иудаизм, христиандық және ислам діндері адам өлгеннен
кейінгі оның жан дүниесінің өлместігін мойындайды. Дегенмен де бүгінгі таңдағы бірде-
бір дін өмір, я болмаса, өлімнің не екенін түсінікті ғылым адамға жеткізе алмайды.
Идеалистік философиядағы өлместік жөніндегі ойлар діни көзқарасқа өте жақын.
Алайда мыңдаған жылдарға созылған адамзат тәжірибесінде ешкім де қайта тірілген жоқ
және қазіргі білімді адамға «о дүниеде денесіз мәңгі өмір сүретін жанды» көзге елестету
өте қиын шаруа екенін ашық айту керек. Көп адамдар оған сенбейді де.
Бүгінгі таңдағы ғылыми деректерге сүйене отырып, біз тіпті дене ретінде де мүлде
өшпейтінімізді айтып кетуіміз керек. Өйткені өмір жаңа өмірді тудырып, өз өмірін
жалғастыра береді. Біздің бет-әлпет, мінез-құлық, сезім, дене бітім, табиғи дарын т.с.с.
ерекшеліктеріміз толығынан болмаса да, болашақ ұрпақтарға дариды. Олай болса, біз
толығынан бұл өмірден кетпейміз, бала, немере өмірі арқылы қала береміз.
Енді адамның жан дүниесі, рухына келер болсақ, ұлы адамдардың шығармашылық
ісі адамзат тарихында мәңгілік сақталады. Абай, Құрманғазы, Шоқан, т.с.с. мыңдаған
қазақ халқы тудырған асылдар өз шығармашылығымен тарихта мәңгі өмір сүреді.
Олардың тудырған рухани құндылықтарынан біз мәңгіліктің қоңыр лебін сезінгендей
боламыз.
Енді миллиондаған қарапайым адамдардың тағдырына келер болсақ, олардың
өлместігі - өз өмір шеңберіндегі жасаған басқа адамдарға деген жақсылығымен
байланысты болса керек. Өйткені ол олардың есінде қалады. Ол дене ретінде көз
алдымызда жоқ болса да, рух ретінде бізбен бірге өмір сүріп қала береді. Ұлы Конфуций
айтқандай, жақсы адам халықтың сый-сияпатына ие болса, жаман адам ит саяқты бір
шұңқырда ұмыт болып қалады.
Десек те, әрине, қазіргі адам мұндай көздараспен келіекісі келмейді, ол шынайы
өлместікті армандап, барлық үмітін ғылымға артады. Әсіресе тез қарқынмен дамып келе
жатқан