3.Диетотерапия Тыныс алу жүйесі аурулары кезіндегі диеталық терапияның басты
қағидалары негізгі метаболикалық терапияны ұсынады – тәуліктік көп
мөлшердегі ақуызды жеке оңтайлы диета (жоғары ақуызды диета - ЖАД)
[10,11].
Диета (үстел №13) - жоғары энергетикалық құндылығымен (2080–2690
ккал), толыққанды ақуыздардың жоғары құрамымен - 110–120 г (оның ішінде
жануарлардан алынғаны 60%), майлар 80–90 г және көмірсулар физиологиялық
қалыпты мөлшерде 250–350 аралығында (өршу кезінде көмірсулардың мөлшері
200-250 г дейін төмендетеді) сипатталады.
Жоғары ақуызды диетаны ұстана отырып, А, С, В тобындағы
дәрумендерге бай (бидай кебегі мен итмұрын қайнатпасы, бауыр, ашытқы, жаңа
піскен жемістер мен көкөністер, олардың шырындары), сондай-ақ кальций,
фосфор, мыс және мырыш тұздарының мөлшерін көбейту қарастырылған.
Тәбеттің жақсаруына көкөністер, жемістер, жидектер мен олардың
шырындары, ет және балық сорпаларын қосу ықпал етеді.
Ас тұзын тәулігіне 6 г-ға дейін шектеу қабынуға қарсы әсерін тигізеді,
экссудацияны, ағзадағы сұйықтықтың сақталуын азайтады және сол арқылы
өкпе жүрегінің қалыптасуында қан айналымы жеткіліксіздігінің дамуын
болдырмайды. Диетада бос сұйықтықтың шектелуі қарастырылады, бұл
бөлінетін қақырықтың мөлшерін азайтуға және жүрек-қантамыр жүйесіне
аяушылық жағдайын жасауды қамтамасыз етуге көмектеседі.
Дәмдеуіштер, маринадтар, құрамында эфирі бар көкөністер, азық-түлік
аллергендері (цитрусты жемістер, ара шаруашылығы өнімдері, теңіз өнімдері,
шоколад, ет және балық консервілері), сондай-ақ жоғары гликемиялық индексі
бар өнімдер тамақтану рационынан шығарылады, термиялық және химиялық
қорғаныштық қағидалары сақталады.