Хрестоматия



Pdf көрінісі
бет16/38
Дата07.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#96909
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
kyraubaeva alma ezhelgi duir debieti khrestomatiia

Ақыл, білім, тіл жайында 
144. Тәңірі адамдарды жаратты, үздік етті,
Оған өнер, білім, ақыл, ой берді. 
145. Көңіл берді әрі тілін сайратты. 
Ұят берді: (сондықтан) мінезі мен қылығы сынық. 
146. Білім берді: адам бұл күндері [шырқау] биікке


134 
көтерілді. 
Ақыл берді: осының арқасында [шешілмейтін] түйін 
шешілді. 
147. Құдай кімге ақыл, ой, білім берсе,
Мың сан ізгілікке қол созады. 
148. Білімді биік, ақылды ұлық деп есепте. 
Бұл екеуі [Алланың] таңдаулы құлдарын [асқар] 
биікке шығарады. 
149. Бұл сөзге айғақ мынадай сөз келіп жетті.
Сол сөзді тыңда. Менің сөзімнен артығырақ, 
150. Ақыл қайда болса, ұлықтық [сонда] болады. 
Білім кімде болса, [абырой-атағы] жоғарылайды. 
151. Ақылды ұғады, білімді біледі.
Білімді, ұғымды тілегіне жетеді. 
152. Білім мәнісін біл. Білімді не деп айтады?
Білім алса, соның арқасында адам аурудан арылады. 
153. Білімсіз кісілердің барлығы – ауру,
Ауруды емдемесе, адам тез өледі. 
154. Кел бері, ей білімсіз, ауруыңды қарат,
Білімсіздік – сор, ал білімділік – бақыт. 
155. Ақыл – мұрындық. Оны [бұйдалап] жетелеген ер 
Тілегіне жетеді. Мың сан арманына жол табады. 
156. Ер ақылға [ие] болса, [сынап] көр, пайдасы көп, 
[Оған] білім қосылса, қадір-қасиеті артады. 
157. Көрікті істердің барлығы да ақылменен істелген, 
Бектер бұл дүниеде білімімен ерекше [сый-құрметке 
бөленген]. 
158. Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл. 
Ердің мерейін көтеретін жүйрік тілді біл. 
159. Тіл кісінің абыройын арттырады, бақыт әпереді.
Тіл кісінің беделін түсіреді, басын жарады. 
160. Тіл – арыстан, көрмейсіз бе, есігіңде жатыр.
Ей, үйде отырмын деп алданушы, басыңды жейді.
161. Тілін тақылдатқан кісі не дейді, тыңда. 


135 
Бұл сөзді іске асыр. [Әрдайым] өзіңе үлгі ет. 
162. Мені тіл аса көп азапқа салды.
Басым кесілмес үшін тілімді кесейін. 
163. Сөзіңді күзет, басың кетпесін.
Тіліңді күзет, тісің сынбасын. 
164. Жұрттың тілі – сүйір, сені сөз етеді.
Кісінің қылығы – кір, етіңді жейді. 
165. Білімді [кісі] білім үйретті: тілге ие [бол].
Ей, тілдің иесі, басыңды күзет. 
166. Сен өзіңе есендік қаласаң,
Керегі жоқ сөзді тіліңнен шығарма. 
167. Тауып сөйлеген сөз білгенге саналады.
Білімсіздің сөзі өзінің басын жейді. 
168. Көп сөзден артық пайда көрмедім.
Және сөйлегеннен олжа таппадым. 
169. Көп сөйлеме. Аз сөйле бірер [ғана].
Мың сөздің түйінін бір сөзбен шеш. 
170. Кісінің сөзден [беделі] көтерілді, патша болды.
Көп сөз басты жерге тығып, күл етті. 
171. Көп сөйлесең, тіл безер мылжың дейді.
Және сөйлемей қойсаң, тілі жоқ мылқау дейді. 
172. Егер осылай болса, тіліңді ұстарт.
Тілін ұстартқан кісі [биікке] көтеріледі. 
173. Тіліңді күзетсең, басым күзетілді (де).
Сөзіңді қысқа етсең жасым ұзарды [де]. 
174. Тілдің талай пайдасы [да] бар, көп басылып қалма. 
Тіл ара-арасында мақталса, ара-арасында мың сөгіс 
[алады]. 
175. Демек, мұндай болса, [сөйлер] сөзіңді біліп айт.
Сөзің көр соқырға көретін көз болсын. 
176. Білімсіз – аты шулы соқыр. 
Кел, ей білімсіз, өнегелі білім ал.
* * * 


136 
227. Егер қолың ұзын болса, халықтың
Бәріне ісіңмен де, сөзіңмен де игілік ет. 
228. Жігіттік кетеді, тіршілік өшеді, 
Бұл түс сияқты дүниеден өзің көзді ашып-жұмғанша,
көшесің. 
229. Жанды [пырақ етіп] мін, қайыр-ізгілік жаса.
Ертең [о дүниеде] игі ас, киім-кешек болып оралады. 
230. Ізгі кісі не дейді, тыңда! 
Жортып жүріп өмір [алашасын] тоқыған ақыры өледі. 
231. Көрмейсің бе, дүниеде небір жайсаң ер туды.
Біраз [уақыт] жүрді де, қайтадан өлді. 
232. Бек пе, құл ма яки есті, ессіз бе?
Өзі өлсе, соқпақ [боп] аты қалады. 
233. Енді орын кезегі саған да жетті,
Барлық ізгілікті сен жаса, ізгі [болып] өл. 
234. Тірі өледі, ақыры жер төсенеді. 
Кісі ізгілікпен өлсе, көрмейсің бе, аты тірі. 
235. Екі түрлі ат тілде жүреді, 
Бірі – жақсы, бірі жаман [болып] дүниеде қалады. 
236. Ессіз – сөгіс, есті алғыс алады.
Қайсысын қалайсың? Өзіңді байқап көр... 
241. Қайсысын қаласаң, бірінің пұшпағын иле. 
Жаманды жақсы деп есептеп кейін өкінбе... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет