Карбозова булбул давлетханкызы


 Омонимдерді оқытудың ерекшеліктері мен әдістері



Pdf көрінісі
бет71/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

3.2 Омонимдерді оқытудың ерекшеліктері мен әдістері 
Тілді оқыту әдістемесі педагогика ғылымының даму үрдісі мәнмәтініндегі 
білім концепциясындағы өзгерістерді қамти отырып, өз алдына жаңа міндеттер 
жүктеп отыр. Қазіргі білім беру ісіндегі концептуалды өзгерістер мен жаңа 
көзқарастар тілді, тілдік бірліктермен байланысты ұғымдарды меңгертуде 
оқыту нәтижесінің сан қырлылығын талап етеді. Жоғары оқу орнындағы білім 
алушының білім нәтижесін тек білімнің мазмұндық бөлігін игерумен ғана 
шектеуге болмайтындығы бүгінгі әдістеме ғылымында басы ашық жайт. Осы 
себепті де, білім алушының білім нәтижелеріне жету жолындағы оқу/іздену 
әрекеттері мен ойын жинақтау, жүйелеу, негіздеу, дәйектеу, жеткізу, дәлелдеу 
сияқты танымдық әрекеттері барысындағы іс-дағдыларын қалыптастыру мен 
орнықтыру – қазіргі оқыту үдерісінің кешенді нәтижелерінің құрамдас бөлігі 
саналады. Тілдегі омонимия құбылысы, жоғарыдағы тарауларда айтылғандай, 
экстра және интралингвистикалық факторлардың нәтижесінде пайда болатын 
құбылыс. Осы жайттың пайда болу жолдары мен олардың лингвистикалық 
сипатын ғылым дамуының қазіргі антропоөзекті парадигмаларымен
сабақтастыра түсіндіру жолында омонимдерді жалаң құрылымдық-формалық 
құбылыс емес, күрделі когнитивтік-семантикалық үдеріс нәтижесі ретінде 
пайымдауды қажет етеді. Осы ғылыми сабақтасқан білімдер жүйесін 
меңгертуде қазіргі таңда қазақстандық білім кеңістігінде кеңінен қанат жайған 
педагогикалық технологиялар мен әдістердің жаңа мүмкіндіктерін тиімді 
пайдалану – қазіргі қоғам сұранысына жауап беретін толыққанды тұлға 
қалыптастыруға ықпал етеді. Осы мақсатта қазіргі жаңа педагогикалық 
технологиялардың лингвистикалық білім мазмұнымен тиімді сабақтастыру 
жоғары оқу орнында берілетін білімнің игерілу коэфицентін арттыруға негіз 


108 
болады. Шындығыда да, педагогикалық технологиялар – оқытушының кәсіби 
әрекет аймағын жаңартушы және сатылы, өзара тығыз байланыста 
жоспарланған жаңа мазмұндағы нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-
әрекеттер көзі. Мұның өзі жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың 
екі түрлі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт 
тұрғысынан алып қарасақ, жаңа технологиялар білім, білік, дағдыны 
қалыптастыру үшін қажетті ресурс болып табылып, білім алушылардың дербес 
сапалық қасиеттерінің қалыптасуына, білімді сапалы алуына жағдай жасайды
ал екінші бағыт тұрғысында технологиялар оқу үдерісін ұйымдастыру 
тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. 
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасының 
жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау 
сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған 
инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және 
технологияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсете отырып, «Жоғары және 
жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің құрылымы бір-бірімен өзара 
келісілген бакалавриат, магистратура және докторантура арқылы кадрлар 
даярлау жүйесіне берілетін болады. Бакалавриатта жоғары білімнің білім беру 
бағдарламалары іске асырылады, онда алғашқы екі курс сәйкестендірілуі және 
жалпы міндетті пәндер (әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-
ғылыми) цикліне біріктірілуі тиіс. Содан кейінгі екі курста бакалавриатта 
дайындау базалық пәндер бойынша жүргізіледі, ал жоғары оқу орны 
компоненті шеңберінде бейіндік дайындау болуы мүмкін. 
Бакалаврлық білім беру мазмұны кең көлемді базалық кәсіптік даярлауды 
ұсынады және болашақ мамандардың іргелі пәндік білім алуларына, бұл 
бакалавр бітірушіні кәсіптік қызметтің жалпы интегралдық (пәнаралық) 
әдіснамасымен 
қамтамасыз 
етеді, 
болашақ 
мамандардың 
кәсіптік 
шығармашылығын дамытуға, өзіне-өзі білім беру қызметіндегі қажеттілікті 
қалыптастыруға бағытталуға тиіс» [158, 47 б.] – деп айтылған. Тұжырымдамада 
айтылғандай, қазіргі педагогикалық үдерістегі технологиялар жоғары білім 
алушы болашақ маманның шығармашылығын дамытуға, өз бетімен білім алуға 
(дағды қалыптастыруға) бағытталған. Бұл тұрғыдан алғанда жаңа 
технологиялар «ғұмыр бойғы білім» принципінен «ғұмыр бойғы баршаға 
арналған білім» үдерісіне көшудің алғышарты болып табылады.
Жоғары оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі 
мақсаты – болашақ маманның лингвистикалық білім сапасын көтеру, 
толыққанды интеллектуалды тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету. 
Омонимдік бірліктерді оқытуда әдістеме ғылымындағы дәстүрлі оқыту 
технологияларымен қатар, заманауи оқытудың озық технологияларын 
пайдалану арқылы жоғары оқу орындары филологиялық мамандықтардың білім 
алушыларына кешенді түрде оқыту арқылы омонимдердің табиғатын игертуге 
болады. Омонимдік бірліктерді оқыту барысында білім берудегі жаңа 
технологиялардың озық үлгілерін пайдалану ең алдымен оқытушыдан 
(зерттеуші немесе дәріскер) теориялық ғылыми-базалық білімінің күштілігімен 


109 
қатар әдістемелік-технологиялық біліктілігінің қуатты болуын талап етеді. 
«Қазіргі кезде білім жүйелерін технологиялық негізде құру – педагогикалық 
ғылым мен практиканың бағыты болып отыр» [159, 287 б.]. Тілдік бірліктердің 
қай-қайсысын оқыту барысында белгілі бір әдістемелік технологияны 
пайдаланбай өту мүмкін емес. Омонимдік бірліктердің танымдық құрылымын 
оқытудың негізгі әдістемелік проблемасына оқу жүйесінде орныққан 
заңдылықтар мен ұстанымдарды, заманауи оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін 
пайдалану арқылы сапалы білім мен танымдық дағдысын қалыптастыруға 
болады.
Омонимдік бірліктердің танымдық құрылымын оқытудың әдістемесінде 
білімнің сапалылығы оқытушының да оқыту технологияларының әдістері мен 
тәсілдерін шебер меңгеруінің нәтижесінде жүзеге асады. Білім берудегі тиімді 
әдістерді пайдаланудың артықшылығы туралы Ж.Н.Сүлейменова: «Оқытудың 
белсенді әдістерінің мақсаты – адамның технологиялық әрекеті негізінде адам 
факторының 
алға 
шығуына 
байланысты 
оқуда 
танымдық 
уәжді, 
қызығушылықты, серпінділікті, қарқындылықты қамтамасыз ету, оқыту 
үдерісін тұлғаның белсенді, шығармашылық, өзіндік оқу әрекетіне құру...» 
[160, 71 б.] арқылы белсенді әдістерді мақсатты түрде пайдалану арқылы білім 
мазмұнын арттыруға болатындығын айтады.
Білім беру жүйесіндегі технология «оқыту технологиясы» және 
«педагогикалық технология» деп екі түрге бөлінеді де, екеуі оқу үдерісінде 
әртүрлі дәрежеде қабылданғанымен, жарыса қолданылатындығы екі 
технологияның өзара тығыз байланыста болатындығын көрсетеді. Мұндағы 
оқыту технологиясы – жалпы білім берудегі оқыту мен кәсіби тұрғыдан 
дайындау барысында қолданылса, ал педагогикалық технология – білім беру 
кеңістігінің заңдылықтары мен ұстанымдарының тиімділігін арттыру яки 
оңтайландыру барысында қолданылатындығы белгілі. Ғылыми кеңістіктегі 
«оқыту технологиясы» немесе «педагогикалық технология» болмасын қазақ 
тілін жоғары мектепте оқытуда өзара бірлікте, жарыса қолданылып жүргендігін 
көруге болады. Сонымен қатар жалпы «технология» ұғымы «өндірістік 
технология» және «әлеуметтік технология» деген екі үлкен бағыттада 
қарастырылатындығы да белгілі.
Бүгінгі таңда жалпы педагогика мен әдістеме ғылымында көптеген 
заманауи жаңа инновациялық технологиялар қазақ тілін оқыту әдістемесінде 
қолданылып жүргендігі белгілі. Әдістеме ғылымында қолданыста жүрген 
инновациялық технологиялардың қай-қайсысы болмасын білім алушылардың 
жүйелі білім алуы мен дербес тұлғалық болмысын дамытуға ықпал ететіндігі 
сөзсіз. Қазіргі білім беру жүйесінде қолданыста жүрген омонимдік бірліктерді 
оқытуда тиімді деп саналған төмендегідей технологияларды көрсетуге болады: 

интерактивтік модульдік технологиясы;

жүйелеп, деңгейлеп оқыту технологиясы; 

интербелсенді технология; 

сыни тұрғысынан ойлау технологиясы; 

дамыта оқыту технологиясы; 


110 

ақпараттық-коммуникациялық технология; 

сатылай кешенді оқыту технологиясы; 

жобалай оқыту технологиясы; 

проблемалы оқыту технологиясы,
 
т.б. секілді технологиялар оқу 
процесінде, соның ішінде ЖОО-да жалпы міндетті пәндер мен арнайы немесе 
таңдау пәндерін оқытуда белсенді қолданылып жүр. Аталған технологиялардың 
қай-қайсысы болмасын омонимдік бірліктердің танымдық құрылымын 
меңгертуде тиімділігімен қатар, білім мазмұнын игертуде өзіндік 
ерекшеліктерінің болатындығын көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет