тәңір сүймес», «Көңілі пасық ерде дәулет болмас» деген
нақыл сөздер де жоғарыдағы
айтылған ойларға жақын екенін оқырман сезінген болар.
«Ескі темір біз болмас, ескі мақта бөз болмас», «Қар қаншама қалың жауғанмен -
жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек - күзге бармас» деген
нақыл сөздердің де терең
сыры бар. Өйткені дүниедегі барлық құбылыстар мен заттар
уақыттың шеңберінде өмір
сүреді, олай болса, әр
нәрсе өз уақытында ғана құнды, оның өз өлшемі бар.
«Ат қиналмай жол шалмас», «Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ»
деген
нақыл сөздер де өмірлік тәжірибеден алынған. Дүниеде бақытқа жету үшін
қиындықтар
мен қайшылықтардан етіп, тек ақылмен жасалған үлағатты істер атқару қажет деген ойға
әкеледі.
«Кімнің батыр, кімнің бақыл екенін жырау білер»
деген нақыл сөз тек
көпшіліктің мүддесі үшін істелген істер ғана құнды, қоғамның алға басуының тетігі, негізі
деп қарағаны болып шығады.
Сонымен Қорқыт атаның қалдырған терең философиялық ойлары (ел қорғау, ар-
намыс, бірлік үшін күресу, ізгі ниетте болу, үлағатты іс-әрекеттермен халықтың рухында
қалып, өлместік дәрежесіне көтерілу т.с.с.) ұрпақтан-ұрпаққа
рухани мұра болып қала
беретініне біз кәміл сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: