Сауықтырушы фитнес. Төменгі
интенсивті
жаттығулар
функционалды резервтің кем дегенде 50% -ы болуы үшін орындалуы қажет.
Ауру және өте әлсіздерінен басқа дайындығы жоқ студеннтерге арналған.
Төменгі интенсивті физикалық жаттығулар жалпы дамыту жаттығулар
ретінде ұсынылады.
Физикалық фитнес (базалық) физикалық жағдайды дамытуға, ауру
туу қаупін азайтуға бағытталған. Мұнда берілетін жүктеме орташа
интенсивті болуы керек.
Шейпинг сабақтарының барысында физикалық жаттығулардың
интенсивтілігі жеке бастылық ерекшелікке сай мөлшерленеді, тек сонда ғана
ол айтарлықтай эффект береді.
Терренкур. Жергілікті жерлерде әр түрлі иілу бұрыштарын және
қозғалыс темпін жасай отырып мөлшерлеп жүру. Қозғалыс темпі минуттағы
қадам мөлшерімен анықталады.