48
түрлерімен қатар, оқушыларға ауысып отыратын топ құрамында жұмыс істеу ұсынылады.
Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалауды ықпалдастыру барысында оның
төмендегі қағидаттарын ескерген жөн:
-
ол оқу үдерісінің бір бөлігі («оқу үшін бағалау»);
-
барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары
барлық сыныптарда пәндер
бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);
-
бағалау белгіленбейді (таңба қойылмайды);
-
бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылады;
-
әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;
-
бағалау нәтижелері оқыту мен оқу сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін
қолданылады.
Сабақты өткізуге дейін сабақтың әрбір кезеңін қалыптастырушы
бағалау тәсілдерін
қолдану арқылы мұқият жоспарлау және әріптестерімен талқылау мұғалімдердің
қызметіндегі жақсы тәжірибе болып саналады. Сабақтан кейін сабақ жоспары бойынша
қысқаша түсініктеме жазып, сабақты талдау, рефлексия
жасау мұғалімнің жұмысын
жетілдіре түседі. Бұл мұғалімге келесі сабақты жақсартып, онда қолданылатын әдіс-
тәсілдерді, жаттығуларды, ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар,
бұл басқа мұғалімдермен ақпарат алмасып, озық тәжірибелерімен бөлісуге жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: