ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЗІРГІ АЙТЫЛУ ҚАЛПЫНА
ТҮСІРІЛГЕН ҮЛГІСІ
I. Оғуз қағанның тууы мен балалық шағы баяны
1. ...Тағы мұнан соң сүйініш тапты. Және күндердің
бір күні Айқағанның көзі жарыды, босанды. Еркек бала
туды. Осы баланың өңі, шырайы көк еді, ауызы оттай
қызыл еді, көздері қара кер, шаштары, қастары қара еді.
Жақсы тектілерден де көріктірек еді.
91
2. Осы ұл анасының омырауынан бір-ақ рет сүт еміп,
бұдан артық ембеді. Шикі ет, тамақ, шарап тіледі. Тілі
шыға бастады. Қырық күннен соң үлкен болды, жүрді,
ойнады. Осы ұлдың аяғы өгіз аяғындай, белі бөрі беліндей,
жауырыны бұлғын жауырынындай, кеудесі аю кеудесіндей
еді. Денесінің бәрін түгел түк басқан еді.
Малдарды күтіп жүретін болды,
Аттарға мініп жүретін болды,
Аң-құс аулап жүретін болды.
II. Оғуз қағанның жігіт болуы және ерлік көрсету
үшін аттану баяны
3. Оғуз қаған күндерден соң, түндерден соң жігіт
болды. Бұл // заманда бұл жерде бір үлкен орман бар еді,
көп теңіздер, көп өзендер бар еді. Мұнда жүгірген аң көп-
көп еді, мұнда ұшқан құс көп-көп еді. Осы орман ішінде
үлкен бір қат
42
бар еді. Малдарды, ел-жұртты жеп
қоймаушы еді. Өзі үлкен еді, өзі үрейлі бір аң еді. Зор
айбатпен ел-жұрттың жүрегін шайлықтырып еді. Оғуз
қаған бір ер жүрек кісі еді. Ол бұл қатты аулауға ой қылды.
4. Күндерде бір күн (Оғуз қаған) аңға шықты. Найза,
// жай, оқ, тағы қалқан алып аттанды.
(Сол орманға барды. Барып) бір бұғы ұстап алды. Сол
бұғыны талдың шыбығымен ағашқа байлады. (Өзі қайтып)
кетті. Бұдан соң ертеңіне таң ертең қайта келді. (Келіп)
көрді (қат) бұғыны алған екен. Және де бір аюды (ұстап)
алды. (Сол аюды) алтынды белбеумен ағашқа байлады.
(Өзі қайтып) кетті. Бұдан соң ертеңіне таң ерте қайта келді.
Келіп көрді. Қат аюды алған екен.
5. (Оғуз) тағы да осы ағаштың түбіне (келіп) тұрды.
42
Қат – мифтік жыртқыш аң.
92
Қат келіп басымен Оғуздың қалқанын соқты. Оғуз
найзамен қаттың басына соқты, оны өлтірді. Қылышпен
басын кесті. (Кесіп) алып, кетті.
Тағы да келіп көрді. Көрсе бір сұңқар қаттың ішек-
бауырын жеп отыр екен. Оғуз жаймен, оқпен сұңқарды
өлтірді. Қылышпен басын кесті. «Сұңқардың белгісі
мынадай». Бұдан соң (Оғуз) айтты:
Бұғы жеді,
Аю жеді, –
6. Найзамен өлтірді,
Темір болған соң;
Қатты сұңқар жеді, –
Жаймен оғым өлтірді,
Жел боп ұшқан соң, –
деп айтты да, (жүріп) кетті.
«Және қаттың белгісі мынадай»
III. Оғуз қағанның үйлену баяны. Ай, Күн,
Жұлдыз, Тағ, Көк, Теңіз деген балаларының тууы
баяны
Күндерде бір күн Оғуз қаған бір жерде Тәңіріге
жалбарынып отыр еді. Қараңғы болды. Көктен бір жарық
(сәуле) түсті. Күннен аян, айдан қуқылырақ еді. Оғуз қаған
(көк жарыққа қарай) жүрді, көрді. Көрсе // әлгі жарықтың
арасында бір қыз бар екен, жалғыз отыр екен. Артықша
көрікті бір қыз екен. Ол қыздың маңдайында оттай сәуле
шашқан бір меңі бар екен. Алтын-қазықтай екен.
Осы қыз сондай көрікті еді: күлсе Көк Тәңірі (нің өзі)
күлетіндей, жыласа Көк Тәңірі (нің өзі) жылайтындай еді.
Оғуз қағанның оны көргенде жаны қалмады. (Ол)
8. қызды алып үйіне (кетті.) (Оны) сүйді, алды. //
Бірге жатты. Тілегі қабыл болды. (Сол қыз) жүкті болды.
Күннен күн өтіп, түннен түн өтіп, көзі жарыды, үш ер бала
93
туды, Біріншісіне Күн (деп) ат қойды, екіншісіне Ай деп ат
қойды, үшіншісіне Жұлдыз (деп) ат қойды. Бір күндері
Оғуз қаған тағы да аңға кетті. (Аңда жүрсе) бір көлдің
ортасынан бір ағаш көрді. Бұл ағаштың қуысында // 9. бір
қыз бар екен, жалғыз отыр екен. Артықша көрікті бір қыз
екен. Ол қыздың көзі көктен де көгірек екен, оның шашы
теңіз толқынындай екен, тісі інжудей екен.
(Осы қыз) сондай көрікті еді: жер басқан ел-жұрт оны
көрсе: «Ай, ай! Ах, ах! Өлерміз!» – деп сүттен қымыз
болатындай еді. Оғуз қағанның оны көргенде ынтығы
кетті, жүрегіне от түсті. (Оны) сүйді, алды. Бірге жатты.
Тілегі қабыл болды. (Сол қыз) жүкті болды. Күннен күн
өтіп, түннен түн өтіп көзі жарыды, үш ер бала туды.
Біріншісіне Көк (деп) ат қойды, екіншісіне Тау (деп) ат
қойды, үшіншісіне Теңіз (деп) ат қойды.
IV. Оғуздың қаған болуы және үлкен той жасауы,
төрт тараптағы елдерге елшілер жіберуінің баяны
Бұдан соң (бір күні) Оғуз қаған үлкен той берді, ел-жұртын
жарлық // шашып шақырды. (Тойға жұрт көп) келді. Үлкен
жиын болды. (Тойға арнап) қырық орындық, қырық
43
үстел
шаптырды. Неше түрлі тамақ, неше түрлі шарап, сорпа-су
қымыз ішіп-жеді. Тойдан соң Оғуз қаған бектеріне, ел-
жұртына жарлық берді. Тағы да айтты:
Мен сендерге болдым қаған!
Алалық жай, тағы қалқан!
Тамға бізге болсын бұйан
44
Темір жыда//лар
45
, бол орман
Ау жерде
46
жүрсін құлан!
Тағы талуй
47
, тағы мүрен
48
,
43
«Қырық» сөзі бұл жерде есепсіз көп деген мағынада.
44
Бұйан – ізгілік.
45
Жыда – найза.
46
Ау жерде – аң аулар жерде.
47
Талуй – мұхит.
94
Көк бөрі болсын ұран!
Күн, ту бол. Көк қурықан
49
,
деп айтты. Және бұдан соң Оғуз қаған төрт тарапқа
жарлық жүргізді. Білдіргілік
50
жазып елшілеріне беріп
жіберді. Әлгі білдіргілікте былай деп жазылған еді: деп
айтты.
Мен Ұйғырдың қағаны боламын
Жердің төрт бұрышының қағаны болсам керек-ті,
13. Сендерден бас имек // тілеймін, көнсең керек-ті.
Кімде-кім аузыма қарар болса,
Тарту тартып, дос тұтармын.
Кімде-кім аузыма қарамас болса,
Шамырқанып, әскер құрып, дұшпан тұтармын!
Үдере басып, асып-састырып,
Жоқ ету үшін қыларымды қылармын! –
деп айтты.
14. Сол заманда оң жағында
51
Алтын қаған деген бір
қаған бар еді. Сол Алтын // қаған Оғуз қағанға елшілерін
жұмсады, жіберді. Қыруар көп алтын-күміс бастатып,
нешеме қымбат жақұт тас алып, есепсіз асыл бұйымдар
жіберіп, жұмсап, Оғуз қағанға сыйға берді. Аузына қарады.
Жақсылап бергі
52
(төлеп) достасты, онымен жақындықта
болды.
15. Сол жағында
53
Урум
54
деген бір қаған бар // еді,
Сол Урум қаған Оғуз қағанның жарлығын тұтпас еді.
48
Мүрен – дария теңіз.
49
Қурықан — шатыркөк шатыры.
50
Білдіргілік – елші хат, нота.
51
Оң жақ – шығыс.
52
Бергі – салық.
53
Сол жақ – батыс.
54
Урум – Византия.
95
Қатағлағу бармас еді
55
. «Мұның сөзін қабыл
алмайтын! (Тұрысатын болсаң) тұрысамын!» – деп
жарлығына бағынбады.
V. Оғуз қағанның Урум қағанға қарсы
аттануы (ның) баяны. Оғуз әскерін көк бөрінің
бастап жүруі (нің) баяны
Оғуз қаған қатты қаһар шақырып, Урум қағанға
аттануға ниет қылды. Әскермен бірге аттанып, туларын
ұстап (жүріп) кетті. Қырық күннен соң Мұзтау деген
таудың түбіне келді.
16. Шатырларын түсіріп, шөк болып ұйықтап кетті.
Таңертең болғанда Оғуз қағанның шатырына күндей бір
жарық кірді. Ол жарықтан көк түкті, көк жалды бір еркек
бөрі шықты. Осы бөрі Оғуз қағанға сөз беріп тұрып, былай
деді:
17. «Ай, ай Оғуз!
Урум үстіне сен аттанар боласың!
Ай, ай Оғуз!
Қызметінде мен жүрер боламын! –
деп айтты.
Бұдан соң Оғуз қаған шатырын түргізіп, (жүріп) кетті. (Бір
уақытта) қарады, (қараса) әскердің алдын бастап көк түкті,
көк жалды үлкен бір еркек бөрі шауып барады екен. (Оғуз
да әскерімен) ол бөрінің артынан соңына түсіп, шаба
жөнелді.
18. Бір // неше күндерден соң көк түкті, көк жалды
бұл үлкен бөрі тоқтады. Оғуз да әскерімен тоқтады.
55
«Қатылғағу» сөзі – контекске қарай әр түрлі мәнде келе береді. Бұл
жерде – «соңына еру, жолында болу» деген мәнде.
96
VI. Оғуз қағанның Урум қағанымен соғысы
баяны. Урум қағанды жеңуі және елін қарату баяны
Ол жерде Етіл теңіз деген бір теңіз бар еді. Етіл теңіздің
төменгі жағында бір қара тау етегінде ұрыс болды.
Оқпен, найзамен, қылышпен ұрысты.
Әскерлердің арасында көп-көп ұрыс болды//
19. Ел-жұрттың көңілінде көп-көп қайғы болды.
Ұстасу, соғысы сондай жаман болды: – Етіл теңізінің
толқыны қып-қызыл, сіп-сіңірдей
56
болды. Оғуз қаған
басты, Урум қаған қашты. Оғуз қаған Урум қағанның
қағандығын
57
алды. Ел-жұртын
20. алды. Ордасына есепсіз өлі олжа, есепсіз тірі //
олжа түсті.
VII. Оғуз қағанға Урусбектің оғлы Сақлаптың
тарту-таралғымен келу баяны
Урум қағанның бір жақын-жуық адамы бар еді. Урус бек
деген еді. Сол Урус бек баласын тау басындағы Терең
өзеннің арасындағы өте берік қалаға жұмсады. Тағы да
айтты: «Қаланы қадағалап, жақсы күзету керек. Сен және
ұрыстардан соң қаланы маған аман сақтап тұр», – деп
айтты.
21. Оғуз қаған сол қамалға аттанды. Урус // бектің
баласы (Оғуз қағанның алдынан) көп алтын-күміс жіберді.
Тағы айтты: «Ай, менің қағанымсың. Маған атам бұл
қаланы берді және айтты: «Қаланы қадағалап, жақсы
күзету керек. Сен және ұрыстардан соң қаланы маған аман
сақтап тұр, – деді. Атам қаһар қылса, менің еркім бар ма?
Сенен жарлық, байлық біліктік көремін//. Біздің құтымыз –
сенің құтың, біздің ұрығымыз – сенің ағашыңның ұрығы.
56
Сіп-сіңір – сіңір түсті деу.
57
Қағандық – мемлекетін, билігін.
97
Тәңірі саған жер
58
беріп, (бар игілігін) өзіне бұйырып тұр.
Мен саған басымды, жан-тәнімді беремін. Салық-сый
беріп, өзіңмен достықта, (ынтымақта) боламын», – деп
айтты. Оғуз қаған жігіттің сөзін жақсы көрді, сүйсінді,
ризалықпен.
23. күліп айтты:
Маған көп алтын жұмсапсың,
Қаланы жақсы сақтапсың, –
деп айтты.
Сол үшін де оған Сақлап [деп] ат қойды. Дос болды.
[Күндерде бір күн] әскерімен Оғуз қаған Етіл деген теңізге
келді. Етіл [деген] үлкен бір теңіз болатын. Оғуз қаған оған
қарап тұрып айтты: «Етілдің суынан қалай өтерміз?» – деп
айтты.
Әскерінде бір жақсы бек бар еді. Оның аты Ұлығ Орду бек
еді.
24. Үздік, ұғымтал бір ер еді [Сол ер] қарады, [қарап
тұрса] жағада қалың тал, қалың ағаш бар екен. Ол бұл
ағаштарды, талдарды кесті. Ағаштардан [сал жасады, жұрт
үстіне] жайғасты. [Теңізден] өтті. Оғуз қаған қатты
сүйсінді, [ризалықпен] күліп айтты:
«Ай, ай! Сен осы жерге бек бол!
Қыпчақ деген сен бек бол! –
деп айтты.
(Оғуз қағанның әскері тағы да ілгері шығысқа қарай
25. жүрді. Бұдан соң қаған тағы да көк түкті//, көк жалды
еркек бөріге қарады. Ол көк бөрі Оғуз қағанға айтты: «Енді
әскеріңмен бұл арадан аттан, Оғуз! Аттан да, ел-
58
Жер сөзі бұл Оғуз қаған иелігіндегі территорияны меңзейді.
98
жұртыңды, бектеріңді жи. Мен бастап, саған (жол)
көрсетермін», – деп айтты.
Таң ертең болғанда (Оғуз қаған) қарады. Қараса, еркек бөрі
әскерлерінің алдында жүріп бара жатқан екен. (Оғуз қаған)
сүйсінді, (ілгері) (жүріп) кетті. Оғуз // қаған бір Шауқар-
26 (таң (деген) айғыр атқа мініп жүруші еді. Осы
айғыр атты бек қатты сүйетін еді. Жолда сол айғыр ат
көзден тез ғайып болды, қашып кетті. (Сол арада) үлкен
бір тау бар еді.
Ұша-қырқасы тоң және мұз болатын. Оның басы суықтан
аппақ. Сол үшін оның аты Мұзтау еді. Оғуз қағанның аты
осы Мұзтаудың ішіне қашып
27. кетті. Оғуз қаған бұған // көп уақыт қапа шекті.
Әскерде бір зор қайратты ер, өзі бек кісі бар еді.
Анау-мынаудан қорықпайтын еді, қиын жүрісте, боранды
шақта оңтайлы, икемді ер еді. Осы бек тауға кірді, (қарап)
жүрді. Тоғыз күннен соң Оғуз қағанға айғыр атты алып
келді. Мұзтауда көп суық, аяз болғаннан ол бек қырауға
малынған еді, аппақ еді.
28. Оғуз // қаған қуанышпен күлді, күліп айтты:
«Ай сен бектерге болғын бастық,
Менен саған ат болсын Қағарлық!» –
деп айтты. Көп қымбат бұйым сыйлады. Оғуз қағанның
әскерінде үздік шебер бір кісі бар еді. Оның аты Бармақлуғ
Жосун Білліг еді. Бұл шебер бір қанға шапты. Қанға үстіне
елі олжаны тиеді, қанға басына тірі олжаны жекті. Тартты,
жүріп кетті.
32. Нөкерлерінің, ел-жұртының бәрі мұны көрді,
көріп асықты, қанғаларды тағы шапты. Бұл қанғалар
жүргенде «қанға, қанға» деп дыбыс беретін еді, сол үшін
оларға «қанға» деп ат қойды. Оғуз қаған қанғаларды көрді,
сүйсініп күліп айтты:
99
«Қанға, қанға» дегізіп, өліні тірі жүргізсін! Қанғалуғ
саған ат болар, қанға білгізсін!» – деп айтты.
XV. Оғуз қағанның аяң айтатын жырауы Улуғ
Түрүктің түс көруі және бұл түсін Оғуз қағанға
айтып жоруы баяны
Тағы да тысқары қалмасын, белгілі болсын. Оғуз қағанның
жанында ақ сақалды, мұз шашты шексіз өнерлі бір қарт
кісі бар еді. Ақылы тура бір ер еді. Түсімел
59
еді. Оның аты
Улуғ Түрүк еді.
Осы Улуғ Түрүк күн//дерде бір күн ұйқыда бір алтын жай
көрді, тағы да үш күміс оқ көрді. Бұл алтын жай күншығар
жерден күн батар жерге дейін тиіп тұр еді. Ал үш күміс оқ
сол түстікке қарай кетіп (атылып) бара жатыр еді. Оянған
соң түсінде көргенін Оғуз қағанға білдірді. Тағы да айтты:
37.
Ай қағаным! Саған жасар жас болсын ұзын
Ай қағаным! Саған//берер төре болсын түзін
60
Маған Көк тәңірі берді түсімде, келтірсін
Талай тұрар жерді ұрығыңа бердірсін! –
деп айтты.
Оғуз қаған Улуғ Түрүктің сөзін жақсы көрді. Үгітін
61
сұрады. Үгітіне қарай (іс) қылды.
XVI. Оғуз қағанның балаларын аң аулауға
жұмсау баяны. Балаларының жолай алтын жай және
үш күміс оқ тауып алуы, оны аталарына алып келуі
баяны
59
Түсімел – түсінде көретін, түс жоритын.
60
Түзін – түзу, тура, әділ.
61
Үгіт – ақыл-кеңесін.
100
Бір күні таңертең Оғуз қаған ағалы-інілерін дауыстап
шақырды және оларға айтты:
38.
«Ай, менің көңілім ауды тілеп тұр-ау,
Кәріліктен // қуат-күшім жоқтыр-ау.
Күн, Ай, Жұлдыз, таң атар жаққа сендер бар(ыңдар),
Көк, Тау, Теңіз, түн түнер жаққа сендер бар(ыңдар)»
– деп айтты.
Бұдан соң үшеуі таң атар жаққа барды, тағы үшеуі түн
түнер жаққа барды.
39. Күн, Ай, Жұлдыз көп аң, көп құс аулаған соң, қайтып
жолда бір алтын жай тапты, оны алды. Келіп атасына
берді//.
Оғуз қаған сүйсінді, ризалықпен күлді. Тағы жайды
сындырып үшке бөлді. Тағы айтты:
Жай болсын сендерге, ай ағалар!
Жай оқтарды көкке атыңдар! –
деп айтты.
Және одан соң Көк, Тау, Теңіз көп аң, көп құс аулаған соң
(қайтып) жолда үш күміс оқты тапты, (оны) алды, (келіп)
атасына берді.
40. Оғуз қаған сүйсінді, ризалықпен күлді. Тағы
оқ//тарды үшеуіне үлестірді. Тағы айтты:
«Ай, інілер!
Оқтар болсын сендерге!
Жай атты оқты –
Оқтардай бол сенде де! –
деп айтты.
XVII. Оғуз қағанның ұлы құрылтай шақырып,
бектерін, ел-жұртын жиып той беруі баяны.
Балаларына жұртын бөліп беруі баяны. Оғуз қағанның
өсиет сөзі
101
Оғуз қаған ұлы құрылтай шақырды. Нөкерлерін, ел-
жұртын жарлық шашып шақырды. Нөкерлері, ел-жұрты
келіп кеңес құрып отырды.
Оғуз қаған үлкен ордада отырды. Тағы жарлық беріп, оң
жағына // қырық құлаш ағашты тіктірді, оның басына бір
алтын тауық қойды, түбіне бір ақ қойды байлады, сол
жағына қырық құлаш ағашты тіктірді, оның басына бір
күміс тауық қойды, түбіне бір қара қойды байлады. Оң
жаққа Бұзоқтар отырды, сол жаққа Ұшоқтар отырды.
Қырық күн, қырық түн жеді // ішті, қуанышқа бөленді.
Бұдан соң Оғуз қаған ұлдарына жұртын үлестіріп берді.
Тағы да айтты:
Ай, ұлдарым, көп мен астым,
Ұрыстарды көп мен көрдім.
Найза сілтеп, көп оқ аттым.
Айғыр мініп көп жорыттым.
Дұшпандарды жылаттым,
Достарымды күлдірдім,
Көк Тәңірге мен өтеуім,
Сендерге жұртым (ды) беремін, –
деп айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |