«Қорқыт ата кітабы»
- тұркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, өмір салтын,
әдет-ғұрпын, ақындық дәстүрін танытатын әпикалық-тарихи мүра. Оның ішінде 12 түрлі
дастан бар және оның әрқайсысы - өзінше аяқталған шығарма. Бұл шығармалардың түп-
тамыры, шамасы, сонау көне замандарда пайда болған мифологияға кетеді, сондықтан
олардың құндылығы да, міне, осында. Мысалы, Дерсе хан жөніндегі аңызда әйелінің
кеңесі бойынша, хан қара-пайым халыққа садақа үлестіріп, ата-бабасының аруағына
сиынып, тәңірден бала тілеп алады. Ол бала дәу бұқаны жүдырықпен ұрып-жыққаны
үшін, Бұқаш аталып кетеді. Мұндай желіс қазақ дастан-дарында көп кездеседі. Батырлар
«әулиеге ат атап, қорасанға қой атап» ата-бабалар қабіріне түнеп, көп тілектерден кейін
барып туады. Осылайша өмірге келген балалар өсе келе, ел-жұртының қорғаны,
қамқоршысы болып шығады (Ертөстік, Алпамыс, Қобы-ланды т.с.с).
«Қорқыт ата кітабындағы» Төбекөз (қазақ, қырғызда «Жалғыз көзді дәу»
ертегісінде кездеседі) өзінің іс-әрекеті, ой-мақсаты, қатыгездігі жағынан «Одиссей»
жырының үрейлі кейіпкерін еске тусіртеді.
Кітаптың бесінші тарауындағы «Тоқа баласы Ержүрек Дом-рул туралы жырда»
ажалмен күресу, өлместік мәселесі талданады.
Жалпы алғанда, «Қорқыт ата кітабындағы» көтерілген әлеу-меттік мәселелерге
келер болсақ, олар: халықтың
Достарыңызбен бөлісу: |