |