(Аударған Нұрлан Сағындықов)
ҚҰТБ
«Хұсрау-Шырын»
жазба
ескерткішінің
түпнұсқасы
Тінібек шаһзаданың тұсында 1341-42 жылдары жазылған.
Авторы – Құтб. Бұл түпнұсқа Париждің ұлттық кітапханасында
сақтаулы. Дастанның бізге келіп жеткен бір ғана көшірмесі бар.
Оны көшірген Берке Факиһ (Берке иби Беракез Кандуд иби
Едгу) – Мамлүк (Египет) мемлекетінде XIV ғасырдың екінші
жартысында өмір сүрген қыпшақ ақыны. Берке Факиһтің
279
көшірмесі 785 жылы сафар айында (жаңаша 1338 жылы сәуір
айында) жазылған.
«Хұсрау-Шырын»
дастаны
–
негізінде
әзірбайжан
халқының ұлы ақыны Низамидің парсы тілінде жазылған
«Хусрау уа Ширин» деп аталатын поэмасынан жасалған еркін
аударма. Бірақ Құтбтың бұл дастаны Низамиден түркі тіліне
жолма-жол, сөзбе-сөз аударылмаған. Низамидің композициясы
мен сюжетін толық сақтай отырып, еркін және творчестволық
жолмен, өз елінің өмір жағдайына сәйкестеп, өз халқының
түсінігі мен дағды-дәстүріне лайықтап барып жасалған аударма.
Дастанның көне түркі тілінен жасаған транскрипциясын
поляк ғалымы А. Зайончковский 1961 жылы латын әрпімен
жариялаған еді, ал қазіргі қазақ тіліндегі транскрипциясы мен
аудармасы оқырмандарымызға тұңғыш рет ұсынылып отыр.
«ХҰСРАУ-ШЫРЫНДАҒЫ» МАҚАЛ-
МӘТЕЛДЕР
Өз елгін санча білмаз, көңлі қорқар
Өз қолын шанша алмас, жүрексінер
Күгарчін учса органган йеріндін,
Есан болса, келүр сақыныб йувасын
Көгаршын ұшса үйренген жерінен,
Есен болса, келер сағынып ұясын
Бұғдай көргазіб, арпа сатар ол,
Чүрүң арпасынға буғдай қатар ол
Бидай көрсетіп, арпа сатар ол.
Ауып кеткен арпасына бидай араластырар ол.
Көб елні рай бірла алса болур,
Қылыч бірла теса, бозлур
280
Көп елді райменен алса болар,
Қылышпенен алайын десе, бұзылар.
Йарашмаз барча халда от бірла су.
Жараспас барша жерде от пенен су.
Егар қадғуда болсақ йа савүнчда,
Кечар давран, қалурбыз біз окүнчда
Егер болсақ қайғыда я сүйініште,
Өтер дәурен, қалармыз өкініште.
Барурбыз дуниадын барча начар,
Йігітлікда савінчдін йахшы не бар
Өтерміз дүниеден барша нашар,
Жігіттікте сүйініштен жақсы не бар.
Сүсүннүң аввалі хош сафи болур,
Ічар болса, өйұгі соңра қалур
Сусынның алғашқысы таза болар,
Ішер болсаң, қоюы түпте қалар.
Қайу аш кім бурун хош лаззаті бар,
Тойа барсаң, аның һам та мы кетар
Қай асты әуел жақсы ләззәті бар,
Тоя берсең, оның да дәмі кетер.
Бурунқы завқ һіч соңра табулмаз,
Қарылықда йігітлік қалса болмаз
281
Бұрынғы ашық көңіл соң табылмас,
Кәрілікте жігіттік қалса, болмас.
Місал бар «аңламаз ағу йутар» теб
Мысал бар «аңдамаған у ішер» деп
Қазан астында от, ол қайнамаз му,
Егар көб қайнаса, аш айнамаз му
Қазан астында от болса, қайнамас па,
Егер де көп қайнаса, ас айнымас па.
Місал айтүр: «бөрі қуйматқа кім қой,
Мен өлтүрдүм, йеді түлкү, мені қой.
Мысал айтар: «бөріні бақташы қой,
Мен өлтірдім, деді түлкі, мені қой.
Қамуғ күнларнің аты йаз болмаз,
Қамуғ сағатда ахыр наз болмаз
Барша күннің аты жаз болмас,
Барлық сағатта бірдей наз болмас.
Ніча кім йүгрүк ерса ол кадліклар,
Менім һам авчы йүгрук ітларім бар
Қаншама жүйрік болса ол киіктер,
Менің де аңшы жүйрік иттерім бар.
Ічар сув һам чақынча болса едгү,
Талім ічсаң зійан тегрур ахыр сув
282
Ішер су да шағынша болса жақсы,
Көп ішсең, зиян тиер ақыр одан.
Сабыр бірла тілакка тегса болур,
Темүрні ақрун-ақрун ігси болур
Сабырменен тілекке жетсе болар,
Темірді ақырындап исе болар.
Іваклік бірла ғақіл іші бітмаз,
Иүгүрмак бірла ічагү йағ тұтмаз
Асығыспен ақылдың ісі бітпес,
Жүгірумен ішке май жұқпас.
Азун бір тохшун атқа ухшар ай йар,
Сақын кім тебмасүн аңсызда зінһар
Дүние бір асау атқа ұқсар, әй жар,
Сақтан ол қамқоршыдан, теппесін аңсызда.
Сәні тебмаздін ашну сен аны теб
Сені теппестен бұрын сен оны теп.
Сәвүнчда қадғу бар хурмада хары,
Иылан бар ганч үза һам балда ары
Сүйініште қайғы бар, құрмада – тікен,
Жылан бар қазынада, балда – ара.
Чайан ініга сычқан сығмаз еркан,
Сіпүртка қудруқынга бағлар андан
283
Шаян ініне тышқан сыймас екен,
Сыпыртқы құйрығына байлар одан.
Бу давлатсіз улулуқ қылса болмаз,
Бітар іш болса, давлат кеч қалмаз
Бұл дәулетсіз ұлығтық қылса болмас,
Бітер іс болса, дәулет кеш қалмас.
Сувы көб болса, хош мейва берүр бағ,
Авунсуз қорса, болмас қушқа һіч ағ
Суы көп болса, хош амида берер бау,
Айласыз құрса, болмас құсқа еш ау.
Кеіні кім көтрүр алтмыш батман асан,
Беш артуқ йүкласаң һам қорқмаз андан
Оңай көтерген кісі алпыс батпан,
Бесті артық жүктесең де қорықпас одан.
һаміша қадғуда қалмаз кіші біл
Үнемі қайғыда қалмас кісі, біл
Қатығ ақған сув көпрүглар йықар тарк,
Сен ақрунлуқ біла бунлад қыл барк
Қатты аққан су көпірлерді жығар тәрік,
Сен ақырындап негіз жаса берік.
Ашуқған тәрк арар йүгрүб йол алмаз,
Кім ақрүн сүрса түн-күн барса, талмаз
284
Асыққан тез арыр, жүгіріп жол алмас,
Ақырын жүрген күндіз-түні жүрсе де талмас.
Қатығлан тілкүтег ағқа йағума
Қойантег тілку алынға уйума
Қатулан, түлкідей, ауға жуыма,
Қояндай түлкі айласына ұйыма
Чықар көб йеглінің йоқлукда жаны
Шығар көп жейтіннің жоқтықта жаны
Азун балында ары бар сақынғу
Дүние балында ара бар сақтанатын.
Қарын толдурма құртлар йаңлыз аңлан,
Қымырсатег белің ачлыққа бағлан
Қарын толтырма құрттар сияқты, ойлан,
Құмырсқадай беліңді аштыққа байлан.
Дуниа үчүн қылма көңүл тар,
Көңүл тарлықы қадғу катрүр ай йар
Дүние үшін қылма көңіл тар,
Көңіл тарлығы қайғы келтірер, әй жар.
Ніча бу дуниа қадғусын йерүрсан,
Ата өлтүргүчіні дост тейүрсан
Бұл дүние қайғысын көп-ақ жерсің
Әке өлтірген адамды досым дерсің.
285
Кечар йелтег азун сән һам азундын
Өтер желдей дүние, сен де – дүниеден.
Кічік теб бермагіл душманқа фурсат
Кіші деп берме дұшпанға бос уақыт.
Өлмішда душман болмағыл шад,
Өзүң һам өлүмдін ермаз азад
Өлгенде дұшпан болма шат,
Өзің де өлімнен емессің азат.
Унутма барча халда өз чақың біл
Ұмытпа барша халде шағыңды біл.
Тузы аз болса ашның татғы болмаз
Тұзы аз болса астың татымы болмас.
Не іш кім қылсаң өз халыңға чақла
Не істі қылсаң да, өз халіңе шақта.
Кілімүңга көра көсүл айақны,
Йоқ ерса, йерсаң аңсызда табақны.
Кілеміңе қарай көсіл аяқты,
Жоқ болса, жерсің аңсызда табақты.
Күзад өз мартабаңдін кечма йүксак,
Фузуллуқ қылма өз орнуңда тур тек
286
Күзет, өз мәртебеңнен өтпе биік,
Арсыздық қылма өз орныңда тұр тек.
Көр өз ғайбуң адындын ізламагіл,
Кіші айбын қатығлан көзламагіл
Көр өз айыбыңды, өзгеден іздемеңіз,
Кісі айыбын, қатулан, көздемеңіз.
һүнар көргіл, ғаиб көргінча зінһар
Чічак тер бағқа кірсаң, алмағыл хар
Өнерді көр, көргенше айып, сақтаушым,
Шешек тер, баққа барсаң, алма тікен.
Сақын кім болмасун һіч дост душман,
Ағар болса, сан андын йахшы сақлан
Абайла, болмасын еш досың дұшпан,
Егер болса, сен одан жақсы сақтан
Өзүңдік көрмагіл аксүк кішіні,
Мамуқ теб санмағыл арслан тішіні
Өзіңнен көрмеңіз кем кісіні,
Мамық деп санамаңыз арыстанның тісін.
Мің ерса достларың һам аз теб біл,
Бір ерса душманың андын сақынғыл
Мың болса да, достарыңды аз деп біл,
Біреу болса да дұшпаның, одан сақтан
287
Вафа ерлік нішаны
Опа – ерлік нышаны
Ішак һіч арпа бергандің қачар му
Есек еш арпа бергеннен қашар ма.
Ағыз тег от темакдін күймаз өрміш,
Қарын тіш еті бірла тоймаз ерміш
Ауыздай от дегеннен күймес екен,
Қарын да тіс етімен тоймас екен.
Ев оғрысынға ешік йабса болмаз
Агар йабсаң тақы һіч файда қылмаз
Үй ұрысына есікті жапса болмас,
Егер жапсаң, тағы еш пайда қылмас.
Тобраққа йел бағласа турмаз,
Сув бірла от бірга отурмаз
Топыраққа желді байласа тұрмас,
Су менен от бірге отырмас.
Аның кім малы көб-тур қадғусы бар,
Қарақчыдын не қорқсун йоқсул ай йар
Оның ғой малы көптен қайғысы бар,
Қарақшыдан не қорықсын кедей, әй жер.
Керак кім сөз йерінда сөзлатілгай
288
Керек сөз жерінде айтылғай
Заріф сөз аш ічінда татлы түз ол,
Көркем сөз – ас ішінде тәтті тұз ол
Қары хатунтег ол бу дуниа маккар,
Сүчүглүг бірла ол сені алдар
Кәрі қатындай бұл дүние алдамшы,
Тәттілікпен ол алдар сені.
Кіші не кім қылур болса кішіга,
Калүр бір күн һам ол аның башынға
Кісі не зат қылар болса кісіге,
Келер бір күн ол да оның басына.
Азунлуғнуң соңы білгіл олүм ол,
Өлүм ермаз ай ғақыл бу ілім ол
Дүниеліктің соңы, білсең, өлім – ол,
Өлім емес, әй ақыл, бұл – ілім ол.
Кесак атғанға қайра таш қадғу
Кесек атқанға қайтар тас қайғы.
Ічім сув ерса йалғуз ічма зінһар,
Иалғуз йеган йалғуз олар зар
Ішім су болса, жалғыз ішпе, қорғаным,
Жалғыз жеген жалғыз өлер зар.
Тіласаң адгүлүк адгуга бол йар,
289
Кім едгү сухбатінда едгүлүк бар
Тілесең игілікті, игіге бол жар,
Игінің кеңесінде игілік бар.
Чырағ алсаң йаруқ йанғандын алғыл
Шырақ алсаң, жарық жанғаннан ал.
Көңүлда кізла разың елга йайма
Көңілде жасыр сырыңды, елге жайма.
Тіласаң кім оғурланмаса чавһар,
Ышанмазга евүңда берма йөл йар
Егер де ұрланбасын десең гауһар,
Сенімсізге үйіңе берме жол, жар.
Ешіңга разың аймақ тіласаң,
Раз аймышда аны душманқа тут таң
Жолдасыңа сырыңды айтпақ болсаң,
Сыр айтқанда оны дұшпанға тұт тең.
Көңүл берсаң жан алмаққа қылур ал
Көңіл берсең, жан алмаққа қылар айла
Халватда тамдын һам сақынғыл,
Болур тамда құлақ теб бар мысал біл
Жалғыздықта тамнан да сақтан,
«Болар тамда құлақ» деген бар мысал, біл.
290
Бақырдын фарқ қылмаз ерді алтун
Бақырдан айыра алмас еді алтынды.
Күчүн хорлуқны іздама өзүнга,
Сөзүң урулмасун қайра йүзүнга
Күшпен қорлықты іздеме өзіңе,
Сөзің ұрылмасын қайта жүзіңе.
Бақыб душман көзі бірла йүзүңга,
Біл өз айбуңны күлдүрма өзүңга
Бағып дұшпан көзімен жүзіңе,
Біл өз айыбыңды, күлдірме өзіңе.
Һаман хулқлуғ бірла олтурма зінһар,
Атың чықғай йаман теб хош біл ай йар
Жаман құлықтымен отырма, қорғаным,
Атың шыққай жаман деген, жақсы біл, әй жар.
Сөз сөзласаң сақшаб сөзла
Сөз сөйлесең, байқап сөйле.
Арслан тілкүлүк қылса йарашмаз
Арыстан түлкілік қылса, жараспас.
Сүчүч сөз ічра ағу кізламак
Тәтті сөз ішіне у жасырмақ.
291
Едгү болмаз ол муңлығқа күлмак
Жақсы болмас мұңлыға күлмек.
Сөз өлчүб созлатілса сөзга ухшар,
Өкүш сөз йүк ашакка теб масал бар
Сөз өлшеп сөйлетілсе, сөзге ұқсар,
«Көп сөз – есекке жүк» деп мысал бар.
Қамуғ ғашықны біртег санса болмаз,
Қамуғ міскін қанындын қанса болмаз
Барлық ғашықты бірдей санала болмас,
Барлық сорлы қанынан қанса болмас.
Тавуқ чақсыз чақырса ход білүрсан,
Башын йелга беріб қалур қуруғ тан
Тауық мезгілсіз шақырса, білерсің сен,
Басын желге беріп, қалар құр тән.
Тең ермаз елда он бармақ біл аны,
Ніча ма санаса саны бір саны
Тең емес қолда он бармақ, біл оны,
Қаншама санаса да бірдей саны.
Егар көңлуңда ерса антың түз,
Кеча йүріма йашрун, йүрі күндүз
Егер көңілде болса антың дұрыс,
Кешке жүрмес жасырын, жүргін күндіз.
292
Қачан кім учмақындын қалса лачын,
Йана қарғалар оқ тешкай төбасін
Қашан ұшудан қалса лашын,
Қарғалар және тескей төбесін.
Ікі сүчүглүк бірга табулмаз,
Сөқүксүз хурма, қабсыз ғоз болмаз
Екі тәтті бір болмас,
Сүйексіз – құрма, қабықсыз жаңғақ болмас.
Сүт еммазман ағзымда бар отүз тіш
Сүт ембеспін, аузымда бар отыз тіс.
Ніча кім татлырақ болмышча халва,
Білүрсан артурур ол анча шафра
Қаншалық тәтті болса халуа,
Бірлерсің арттырар ол сонша запыран.
Ніча кім бал қатында болса ары,
Ахыр бір йолы болмаз заһір бары
Қаншама бал қасында болса ара,
Бір жолы болмас ақыр зәрі бары.
Қатығ сөзладі теб қадғуда турма,
Қатты сөйледі деп қайғырма.
Білігліг йінжүні дариада іздар,
Табар тобрақ йер үзра іздаганлар
293
Білімді інжуді дариядан іздер,
Табар топырақ жер үстінен іздегендер.
Еліг көкдакі айға сунса болмаз,
Аңар ходрайлық етіб мүнса болмаз
Қолын көктегі айға ұсынса болмас,
Оған есерсоқтық жасап мінсе болмас.
Болур худ көрклүлар барча қылықсыз,
Булар айбын йабар көркі білің сіз,
Болар көріктінің бәрі де қылықсыз,
Олардың айыбын жабар көркі, біліңіз.
Йер үрлүқ алмайынча бермаз ашлық,
Һава дариадын алса соң берүр чық
Жер ұрық алмайынша бермес астық,
Ауа дариядан алса ғана берер шық.
Бақыб қарға һумай орнында көрді,
Булут йүзлүгні ай орнында көрді
Қарғағаны құмай орнында көрді,
Бұлт жүздіні ай орнында көрді.
Қарылықда йігітлік қайра келмаз
Кәрілікте жігіттік қайта келмес.
Қаралар көңлінга қадғу қытылмаз
294
Қаралар көңілінде қайғы тұрмас.
Қайу хандын ра ійат болса азар,
Темішлар кім қалур йалғуз болуб хар
Қай қаннан қарашысы болса азар,
Демек бар: қалар жалғыз болып зар.
Өкүш ел қарғышын алма сақынғыл
Көп алма ел қарғысын, сақтаныңыз.
Қачан кім чырағ өчмакка йавушур,
Бурунқытег ол бермаз болур нур.
Шырақ өшпекке таянар шақта,
Бұрынғыдай бермес болар нұр.
Ағач кім аввалінда егрі бітса,
Аны от болмаса болмаз түзатса
Ағаш әуелде йір бітсе,
Оны от болмаса, болмас түзетсе.
Өлүмдін сөзлаган көб білса болмаз,
Өлүмні өлмадін һіч кімса
Өлімнен сөйлеген кеп білсе болмас,
Өлімді өлмейінше ешкім білмес.
Өкүш йар бар қайашдан көб вафалығ,
Иана йатдын қайан болур тафалығ?
295
Көп жар бар ағайыннан көп опалы,
Және жаттан ағайын шегер жапаны
Барча қамыш бермаз шакар біл
Барша қамыс қант бермес, біл.
Көб ағрығ кім гөр ағзындын қайытур
Көп ауру көр аузынан қайтар.
Талім хатун кім ердін артуқы бар,
Йерін табса, йүз ернің ішін ішлар
Көп қатынның еркектен артығы бар,
Жерін тапса, жүз ердің ісін істер.
Өзүңні көрма өз көрганда көз йоқ,
Һүнар көр, һүнар көрганга сөз йоқ.
Өзіңді көрме, өзін көргенде көз жоқ,
Өнер көр, өнер көргенге сөз жоқ.
Соқурға не чырағ не йахту күн йоқ
Соқырға не шырақ, не жарық күн жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |