Хрестоматия



Pdf көрінісі
бет25/38
Дата07.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#96909
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
Байланысты:
kyraubaeva alma ezhelgi duir debieti khrestomatiia

Төртінші сөз: жомарттың қайырымдылығы және 
сараңның қассыздығы туралы 
225. Уа, дос, білімді [кісінің] жолын қу! 
226. Егер сөйлейтін болсаң, біліп сөйле. 
227. [Егер] мақтағың келсе, жомарт ерді мақта. 
228. Сараңға бөрі сияқтандырып оғыңды кезе. 
229. Барлық ел жомарттың жақсылығын айтады, 
230. Жомарттық барлық айыптың кірін жуады. 
231. Жомарт бол. Саған сөз де, сөгіс те келмейді. 


184 
232. Сөз келетін жолды жомарттық тыяды. 
233. Жібімейтін көңілді жомарт кісі жібітеді. 
234. Қол жетпейтін мұратқа жомарттың қолы жетеді. 
235. Сарандықты мадақтайтын тіл бар ма? 
236. Жомарттықты әрі зиялы, әрі қарапайым халық 
мақтайды. 
237. Көрдің бе, жомарт білімді жете меңгерді. 
238. Сол үшін малын сатып, мақтау алды. 
239. [Жомарттың арқасында] қорғансыздар жақсы 
өмір кешті. 
240. Дүниеде жақсы ат қалдырып өлді. 
241. Сараң арам [жолмен] көп алтын, күміс жинады. 
242. Обал арқалап өлді, оның үстіне қарғыс алды. 
243. Малын [өзге] кісілер үлесіп алды, 
244. Сараңның одан алған үлесі – өкініш. 
245. Уа, мал иесі, жомарт, ізгі ер, 
246. Құдай саған берген екен, сен де бер. 
247. [Байлықты] жинап бермеген кісі – жек 
көрінішті әрі жаман атты. 
248. Берсең – адал [сонда ғана] қанша жисаң жи. 
249. Мінездің жақсысы, әдеттің мінсізі – 
250. Біліп қой, жомарттық. Ол – сараңның айнасы. 
251. Қолдың бақыттысы – беруші қол. 
252. Алған, бірақ бермеген қол – қолдың құтсызы. 
253. Сараңдық – емдегенмен жазылмайтын ауру. 
254. Беруге [келгенде] сараңның қолы тастай берік 
255. Қанша жиғанмен, сараңның көзінің сұқы, 
көңілі тоймайды.
256. Ол – малдың құлы, мал – оның билеушісі. 
257. Жомарт ер – халықтың құрметтісі. 
258. Жомарттық абырой-атағыңды, ажар-көркіңді 
арттырады. 
259. Адамдардың арасында сүйіспеншілікке бөленгің 
келсе, 


185 
260. Жомарт бол. Жомарттық сені сүйіспеншілікке 
бөлейді. 
261. Сараң – нағыз ұятсыз. Малдың күзетшісі 
262. Жияды. Ішпейді. Жемейді. Тістеп ұстайды. 
263. Дос-жаранына сау жүргенде дәм-тұз 
татырмайды. 
264. Өледі. Қалады. Ақырында дұшпанына 
бұйырады. 
265. Және бір керекті сөзім бар саған 
266. Мен оны айтайын. Құлақ қой. 
267. Ол сөз – мынау. Тәкаппарлықты басыңнан 
шығарып, 
268. Кішіпейілділікті берік ұста. Одан мүлде 
айырылма. 
269. Тәкаппарлық – барлық елде жеккөрінішті 
қылық. 
270. Мінездің ең жақсысы – жуас қылық. 
271. Біреулер ұлықсынып, «Мен, Мен», – дейді. 
272. Ондай адамды халық та, Құдай да сүймейді. 
273. [Сараң] барлық жиған-терген дүние мүлкін 
274. Пайдаланбады. Өлді. Халін көріңіз. 
275. Әйелі басқа бір еркекпен қалып, 
276. Өзі [көрде] жатып, [малының] санын береді. 
277. Тәкаппар киімін кисең, тез таста! 
278. Халыққа көкірегіңді керіп, тіліңді түйреме! 
279. Мұсылмандықтың белгісі – көнбістік. 
280. Егер мұсылман болғың келсе, көнбісті бол. 
281. Көнбісті адамды тәңірі жоғары көтереді, 
282. Тәкаппарлық көрсететін адамды төмен 
құлдилатады. 
283. Ұлықсынба, абайла, ұлық бір Құдай, 
284. «Ұлықтық менікі. Сіз иеленбеңіз», – деді [ол]. 
Пайғамбар, оған Алланың нұры жаусын, 


186 
былай деген: «Алла кішіпейілдінің абыройын 
асырады, тәкаппардың құтын қашырады» 
285 (286). Ұлық болуға қол ұсынғаның, 
286 (285). Менменсінгенің малға байланысты болса, 
287. Малдың пайдасы немене? Жалаңаш өлесің. 
288. Кісең де, себетің де, сандығың да бұл дүниеде 
қалады. 
289. Егер мақтан иесі: «Менің тегім асыл», – десе, 
290. Мен оның жауабын кесіп айтайын. 
291. Бұл халық бір ата, бір анадан өрбіген
292. Өте байқап қараса, [бір-бірінен] айырмашылығы 
жоқ. 
317. Тегі асыл адамның мінезі де сүйкімді. 
318. Сүйкімді қылық көңілді еріксіз тартады. 
319. Бір ерден екінші ердің айырмасы үлкен 
320. Бірақ бір қарағанда бәрінің бөркі бірдей. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет