124
математикалықтың
алдында
болады
және
математикалық
объектілердің қасиеттерін анықтайды.
Осы бағытты Аристотель жалғастырады. Ол платонның идеялық
дүниесін, сонымен қатар математикалық
объектілердің физикалық
емес тіршілігін жоққа шығарды. Аристотель үшін математика
объектілері- нақты дүниеден оймен басқа жаққа назар аудару.
Математикалық объектілерге нақты объектілердің көп түрлі
қасиеттерінен көңіл аудару ретінде көзқарас ХУП-ХУШ ғғ.
ғылымына да тән болды. Ньютон, мысалы, геометрияны «таза
математика» ретінде талқылаған, а.а. мүмкін болатын механикалық
қозғалыстың абстрактілі схемасы ретінде. Математика мәнінің
осындай тұжырымдамасы деректерге қарама-қарсы келді. Сондықтан
Лейбниц, математикалық абстракция нақтылықты көрсету қажеттілігі
туралы сұрақты қойған болатын. Математиктердің математикалық
бейнелердің нақты дүниеден бөлек екеніне көздері жетті.
Кейінірек
өзінің математикаға деген философиялық көзқарастарын И. Кант
(априоризм идеясы) және Г. Кантор (ақиқат туралы ойлар) ұсынған.
ХІХ ғ. басында О. Коши математикаға тіршілік ету теоремаларын
енгізген, олар математикалық объектінің статусын түсінуде жаңа
кезең ретінде болды. Математикалық тіршілікті түсінуде алдыңғы
қатарға логикалық жағдай шыға бастады, сыртқы эмпирикалық жағдайға
негізделмей, өз математикалық анықтамалар негізінде қандай да бір
жорамалдың мүмкіндігін негіздеу талабы.
ХІХғ. аяғында математика, эмпирикалық нақтылыққа тікелей
байланысты емес, ерекше ғылым ретінде анықталды. Ол логикалық
қарама-қайшы емес талап-тілектерді қанағаттандыруға тиісті болды.
Математика анықтамаларының қарама-қайшы
еместігінің талап-
тілектері, осы қарама-қайшы еместікті негіздеудің тиімді әдістері
көрсетілмегеніне дейін декларативті болады. Осыдан ХІХ ғ.
математиканы негіздеу мәселесі туындайды. Сол кезеңде математиканы
негіздеуге бірінші талпынысы ретінде, Кантордың жасаған көптілік
теориясына математикалық теориялардың барлығын келтіруге болатын
ойы пайда болған. Қаншалықты қарапайым көрінсе де, ол мүмкін
болмады. Мысалы, Б. Рассел көптілік теориясы мен оның негізгі
ұсынымдарының бастапқы ұғымдарының анықтамаларынан туындайтын
логикалық қарама-қайшылықты байқаған. Оның мәні келесіде. Көптілік
теориясының
негізгі қағидаларына сәйкес, осы теорияға «барлық
көптіліктердің көптілігі» және «өз элементі ретінде болмайтын барлық
көптіліктердің көптілігі» сияқты объектілерді енгізуге болады. Берілген
қағидаларға сәйкес келесі пікірді атауға болады - «өз элементі ретінде
болмайтын барлық көптіліктердің көптілігі» өз элементі ретінде
есептелмейтін барлық көптіліктердің көптілігіне жатады. Осындай пікір