Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 99 Бастауыш сыныптарда көркем еңбек сабақтарында декоративті сурет салу
барысында оқушылар мұғалімнің басшылығымен алдымен кезеңдерге бөлінген
сызбанұсқа бойынша өрнек құрастыруды үйренеді. Бұл ретпен
тапсырмалардың біреуі ғана орындалуы мүмкін, келесісін басқаша өткізу
қажет. Тапсырма орындалуының әдістемелік ретін көрсеткеннен кейін, мұғалім
келесі тапсырманы оқушылардың өз беттерінше орындауларына, яғни
балалардың шығармашылықпен айналысуларына мүмкіндік беруі тиіс. Бұл
оқушылардың бойында шығармашылық көзқарастың және өзіндік бастама
жасау қабілеттерінің дамуына жағдай жасайды. Бастауыш сыныптарда
оқушылардың әрдайым тек мұғалімнің көмегімен, басшылығымен жұмыс
істеуінің нәтижесінде, олардың бойында енжарлықтың, селсоқтықтың
қалыптасатынын ұмытпау қажет. Балалар әрдайым мұғалімнен көмек күтетін
болады және өз беттерінше жұмыс істеу қорқынышы пайда болады. Бұндай
жағдайда қолжетімділік және күш жетерлік принципі кері әсерге ие болады.
Кері әсерді болдырмау үшін мұғалім сыныптағы әр оқушының неғұрлым
жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасауы тиіс.
Тапсырмаларды саралау қолжетімділік және күш жетерлік принципін
жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады, яғни әр оқушының жеке
қабілетін ескеріп отыру қажет. Қабілеті төмен оқушыларға біліміндегі
олқылықтарды толықтыруға және негізгі жұмысты орындауға көмектесетін
неғұрлым жеңіл тапсырмалар беруге болады, қабілеті жоғары оқушыларға
қиындығы жоғары тапсырмалар беріледі.
Білімді меңгерудегі беріктік принципі. Бұл принципті жүзеге асырудың
маңызды шарты сабақтың мақсатын дәл көрсету болып табылады. Мұғалім
сабақтың басында оқушылардың сабақ соңында қандай нәтижеге жетулері
керек, осы уақыттың ішінде қандай білім және біліктер алуы керек екені туралы
айқын түсініктерді балалардың бойында қалыптастыруы керек.
Білімді меңгерудегі беріктік принципі ақпараттар санымен тығыз
байланысты. Оған қайталау, жүйелі машықтандыру жаттығуларын бекіту,
лабораториялық жұмыстар жүргізу және техника қауіпсіздігі ережелерін
орындау арқылы ойдағыдай қол жеткізіледі.
Бұйымдарды, суреттерді, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды
дұрыс таңдау, шығармашылық мақсаттар қою, өздігінен жұмыстар жүргізу
кезінде арттырылатын оқуға деген ықылас білім және біліктерді меңгерудің
беріктігіне үлкен әсер етеді.
Теорияның тәжірибемен байланысы принципі. Бұл байланыс көркем еңбек
сабақтарында екі жақты сипатта болады. Бір жағынан балалар математика,
дүниетану және т.б. сабақтарда алған білімдерін, сондай-ақ көркем сурет
сабақтарында алған техникалық құжаттар, құралдар, материалдар туралы
білімдерін тәжірибеде пайдаланады. Сонымен бірге, теориялық білімдер
тәжірибелік біліктерінде жүзеге асырылады.
Екінші жағынан, оқушылардың алдына шамалары келетін мәселелер қоя
отырып, мүғалім балаларды тәжірибелік біліктерін жаңа теориялық
білімдермен толықтыруға мәжбүрлейді (тәжірибелер, лабораториялық