Бүгінгі таңда тек Голландия елінде парламент деңгейінде
аутоназия жөнінде заң
қабылданып, ол іске асуда.
Енді келесі үлкен мәселені - өлместікті талдауға уақыт келген саяқты. Бұл мәселе
адам өмірі мән-мағынасымен тығыз байланысты екенін сол сәтте байқауға болады. Егер
бұл дүниеге келген адам өз ізін қалдырмаса, онда ол не үшін келді,
оның жаңбыр
құртынан айырмашылығы қандай деген сұрақ пайда болады емес пе!
Өлместік мәселесі қайсыбір діннің өзегін құрайды. Өлместік идеясы сонау көне
заманда адамдардың өлімнен қорқу сезімінен өз бастауын алады. Көне Үндістан және
Мысыр елдерінде адам өлгенде оның жаны басқа денеге
көшетіні жөніндегі идеялар
қалыптасты. Буддизмдегі мойындалатын нәрсе - жан әрбір жаңа денеге көшкен сайын өз
күнәсінан тазара береді.
Көне гректер адам өлгеннен кейін оның екінші өмірі басталады деген пікірде
болған.
Олардың ойынша, құдайлар мен адамдардың арасында онша көп айырмашылық
жоқ, өйткені жақсы адам өлгеннен
кейін өлместік сыйына ие болып, құдайлардың
қатарына кіреді. Ал
құдайларға келсек, олар өмір сүріп жатқан адамдарға келіп,
қарым-
қатынасқа тусіп, тіпті жердегі әйелдер олардан аса күшті ер балалар, я болмаса аса сұлу
қыз балаларды туады екен. Мысалы, Геракл Зевс құдайы мен Алкмена деген әйелден
туыпты-мыс.
Бүгінгі
таңдағы
Достарыңызбен бөлісу: