370
ҚЫРАУБАЕВА АЛМА
(1947-2001)
Қазақтың
көрнекті
ғалымы,
филология
ғылымдарының
докторы
(1997),
профессор
(1998),
Жамбыл Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың
лауреаты (1997) ҚЫРАУБАЕВА Алма Мүтәліпқызы 1947
жылдың 26 мамырында Қызылорда облысы, Сырдария
ауданы, Бірқазан станциясында дүниеге келді.
Мектеп
қабырғасында
жүргенде-ақ
әдебиетке
бейімділігін танытқан шәкірт өлеңдері мен әңгімелері
аудандық,
облыстық
газет
беттерінде
жарияланып,
мамандар мен оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.
Сыр
бойына айтыскер ақын, белдескенін жыққан балуан
ретінде танылған Мүтәліп әкесінің тәрбиесі де болашақ
ғалымның өміріне даңғыл жол ашты. Орта мектепті алтын
медальмен бітірген Алма Мүтәліпқызы арман қуып
Қазақстандағы іргелі оқу орны – С.М. Киров атындағы
Қазақ Мемлекеттік Университетіне оқуға түсті. Қазақ
әдебиеті мен мәдениетіне
ерекше бір леп әкелген жаңа
толқынмен бірге осы оқу орнын бітірген (1970) талантты
түлек ұстаздарының назарына ілігіп, аспирантураны да
тәмамдайды (1973).
1974 – 2000 жылдар аралығында қазақ ғылымының
қара шаңырағына айналған осы университетте ғылыми-
педагогикалық қызмет атқарды. А.Қыраубаева
қазақ
әдебиетінің ежелгі дәуірі мен қазақ әдебиетіндегі шығыс
поэзиясының ықпалы мәселелері бойынша ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ұстаз-ғалымның қазақ
әдебиетінің ежелгі дәуірін зерделеудегі еңбектері әдебиетті
дәуірлеу кезеңдеріне қатысты тұжырымдарда үлкен
маңызға ие болды. Әдеби жәдігерлерді зерделеудегі
ғалымның көзқарастары көне дәуір мұраларын зерттеу
371
бағытындағы ғылыми мектептің
қалыптасуына негіз
болды. Ғалымның табанды зерттеулерінің нәтижесінде
оның қаламынан «Махаббатнама» (1985), «Түркі әдебиеті»
(1988), «Ғасырлар мұрасы» (1988), «Жаным садаға» (1995),
«Шығыстық қисса-дастандар» (1997) атты монографиялар
мен оқу құралдары, жүзден астам ғылыми-әдістемелік,
публицистикалық мақалалар жарыққа шықты.
Алма Қыраубаеваның педагогика саласындағы
еңбектері мен
ұстанымдары да жаңа буынды
тәрбиелеуде, оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуда тың
тұжырымдарымен ерекшеленді. Оның 1993 жылы Алматы
облысы,
Қарасай
ауданына
қарасты
О.Жандосов
ауылында ашқан гуманитарлық қазақ мәдениеті мектеп-
лицейі оқу-ағарту жүйесін реформалаудағы жаңашыл
бастамалардың біріне айналды. Шәкірттердің Ел – Жер
Әлем – Мен кеңістігіндегі дүниетанымын кеңейту
ғалымның «Сенім» бағдарламасының басты мақсаты
болатын. Шәкірттер «Әлемтану», «Елтану», «Ислам
мәдениеті», «Еуропа мәдениеті» т.б.
секілді жоғары оқу
орындарында оқытылатын арнайы курстармен осы киелі
шаңырақта-ақ
танысты.
Тәуелсіздіктің
алғашқы
жылдарында ғалым бастамасымен ашылған бұл мектеп
қазақ баласының білімді де білікті тұлға ретінде
қалыптасуына сара жол ашты. Шәкірттерінің ыстық
ықыласына бөленген ұстаз-ғалым қазақ мектептеріне
арналған тұңғыш «Ежелгі әдебиет» оқулығының (1996),
жоғары оқу орындарына арналған «Ежелгі дәуір әдебиеті»
хрестоматиясының (1991) авторы.
Ел астанасының
ғылыми қуатын қалыптастыру
жолында ғалым еңбек жолын Астана қаласындағы
Л.Н.Гумилев
атындағы
Еуразия
университетінің
профессоры қызметімен жалғастырды және Қазақ ұлттық
музыка академиясы қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі
болды.
372
Алма Қыраубаева қазақтың ән өнерін насихаттап,
зерттеуде де үлкен үлес қосты. Жыр алыбы Жамбылдың
ұмытылған
ән-термелерін жинақтап, өз орындауында
Қазақ радиосының Алтын қорына жаздырып, «Жамбыл
әуендері» жинағын құрастырды.
А. Қыраубаева 2001 жылғы 5 ақпанда Астана
қаласында дүние салды.
Достарыңызбен бөлісу: