Хрестоматия



Pdf көрінісі
бет36/38
Дата07.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#96909
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
kyraubaeva alma ezhelgi duir debieti khrestomatiia

 
(Аударған Алма Қыраубаева) 
СӘЙФ САРАИ 
Сәйф Сараи – шамамен 1320 жылдары туып, 1396 жылы 
қайтыс болған ақын. Алтын Орда мемлекетінің орталығы болған 
Сарай қаласында туып-өскенімен, өмірінің соңын Мысырда 
өткізген. 
С. Сараи парсы-тәжік әдебиетінің ұлы ақыны Сағдидың 
«Гүлстан» («Гүл бағы») атты шығармасын аударған (1391 ж.), 
сөйтіп, «Гүлстан би-т-түрки» деп атаған. Кітап тікелей аударма 
тәсілімен емес, нәзира (жауап) еткен ақындармен шеберлік 
жарысы әдісімен жазылған. С. Сараидың өз жанынан қосқан, 
өзгерткен жерлері көп. Кітап – 178 хикайаттан тұратын, 
дидактикалық шығарма. С. Сараидың бұдан басқа «Сүһаил мен 
Күлдірсін» атты дастаны да бар. Төмендегі текстер «Гүлстан би-
т-туркидің» Қазан баспалары бойынша беріліп отыр (Сәйф Әс-
Сараи. «Гүлистан би-т-түрки». 1980 ж. 1-2 бөлім; Борыңғы 
төрки һәм татар әдебиәтының чыгыныклары. 1981). 
«ЯДГАРНАМА», «СҮҺАИЛ УА КҮЛДІРСІН» 

Қамышлы йұрт беним туған елім еді,
Білің: ғарұтқа келтұрған білім еді.
Келіп, олдым Сарайида шир фидаи,
Сарайның шарыры – елнің кедайы. 


350 

Темір Үргенішга тартып келді ләшкер,
Коріп көз көр болып, қалды құлақ кер.
Қозұтты жан білан ғаламда тофан,
Ақытты су текін йер үзре көп қан.
Егінчі үйлері йағылды отқа
Бидай сауырылды, тофрақ болды ботқа. 

Хатын садық аны сүйгіл ғазиз ер,
Һәр ағыр ішде дайым сені демер.
Оңа дост бол, оны сүйгіл көңіл бер
Аның сөз баһрыдын гауһарларын тер. 

Йаңа айдыр қашың, ей көркке байым,
Қылыр байрам йүзүңні көрсе саим. 
Су ічкенде дудағыңнан су тамса,
Бітар қанд уа шекер ол йерде дайым.
Жамалыңдыр бұ күн ғалам сафасы,
Хиялыңдыр һәмиша жан фәзайым.
Керек өлтур, керек асра құлыңмын,
Мубарак бұйрығыңдыр құтлы райым.
Мүфарах назм етіп Сайфи Сарайи
Сифатыңны оқыр, ей көркке байым. 
Аудармасы 

«Қамысты» жұрты менің туған елім еді,
Білсеңіз: мені шет жерге әкелген білім еді.
Сарайға келген соң ғұмырымды өлеңге арнадым 
Сарайдың шағырымын, елдің кедейімін. 


351 

Темір Үргенішке әскерімен келді, 
Көрген көз қор болып, құлақтар керең болды, 
Қоздырды ғаламда шаң менен топанды 
Жер үстінде қан судай ақты. 
Егінші үйлері жағылды отқа 
Бидай жұлынды, топырақпен болды ботқа. 

Әйелің – адал жарың, оны сүй әзиз ер, , 
Әрбір ауыр жағдайда дәйім сені демер.
Оған дос бол, оны сүйіп көңіл бер,
Оның сөз теңізінен гауһарларын тер. 

Жаңа туған айдай қасың, уа көріктім,
Сені ораза тұтқан кісі көрсе, оразасын ұмытып, 
тойлап кетер еді.
Су ішкенде, ерініңнен су тамса,
Ол жерде қант пен шекер пайда болар.
Сенің жамалың – ғаламның тұтқасы,
Сенің қиялың көңілімді өсіреді.
Керек етсең өлтір, керек десең қалдыр, құлыңмын. 
Мүбәрәк бұйрығыңа мойынсұндым.
Сәйф Сараи осыларды шаттықпен өлең етіп 
Сипатыңды жазады уа, көрікке байым (көріктім). 
«ГҮЛСТАН БИ-Т-ТҮРКИ» 
Елік йаз күндерінде бір күн бустан ічінде, гүллар 
арасында бірнеше зариф ғалымлар білен отырып, инша 
ғылымыннан бахас қылып, әбияты ғарып уа ашғара ғажип 


352 
оқыдым еса, ол ғылымларның олысы ғаруз ғылманнан бір 
мөшкіл бәйітінің тақтиғын сауал етті. Филхал жауабын 
есітіп, айтты: «Ей, әдибе ғарып, саңа бір муафық 
насихатым бар. Қабыл қылсаң, хайыр болғай». Айттым: 
«Бұйырың!» Айтты: «Шайх Сағди «Гүлстанын» түрки 
тәржімә қылсаң»... 
ӨЛЕҢ 
Ей, жиһанғылм уа ұстаду һүнәр,
Мағрифәтінің мәнбән сахиб назар.
Гүл тіләсә хатырың толы табақ
Бұл «Гүлстанымдан» оқы бір вәрәқ,
Гүл жамалы бір нече күндә кечер,
Бұ «Гүлстан» дайыма көңүл ачар.
Ол ажайыб кім ғәрайыб мұнда бар
«Хосрау уа Шырын» ічіндә қанда бар.
Бұ ләтайыф бағы – бұстаны тұрұр,
Бұлбұл – муғәнныйы гүлстаны дұрүұр.
Би сәфәтләр бірлә көзләргә толуп
Не әжәб болса мәсабиһ әл – кулуб.
Түркиге кіліп әжәмдән бұ кітаб
Меғрифаткә ачты сәкіз түрлү наб.
Тегме бір жанға мүфәрриһ болмаға
Тегме хатіріні мүшәррә қылмаға.
Бұ гүлстанға тамаша қылған ер,
Дәмбе-дәм мағна йемішін тазә йер.
Жан качан болғай гүлстандан мәлұл,
Күн коручек шадман болұр көңүл.
Хайыр етіп болған мөлікләр намыдар
Кетті қойуп һәр бірі бір йадгар.
Егү аты қалса ернің йахшырақ
Соңра қалғанча толы алтун рәвәк.
Иадгары қалса кімнің егү аты,


353 
Өлмәс ол ер кімде болса бу сифат 
Бу сифатлы ер бүгун хәйры қазір,
Мысыр ічінде бар бір ғарыф әмір.
Егүлук тұр дәм ба – дәм елге іші,
Жаһ уа дәулет, фәтһ уа нусрат тұр іші. 
Лұтфу әхлак уа кәрәм қаны дурур
Егу аты дайыма тілде ерүр.
Діну дүниа, дәуләты заты шәриф
Мәғрифәтның мағдәны өзі зариф.
Бұ «Гүлстан» зинеті Тейхбас бек
Хажыт ұл – Хұжжаб сұлтана хас бек.
Хәр біріга жан бекін елге йәрар
Олтуруп йергу йәрарда қыл йарар.
Хақ тағала дәуләтын қылсун зийад
Дайныдын алсун тәнәғұм бірлә дад.
Ей мәләк сурәт, мәлік нусраты инан
Жұд ічінде Хатәми Тайы зәман.
Бәдри дәулет аләме құтлу иүзуң
Кім білік, бәһрі өзүң жәуһәр сөзүң. 
Біліклі фарис сән, ол арслан йүрәк
Сән – сән ол ләшкәрде сафлар үзгән ер,
Ердәмінде ердәмын көргүзгән ер. 
Көрмәдім ғарыф жәугһәрі
Дүррі мәнагә мубассар мүштәрі.
Назм етіп көркіл дұғалар затыңа
Таң һәдийа келтүрүп мән атыңа.
Ол һәдийә бу кітаб ерур мүфид,
Жұмлә әлфазы толу мағнайы жадид.
Өзіңе болуп мүбәрәк бу кітаб
Дайым алсун нәфғ мұндан шәйху шаб
Егу аты йады бірле көп көр заман,
Тазә болсын бұ «Гүлстаны» жунан


354 
Бұ кітап бағбаны ол әдіб,
Кім сарайы Сәйф ерүр назми ғәріб. 
КӨКТЕМ ТУРАЛЫ 
Иәнә кийді йәнгі ашжар хил, әт
Безәнір бағ уа бустан тұтты зинәт.
Бұтақлар алды бустандан баж
Чәчәкләрдан орунуп һәр бірі таж.
Бинәфшә бойын егді гүлгә кәршы
Ачып, әнбәр көзін сунбүлгә кәршы
Болуп мутриб гүлстанларда бұлбұл
Қылур мың түрлі нәғмә бірлә гүлгүл 
Иәнә фирдәусі ағлатек болды бағ.
Зумәррәд рәңін алды тәгмә бір тағ. 
Аудармасы 
Жаз күндерінде бір күн бақ ішінде, гүлзар арасында 
бірнеше 
білімпаз 
ғалымдармен 
ғылым 
таластырып 
отырып, 
қызықты 
хикаялар, 
өлеңдерімді 
оқып, 
таңғалдырдым. Ол ғалымдардың ішіндегі данышпаны 
ғаруз өлең өлшемі жайлы сауал қойды. Дұрыс жауабын 
есіткен соң ырза болып айтты: «Ей, дана ақыным, саған 
айтар бір насихатым бар. Қабыл алсаң, қайырлы болсын!» 
Айттым: 
«Бұйырыңыз!» 
Айтты: 
«Шайх 
Сағдидың 
«Гүлстанын» түркіше тәржіма қылсаң...» 
ӨЛЕҢ 
Ей, жер жаһанның ғалымы, өнерде ұстазым, 
Білімнің бұлағы, мейірім иесі. 


355 
Жаның табақ толы гүл тілесе, 
Бұл «Гүлстанымнан» бір парақ оқы. 
Гүл шырайы күнде солар, 
Ал бұл «Гүлстан» дәйім көңілді ашар. 
Не ғажайып, не қызықтар мұнда бар, 
Олар, «Хұсрау уа Шырында» қайдан болсын! 
Бұл сымбатты бақ – гүл бағы, 
Гүл бағының жыршысы – бұлбұл. 
Міне, осы сипаттағандарым көз алдыңда 
Жүректерді билесе ғажап емес. 
Парсыдан түркі тіліне аударылды бұл кітап, 
Алдыңнан сегіз түрлі білім жолы ашылды, 
Бір жанға қуаныш әкелсін деп, 
Біреудің санасына сәуле түссін деп. 
Бұл «Гүлстанды» тамашалаған кісі 
Дембе-дем өмір мағынасының тап-таза жемісін жер. 
Жаның «Гүлстаннан» жалықса, 
Күнді көріп шат-шадыман болар көңіл. 
Қайырымды небір патша өтіпті, 
Әрқайсысы артына жәдігерлік тастап кетіпті. 
Ер артында ізгі аты сақталып қалса жақсырақ, 
Қалғанынша соңында алтын толы қазына. 
Кімнің аты жәдігерлік боп қалса 
Ол сипатты ер еш уақытта өлмес. 
Мұндай ер бүгін бізде бар, 
Ол Мысырда бар, ол – дана Әмір 
Дембе-дем елге қайырымды іс қылар 
Лауазымды, дәулетті, жауынгер, тек жеңіске жетеді, 
Ол – мейірім бұлағы, қайырымдылық – қанында, 
Ізгі аты дәйім ел аузында, 
Дін, дүние, атақ-даңқ – бәрі өзінде. 
Білімнің бұлағы, тамаша жан, 
«Гүлстанның» сәні – Тейхасбек
77

77
Сәйф Сарайи кітабын осы әмір Тейхасбекке арнаған.


356 
Сұлтанның Хаджиб әл-Худжабы, нағыз бегі, 
Әр біріңе жан секілді, елге сүйкімді 
Төрелік айтса, қара қылды қақ жарар. 
Хақ тағала дәулетін молайта берсін! 
Ей, мәлік суретті патшам, тәңірдің тілеуімен 
еліңді басқар, 
Мырзалықта осы заман Хатымтайысың,
Құтты жүзің әлемге дәулет берер.
Өзің – білім теңізі, сөзің – жауһар,
Білікті, арыстан жүректі салт аттысың,
Соғыста жаудың сапын қақ бөлген ерсің,
Ерлердің ішінде ерлігімен көзге түскен ер,
Сенің жақтырмаған көзқарасыңды байқамадым,
Дүр қадірін алушы білер.
Жыр маржанын сыйлық етіп ұсынайын,
Сыйлығым сол – пайдалы кітап.
Бар сөзі естімеген ойларға толы,
Өзіңе қасиетті болсын осы кітап.
Жас та, шал да дәйім керегін тапсын одан,
Оның ізгі аты замандарға жайылсын.
Таза болсын бұл жұмақ «Гүлстаны».
«Гүлстанның» бағбаны ол – жазушы
Сейф Сарайи болар ақын – ғаріп
78 
КӨКТЕМ ТУРАЛЫ ӨЛЕҢ 
Және киді жас ағаштар шапанын, 
Безенді бақ, әсемденді гүлзарлар. 
Бұтақтар бақ ағашынан тамырланды, 
Гүлшешектен орнатып басына тәж. 
Шегіргүл иіледі раушанға 
Ашып құмар көздерін сүмбілге қарай. 
Жыршы болып гүлстанда бұлбұлдар 
78
«Ғаріп» деп ақын өзінің Мысырға шет жерден келгенін айтып отыр.


357 
Мың бұралта әнге салар, 
Және жұмақ бағына айналар, 
Барлық таулар реңі зұмрадқа
79
айналды. 
Хикайаттар

Бір мәлік білан теңіз кормаган бір жәләб. Құл кимеге 
кіріп олтырды. Ол құл чұн теңіз кормаган, дәғый киме 
зәхмәтін чикмәган еді, тәхәммел ете білмеді, қаты үн білан 
йығлап, тітрәмага башлады. 
Никадәр кім лұтф білән алдап сөзләділәр – файда 
қилмады. Мәлікнің хатыры иңән мәлүл болды. Ол кимәда 
бір хакім ер бар еді. Келіп мәлік хыдметіна айтты: 
«Бұйрықың болса, мен аны сақын қылайым». Айтты: «Ғаят 
лұтф болғай». Хакім бұйырды кім. «Теңізге салың!» 
Салдылар. 
Бір 
гез 
батып 
шықты. 
Екінчі 
батып 
чыққанында, сачыннан тұтып киме үстіне көтерділер. Ол 
құл екі әле білен киме йіплеріне йабышты. Дағы кіріп, бір 
йерде тіп-тік отырды.
Хакімнің бұ іші мәлікке ғайат хош келді. Дағы сұрды 
кім: «Мұнда хикмат не? Айтты: «Бұ ғарқ болмақның 
михнатын татымағаны, кимә рахатының қадірін білмаган 
еді. Емді бұ мосыбатны көрді, кимә ғафийатының қадірін 
білді». 

Лұқман 
хакімге 
сұрдылар: 
«Әдепні 
кімнен 
үгірендің?» Айтты: «Әдебсізлерден: бақтым аларның 
әфгаліні, қайсы харакат кім мәңа хош келмеді, аннан 
ихтираз қылдым». 
79
Зұмрад — изумруд.


358 

Бір заманда екі қарындаш бар еді: бірі сұлтан 
хызметіне мулазим, дағы бірі кәсіп етмәкін йер еді. Бір күн 
ол жөнді қарындашы бұ кәсіпке айтты: «Не үчін хыдмет 
қылмассын кім? – бұ іш захматыннан құтылғайсын». 
Ол кәсіп қарындашы айтты: «Сен не үчін ішлемессін 
кім? – хыдмет хорлыкындан құтылғайсын! Ғақыллар 
мәсәлі тұрыр кім: «Өз үйінде отырып, қоры итмәк йеса 
йахшы, аннан кім білен алтын қылыч бағлап хыдмет үчүн 
тұрғай». 

Бір сұлтанның үч ұғлы бар еді. Екісі ұзын бойлы 
сахыбжамал, дағы бірі қысқа бойлы еді. Бір күн сұлтан бу 
қысқа бойлы ұғлына хәкарат көзі біле бақты. Ұғлан 
фирасат білен білді дағы айтты: Ей, ата, ұзын бойлы 
ахмақтан қысқа бойлы ғақыл йақшырақ тұрұр... 
Бұ сөзден соң бірнече күн кечті. Дағы сұлтанға біри 
ағыр дұшман черісі келді. Бұлар дағы черік йасап, қаршы 
йүрділер. Екі чері мүкәбіл болды. Әууәл майданға 
сұлтанның ол қысқа бойлы ұғлы кірді, дағы нәгәр ұрып, бұ 
бәйітні оқыды: 
Шиғыр 
«Ей, баһадүрлер, білің, келдім бұ күн майдана мен, 
Баш ойнап, жан тәркін ұрмаға мардана мен». Сүңгі ойнап, 
ат чабып, көп түрлі ердам көргузіп, Айтты ол: «Зынжырын 
үзгән фариси диуана мен». 
Мұны айтты дағы дұшман черісіне кіріп, бірнече 
баһадүр еренлерні түшірді... 
Дұшман черісі хәдсіз күп еді, дағы бұлар – аз. 
Жамағат качмаға йүз тұттылар. 


359 
Шиғыр 
Ұғлан айтты: «Ей, еренлер, йат черіге от ұрұң! Иа, 
барып, гаурат құмашын киіп, үйде отырың! 
Ол еренлер бұ сөзні ешітіп, ғайратланып, ұғланға 
ұйыдылар. Ол сағат ічінде дұшман черісін сындырдылар. 
Ұлан келіп, атасы хыдметіне йер өпті. 
Сұлтан дағы ол ұғлыны құшып, көзінен өпті, дағы 
дұға қылды. Күннен күне маххаббат назары аның үзе 
зиадат болды. Қарындашлары хасд ойлап, ол ұғланға аш 
ічінда ағу берділер. Бұларның бір қыз қарындашы бар еді. 
Ол қыз тақадан көрді кім, қарындашына аш ічінда ағу 
берділер. Ол қыз тақаны йапты еса, ұғлан фирасат білән 
білді: әлен аштан чекіп, айтты: «Бұ мұхал ерүр кім, ердам 
ері өлгәй, дағы ердамсізләр анын, йерін тұтқай». 
Бұ хабар сұлтанға йетті еса, қарындашларын ендәп, 
йекіріп, һәрбіріне бір йерда хакім қойды. 
Хәтта, фітна отырып, низаг ортадан кеткәй. 
Шиғыр 
Сыйғар бір хұжраға он еккі меһман,
Бір ықылымға сыйғмаш еккі сұлтан. 

Наушаруан ғадилге ауда киік шешледілер. Тұз йоқ 
еді. Бір құл кентке барды кім, тұз кетіргей. Наушаруан аңа 
айтты: «Тұзны қыйммат білән алғыл кім, рәсім қалып, кент 
қарап болмасын». Ол құл айтты: «Бұ хадар тұз алмақ білән 
не халал келгей?» Айтты: «Зұлымның әсасы әууәл аз еді, 
һәркім келді, мәзид қылды, та бұ ғайатқа йетті». 


360 

Бір салых ернің үйіне ұғры кірді. Іздеп, нема 
тапмады. Көңлі тар болып чықты. Үй иесі білді дағы тура 
келді. Бір кілемі бар, аның үстіне йатыр еді. Аны елтіп, 
ұғрының йолында бырақты, хәтта махрұм кетмәсін деп. 
Әһле сафа йүзда не еса, кафарда олдұр, – аслы йаман 
мұнафик кебі дәгілдер. 
Шиғыр 
Алныңда йуаш қой бекін мушфик йар. 
Артында бөрі кебі теріңні йыртар.

Бір күн Рүстем анасына катты сүзледі. Аның көңлі 
ағрып, йығлап айты: «Мәгар кічілікні ұнұттың кім, ұлұғлұқ 
естірсін». 
Шиғыр 
Анасы інженіп Рүстемга айтты:
«Айа көрган үзен ғайратлы арслан,
Әгар болса еді йадында ол күн.
Кім әлемда едің бір йашар ұғлан,
Бұ күн бұйла мәңа жәур етмас едің,
Ки сен бір паһлуан, мен қары жан. 

Бір уәзірнің бір біліксіз ұғлы бар еді. Аны елтіп, бір 
ғалым қатында қойдылар кім: «Мұңа тәрбиат қылғыл,
ол 
тәрбиат берекеті білан ғақыл болғай», – деп бір мүддат 
тағлым берді, қабила тәрбиат дәгүл еді. Тәрбиат әсер 
қылмады. Айтты: Мұны атасына елтіп, айтың кім, бұ ғақыл 
болмас, уа ләкин мена диуана қылды. 


361 

Шайх Сағди айтар: бір фақыр үйдәші йүклі еді. 
Мүддәті йетті. Дағы бұл фақырның ғұмрында ұғлы 
болмышы йоқ еді. Айтты: «Тәңірі тағала әгар мәңа ер ұғұл 
берса, бұ үстімдәгі хиркамнан үзга не кім бар еса, 
фақырларға шүкрана болсын. Иттифақын хатыны ер ұғлан 
тапты. Бұ фақыр ол уағданың шартына офа қылды сыфра 
бырақты, түрлі-түрлі ниғматлар төкті, йаранларына 
ұғлұның шүкранасын йедірді. 
Бір неча йылдан соңра келдім. Ол фақырның 
махалласына йетіп, аның халі нечік иміш деп сұрдым. 
Айттылар: «Уәлі хабаста йатыр». Айттым: «Себеп не 
тұрұр?». 
Айттылар: «Ұғлы хәмар үчүн ұрұш етіп, кіші
өлтіріп, шаһардан қачты. 
Ол жаһатдың атасын тұтып, ел-айағын ағыр зынжыр 
білан бағлап, хабасқа бырақтылар». Айттым: «Бұ баланы 
ол тәңірден хажат тілеп тапты». 
Шиғыр 
Ол ұғланның атасы бу бәланы өз тілеп тапты,
Түні-күні бәслады құш тек, киік бекін иүгіргенча. 
Анасы тоқұз ай он күн көтерді, қайыр болғай деп, 
Иылан тапса еді йақшы, ол ұғланы тұғырғынча
10 
Шайх Сағди айтады: бір бай кішінің ұғлын көрдім. 
Атасы қабре үзе отырып, бір фақыр ұғлы білен мұназара 
қылып, айтар еді: «Атам тұрбасының сандұқы үзе алуан 
нақыш қазылмыш, дағы алтын білен хатлар йазылмыш, 
фарша көк мәрмәр, кірбішлері бирүзә, дағы сенің атаңның 
гөрі бірнече жік кірбічтен, дағы бірнече үч топрақ, үстіне 
токіп тұрұрлар». 


362 
Ол фақыр ұғлы бұ сөзні ешітіп, айтты: «Тік отыр кім, 
сенің атаң ағыр таш астыннан тебренгенче керек, менің 
атам жаннатқа кірміш болғай». 
11 
Бір мәлік ұғлын бір ғалым кім ерсега берді, дағы 
айтты: «Бұ сенің ұғлың дұрұр, мұна йахшы тәрбиат 
қылғыл, нечік кім өз ұғланларыңа қылүрсен». 
Ол ғалым бұ мәлік ұғлына еллар зәхмат чекіп сағи 
етті, ұғлан ғылым уа әдептен һеч нема хасыл қыла білмаді. 
Дағы ол ғалымның ұғланлары фазыл уа бәлағат білән 
монтаһа болдылар. Мәлік ол ғалымны індеп айтты: «Нечік 
болды кім, хилафа уағда қылдың. Дағы офаның шартыны 
йеріне кетірмедің». 
Ол ғалым айтты: «Ей, мәлік, тәрбиатның тарихы бір 
тариқа болар, уа лекин истиғдат мухталиф тұрұр». 
Хикматтар 

Мал ғұмыр рахаты үчүн дұрұр. Дағы ғұмұр мал жәмғ 
етмәк үчүн дәгүл. Бір ғақылдан сұрдылар: Дәулетлі кім 
дұрұр? Дағы дәулетсіз не дұрұр? Айтты: «Дәулетлі ол кім 
йеді, дағы йедірді. Әмма дәулетсіз ол кім мутафаррық мал 
жәм ғетті, барын қойды, кетті». 
Шиғыр 
Харж етіп ғұмрын, йығып алтын-куміш, ол кім йемас,
Арттырадыр мал уа мүлкін, еч өлгәймін дә демас. 
Дәрт уа хасрет бірла өлса, үстінә қылма намаз:
Ол кіші кім ахиретінің қайғысын һәргез йемас.

Аның кім тірлікінде етмәкін йемаділәр,
Өлганінда зикрі хайран демәділар


363 
Иүзим ләззатын бағ иесі білмас, елла 
кім йетімлар білар.
Иүсүф сыддық ғалейһи-с-салам 
Мысырда қизлық ел тұйғынча
йемак йемады, хатта ачларны ұнытмағаймын деп 
Аудармасы 
Хикаяттар 

Бір патша құлымен бірге кемемен жүзіп келе жатты. 
Бұрын кемеге мініп көрмеген құлы қорқып жылай бастады. 
Жұрттың мазасын алды. Оны ешкім сөзбен жұбата алмады. 
Сонда бір данышпан кісі патшаға: «Егер рұқсат етсеңіз, 
оны тыныштандырайын», – депті. Патша рұқсат беріпті. 
Данышпан құлды теңізге тастатады. Байғұс құл суға бір 
батып, бір шығады. Екінші батқанында оны шашынан 
тартып, қайтадан кемеге шығарып алыпты. Құл кемеге 
әзер дегенде мініп, бір бұрышқа барып бүрісіп, үн-түнсіз 
отырып қалыпты. Патша: «Бұл қалай болды?» – дегенде, 
данышпан: «Бұл адам теңізге қарық болудың машақатын 
көрмегендіктен, өзінің сау-саламат отырғанының қадірін 
білмеді. Бейнет көрмеген адам рахаттың қадірін білмес», – 
депті. 

Лұқман әкімнен сұрапты: «Әдепті кімнен үйрендің?» 
Жауап беріпті: «Әдепсіздерден үйрендім. Олардың өзін-өзі 
ұстауына қарап, қайсысы көңіліме жақпаса, сол әдеттен 
бездім.» 


364 

Ағайынды екі жігіт бар еді: бірі сұлтанға – қызметші, 
екіншісі кәсіп қылып күн көруші еді. 
Бір күні кәсіп қылған бауырына ағасы айтты: «Ауыр 
бейнеттен құтылып, қызметші болмайсың ба?» Оған 
кәсіпқой інісі: «Ал сен кәсіп қылып, қызметшіліктің 
қорлығынан құтылмайсың ба?» Нақыл сөз бар емес пе: 
«Кісіге қызметші болып алтын қылыш тағынғанша, өз 
үйіңде еркіңмен отырып қара көже ішкен артық». 

Бір сұлтанның үш ұлы бар еді. Екеуі ұзын бойлы, 
келбетті, ал бірі қысқа бойлы болыпты. Бір күні сұлтан 
қысқа бойлы баласына жақтырмай қарап калады. Бала 
парасатпен әкесінің көзқарасын байқап қалып: «Ай, ата, 
ұзын бойлы ақымақтан, қысқа бойлы ақылды артық», – 
депті. 
Бұл оқиғадан соң бірнеше күн өтті. Сол уақытта 
сұлтанның еліне дұшпан әскері келді. Бұлар дағы өз 
әскерімен қарсы шықты. Екі жақтың әскері бетпе-бет 
келді. Соғысқа бірінші болып сұлтанның қысқа бойлы 
баласы шықты. Әуелі мынадай бәйіт айтты: 
Өлең 
«Ей, баһадүрлер, біліңдер, қан майданға келдім мен, 
Қаным қызып, ерлерше жанымды тәрік етпекпін».
Ат үстінде сүңгісін ойнатып, еліне жәрдемге келген 
батыр тағы былай деді: «Мен – шынжыр үзер салт атты 
жауынгермін!» Мұны айтты да, дұшпан әскерінің ішіне 
кіріп кетіп, бірнеше баһадүр ерлерін аттан аударып 
түсірді... 
Дұшпан әскері есепсіз көп еді, ал бұлар аз. Олардың 
көпшілігі қашуға бет бұрды. 


365 
Өлең 
Сонда жігіт былай деді: 
«Ей, ерлерім, дұшпанды отқа ораңдар, 
Иә, болмаса, жаулықты басыңа сал да, үйде отыр!»
Әскерлер бұл сөзді есітіп қайраттанып, жігіттің 
айналасына ұйысты. Аз уақыт ішінде дұшпанның әскерін 
жеңді. Жігіт атасының алдына келіп: 
Жер өпті, сұлтан дағы ұлын құшып, көзінен өпті, 
дұға қылды. Күннен-күнге оған деген ықылас-назары 
ауды. Сол уақытта жігіттің бауырлары оған қастық ойлап, 
ішетін асына у салып берді. Олардың қарындасы бар еді. 
Ол қыз ағасының табағына у салынғанын терезеден көріп 
қалды. Қыздың терезені жаба қалғанын парасатты жігіт 
байқап қалып, тамақты ішпей, былай дейді: «Мынадай 
мақал бар: «Ел қамын жеген ер өлер де, ел қамын 
ойламағандар оның еліне еге болар». 
Бұл хабар сұлтанға жеткен соң, сұлтан қызғаншақ 
балаларына ұрысып, әрқайсысын әр жерге хакім қылды. 
Сөйтіп, еңбегі сіңген ер орнында қалып, басқалары 
жөнімен кетті. 
Өлең 
Бір үйге екі мейман сыя берер, 
Ал екі сұлтанның басы бір елге сыймас. 

Наушаруан киік аулап, біреуін ұстап алды. Оны 
пісіруге тұз жоқ еді. Құлын кентке барып тұз әкелуге 
жұмсады. Оған айтты: «Тұзды ақысын төлеп ал, өйтпесең, 
ақысыз алу рәсімі кентке жайылып кетпесін», – деді. Құлы: 


366 
«Тұзды тегін алғанда тұрған не бар?» – дейді. Наушаруан 
айтты: «Әуелде зұлымдық аз еді, әркім аздан қосқанда, 
бұлайша көбейіп кетті», – деді. 

Бір кісінің үйіне ұры кірді. Іздеп, алатын ештеңе тап-
пады. Үйден ренжіп шықты. Үй иесінің бір кілемі бар еді, 
ол кілемнің үстінде жатқан. Ұрының ренжіп бара 
жатқанын көріп, бос кетпесін деп кілемін оған берді. 
* * * 
Жақсы адамның жүзі қандай таза болса, желкесінде 
де сондай болар, ал жаман адам екіжүзді болар: 
Өлең (екіжүзді адам) 
Алдыңнан келсе, қойдай жуасып, дос бола қалар, 
Артыңнан келсе, бөрідей тырнақ салар.

Бір күні Рүстем анасына қатты сөз айтты. Ол кісінің 
көңілі қалып, жылап былай деді: «Кішілікті ұмытқан 
адамнан ірілік көрерсің». 
Өлең 
Анасы ренжіп Рүстемге айтты: 
«Ай, тепсе, темір үзген қайратты арыстаным-ай, 
Өмірге жаңа келген бір жасар күнің есіңде болса ғой, 
Онда бүгін сен мені жәбірлемес едің, 
Ал қазір сен кім, мен кім? – 
Сен палуансың, мен бір кәрі жанмын». 


367 

Бір уәзірдің бір біліксіз ұлы бар еді. Оны алып 
ғалымның қолына берді: «Баламды тәрбиеле, тәрбие алса, 
ақылы кірер», – деді. Ғалым біраз тәрбиелеп көрді, оған 
тәрбие қонбады. Сонда ғалым айтты: «Бұл баланы әкесіне 
апарып салыңдар. Сәлем айтыңдар: «Балаңды қанша 
тәрбиелесем де, ақылды болатын емес, оның есесіне мен 
ақымақ болуға айналдым». 

Шайх Сағди айтады: Бір кісінің әйелі жүкті еді. 
Уақыты жетті. Бұрын бұл пақырдың баласы жоқ еді. 
Айтты: «Тәңірі тағала егер маған ұл берсе, үстімдегі 
шапанымнан өзгесін кедей-кепшікке таратып берер едім» 
Әйелі ұл тапты. Ол кісі уағдасында тұрып, дүниесін 
үлестірді, ұлының тілеуін тілеген дос-жарандарына табақ-
табақ тамақ берді. 
Бірнеше жылдан соң қайта оралдым. Баяғы кісінің 
аулына келіп халін сұрастырдым. Айтты: «Қапаста –
зынданда жатыр». Не себептен? «Ұлы бұзық болып, 
біреумен төбелесіп, кісі өлтіріп, шаһардан қашып кетті. 
Ұлы үшін әкесін ұстап, қол-аяғына шынжыр салып, 
қапасқа тастады. Сонда былай дедім: «Бұл бәлені оның өзі 
тәңірден тілеп алған еді». 
Өлең 
Ол ұлдың әкесі бұл бәлені өзі тілеп тапты, 
Құс сияқты күні-түні аузына тамақ салды, киіктей 
жүгіргенше. 
Анасы тоғыз ай, он күн көтеріп күтіп еді, 
Мұндай ұл туғанша жылан тапқаны жақсы еді.
10 
Шайх Сағди айтады: Бір бай кісінің ұлын көрдім. 
Әкесінің қабірінің басында отырып, бір пақырдың ұлымен 


368 
таласты: «Менің атамның қабірі алуан нақышпен 
өрнектелген, алтынмен жазылған, көк мәрмәр тас 
қойылған, кірпіштен өрілген, ал сенің атаңның қабірі 
бірнеше қатар ғана кірпіштен салынған». 
Бұл сөзді естіген пақырдың ұлы айтты: «Сенің атаң 
ауыр тастар астынан қозғалғанша, менің атам жаннатқа 
жетіп барар». 
11 
Бір мәлік ұлын ғалымға берді де айтты: «Менің ұлым 
– сенің ұлың, жақсылап тәрбиеле, өз ұландарыңа қандай 
тәрбие берсең, бұған да сондай тәрбие бер». 
Ғалым мәліктің ұлын тәрбиелеуге көп еңбек етті, 
бірақ ол ғылым мен әдепті сіңіре алмады. Ал ғалымның 
ұландары оқымысты, жан-жақты тәрбиелі болып шықты. 
Мәлік ғалымды кінәлады: «Мұның қалай, уағда қылып 
едің. Уағдаңда тұрмадың», – деді. 
Ғалым былай деп жауап берді: «Ей, Мәлік, тәрбиенің 
берілуі бірдей болғанымен, қабылдауы түрлі-түрлі болса, 
қайтейін». 
Хикметтер 

Дүние – мал өмір рахаты үшін керек. Бірақ өмір 
дүние жию үшін емес. Бір ақылды кісіден сұрапты: 
Дәулетті кім? Дәулетсіз кім? Ол кісі айтыпты: Дәулетті 
адам – жия білген, жиғанын жеген, бере білген. Дәулетсіз – 
есіл-дерті мал жию болып, өзі жеуге қимаған, сөйтіп, 
өмірінің өткенін білмеген адам. 
Өлең 
Өмірін алтын-күміс жинаумен өткізіп, оны жеуге қимас,
Көбейтеді мал-мүлкін, өлемін деп ойламас. 


369 
Ол – қасіретті адам, өле қалса намазын да шығарма, 
Өйткені ол ақыретті ойламаған. 

Тірлігінде үйінен дәм татпағандар, өлгенінде нәмін
80
ауызға алмас. 
Жүзімнің тәттілігін бақ иесі білмес, жетімдер білер. 
Жүсіп пайғамбар Мысырда аштық болғанда, аштарды 
ұмытпас үшін тамақ жемепті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет