65
Газет мақалалары тақырыпаттарында кездесетін оқырман
назарын аударушы құралдар тілдік және тілдік емес деп екіге бөлінеді.
І. Тілдік емес құралдар:
1)
Графикалық – өзгеше шрифтпен бөліп көрсету және арнайы
графикалық құралдарды қолдану тәсілдерімен жүзеге асырылады.
2)
Ақпаратттық – оқырман көңілі
тақырыпатта келтірілген
қызықты және қажетті деген ақпараттың көмегімен баурап алынады.
3)
Мағыналық – тақырыпатта жұмбақтық, алдамшылық сияқты
түрлі тәсілдерді қолдану.
ІІ. Тілдік құралдар:
1)
Лексикалық;
2)
Сөзжасамдық;
3)
Морфологиялық;
4)
Синтаксистік;
5)
Стилистикалық [75, 12].
Тақырыпат пен мақала мәтіні мазмұн жағынан орайлас
болуымен қатар стильдік тұрғыдан да тығыз байланыста. Мақала
атауының
болмыс-бітімі, композициясы мен ырғағы оның мәтінінің
оқырман тарапынан стильдік тұрғыда қандай сарынмен қабылдануына
негіз салатын факторлар болып табылады. Қазақ мерзімді басылым
беттерінде тілшілер тарапынан тақырыпаттарда
жиі қолданылатын
тәсілдерге прецедентті құрылымдар (мақал-мәтелдер, фразеологизмдер),
окказионализмдер, стилистикалық бояма лексика, троп және фигура,
тілдік қайталамалар,
парцелляциялық құрылымдар, поэтикалық тіл
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: