Ал адамның өмірін гендік жолмен ұзартуға бағытталған
зерттеулер қандай
салдарларға әкелуі мүмкін екенін ешкім бүгінгі таңда білмейді.
Кейбір ғалымдардың
айтуына қарағанда, оның теріс салдары ядролық бомбаны ойлап шығарғаннан да жаман
болуы мүмкін.
Екінші жағынан, адам Дүниедегі ең
теңдесі жоқ биік құндылық
болғаннан кейін, оның өмірі мен денесіне жасанды тәжірибелер жасау қылмыс болар еді
(адам көлбақа емес қой).
Мәселенің ғылыми емес, моральдық жағына келер болсақ, бірде-бір жер бетінде өзі
тудырған қауіп-қатерді адамзат әлі шешкен жоқ. Жеке адамның өмірін ұзартпақ түгіл,
бүкіл адамзаттың құрып кету мүмкіндігі (ядролық соғыс, я болмаса экологиялық апат) осы
уақытқа дейін күн тәртібінен шығарылған жоқ. Осы адамға
шынайы өлместіктің керегі
қанша, егер ол күнбе-күн соғыс-қақтығыстарда бір-бірін осы уақытқа дейін өлтіріп жатса
деген заңды сұрақ дереу ойға келеді.
Қорқыт
- VIII ғ. Сыр бойында өмір сүрген батыр,
атақты ақын, асқан күйші,
қобызшы, аңыз кейіпкері.
Достарыңызбен бөлісу: