Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


Адамның өлімі мен өлместігі



Pdf көрінісі
бет120/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   189
Байланысты:
umkd-4

Адамның өлімі мен өлместігі
Өмірдің өліммен аяқталатынын әрбір адам біледі бұл Дүниеге келгеннен кейін 
уақыты келгенде кету керек. Ол бізге тәуелді емес, қолымызда тұрған жоқ, ол - табиғи 
заңдылық. Адамзаттың мыңдаған жылға созылған өмір тәжірибесі бірде-бір өлген 
адамның тіріліп, өмірге қайта келгенін көрсеткен жоқ. 
Өйткені өмірді ешқандай байлыққа сатып алуға болмайды, бірақ оның бір ғана 
өлшемі бар, ол - «ұлы мәртебелі Табиғаттың» (я болмаса, егер адам сенімде болса -
Құдайдың) әр адамға берген өмір жасы, яғни уақыты.
Антик Дәуіріндегі стоиктер: «Өлімді есіңнен шығарма!» - деген болатын.
Бұл Дүниеде қайсыбір тіршілік формасы, - соның ішінде адам да, - бір ұрпақты 
екінші ұрпақпен ауыстырып, өз өмірін жалғайды. Табиғаттың «даналығы» - осында. 
Соның арқасында алға өрлеу, даму бар. 
Уақытында ұлы Платон: «Философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді», - 
деген болатын. Кейбіреулер өмірінің жартысын «гүлге қонған көбелек» саяқты өткізіп, 
қырыққа келіп, ақылы тоқталған кезінде өз алдына өмірлік мақсаттар қойып, оны асыға 
істей бастайды. Бірақ көп жағдайда «ұлы мәртебелі Табиғат» оларды аяқтауға уақыт 
бермейді.
Екіншілерге өлім үрейін аттап өтуге діни сенім көмектеседі. Олар тәні 
болмағанмен, жан-дүниесінің мәңгі өмір сүретініне деген үміттеніп өмірмен қоштасады. 
Үшіншілер бұл күйбең өмірде ішіп-жеу, ойын-сауық құру, әр сәттен ләззат алудан 
басқа еш нәрсе жоқ деген өмірлік бағыт ұстайды. Бірақ оқтын-оқтын мешітке барып (кім 
біледі, мүмкін Алла тағала бар шығар деген ой кейбір кезде оның жүрегін сыздатады) 
садақа беріп, дұға оқытады.
Енді Платонның айтқан философиялық дайындығы бар адамға келсек, ондай 
адамды өлім үрейлендіре алмайды.
Бесінші адамдар өз тағдырының шеңберінде тырысып бағып, өмірдің шаттығын да, 
зардабын да толығынан басынан өткізіп, бұл өмірде өзіне тән із қалдыру жолында бар 
күш-қуатын аямай жұмсап, өлім алдына өмірден шаршаған саяқты сезіммен келеді. Ол өз 
өмірін толығынан аяқтады. Ешқандай өкініш жоқ. Орындалмаған армандар болғанның 
өзінде, ол оны табиғи заңдылық ретінде түсінеді. Ол - нағыз адам. Ондай адам көп 
жұрттың есінде мәңгілік қалады. 
Соңғы жылдары Батыс университеттері мінбелерінде «ауто-назия» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет