Баяндама томас Хельм Баяндама Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы



Pdf көрінісі
бет3/48
Дата07.02.2022
өлшемі14,74 Mb.
#97667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
KAZ Fin

ҚАЗАҚСТАН: ТАРИХ, САЯСАТ, ҚОҒАМ
Қазіргі Орталық Азия халқы орта ғасырларда көшпелі тайпалық қоғамда 
өмір сүрді. Олар өзін қоршаған ортадағы басқа да тіршілік иелерімен бай-
ланыста екеніне сенді. Ол кезде халықтың негізгі діни нанымы – шама-
низм еді. Шаманизмнің негізгі ұстанымы – бақсының ғаламат сиқыр күші 
бар, сондықтан ол дін қызметшісі немесе абыз болып есептеледі. Бұл өмір 
салтындағы алғашқы сілкініс VIII ғасырда өтті. Ұлы Жібек жолының бір 
бөлшегі болып саналатын Орталық Азияның жерлерінде өркендеп келе 
жатқан сауда қатынастары барысында ислам діні кеңінен тарала бастады. 
Алайда көшпенділер жаңа дінге өте сақтықпен қарағандықтан, олар-
дың исламды қабылдауы баяу және біртіндеп өткенін айта кету керек.
2
XIII–XIV ғасырлар аралығында қазіргі Қазақстан аумағындағы дала 
кеңістігі түрлі саяси өзгерістерге толы болды. Әуелі Шыңғысхан әскер-
лері жаулап алды, сонан соң Ақсақ Темірдің 
3
басқыншылары келді. Ұлы 
Иван (1440–1505) үшін де көшпенділер елінің маңызы зор еді. Ұлы князь 
Московскийдің мақсаты православты Ресей жеріндегі монғол үстемдігін 
жоқ ету болды. Исламдандырудың үлкен толқыны XV–XVI ғасырларда өтті, 
негізінен ол елге исламның 
4
сопылық ағымын әкелді. Сонда да қазақ 
көшпенділері жаңа діни уағыздарды салыстырмалы түрде кеш қабыл-
дады және өздерінің өмір салтына олардың кейбір түрлерін ғана енгізді.
1720 жылдары I Петр патша православты Ресей империясы жөнінде өз 
көзқарасын енгізді. Империяның сыртқы шекарасын барынша ұлғайту 
тек қана автономды аумақтық әкімшіліктер құру арқылы ғана жүзеге 
асуы мүмкін болды. І Петр Ресейге бағынышты елдерді біртұтас қалыпқа 
енгізу үшін гомогенді дін қалыптастыру қажет деп есептеді. Бұл сая-
сат мешіттердің 
5
кең көлемде жойылуына себепші болды. Бұның басқа 
2
Ленц- Райманн, Катрин. Исламның секьюриттелуі: Шырғалаң шеңбер. Терроризммен күрес 
және Орталық Азиядағы дін бостандығы. Билефельд: Баспагер Транскрипт, 2014. – Б. 118.
3
Бахнер, Кристиан. Патшалық Ресейдің Орталық Азияға енуі және Ресей әкімшілігінің 
құрылуы (1865 жыл мен 1890 жылдар аралығында). Диссертация, 2001, – 13 бет. URL: 
https://core.ac.uk/download/pdf/11540031.pdf (қараған күні: 20.05.2019).
4
Хальбах, Уве. ТМД-дағы ислам. Аумақтық және ұлттық деңгейлер (баяндамалар) BIOst, 
27–1996. Шығыс және халықаралық зерттеулер федералдық институты (Баспагер). – Б. 24.
5
Хамид, Адиб. Коммунизмнен кейінгі Ислам: Орта Азиядағы дін мен саясат. Лондон, 
Калифорния университеті, 2007. – Б. 36.


10
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
жағымсыз салдары құқық жүйесін реформалау еді. Енді құқық жүйесі 
шариғатқа 
6
емес, патшаның жарлықтарына бағынды.
Ұлы патшайым деп танылған Екатерина II тұсында парадигма ауысты, 
бұл өте маңызды салдарларға әкелді (1729–1796 жж.). Дінді қабылдау 
ресми саясаттың жаңа тұжырымы болды. Сол себепті мұсылман қоғамы-
мен арақатынас жақсарды, соның нәтижесінде әйел патшаға деген 
жақсы пікір қалыптасты. Діни сенімнің индустриялануына 1788 жылы 
Оренбургте мұсылмандардың діни кеңесінің құрылуы әсер етті. Ол діни 
әкімшіліктің 
7
жұмысын жүргізетін болды. Патша сондай-ақ татар миссио-
нерлеріне жергілікті халықтың отырықшы елге айналуына ықпал етуді тап-
сырды, бұл көшпенділерді 
8
урбанизациялау жолындағы маңызды қадам 
еді. ХІХ ғасырда II Екатеринаның саясаты тоқтаған соң, бұл көзқарас та 
өзгерді. Бұдан былай ислам дамуы түзу ағым ретінде қарастырылмады, 
керісінше ол, сол уақыттан жеткен жазбаларға, қарағанда көзсіз, дәлелсіз 
дін ретінде танылып, оның әсерінен қазақ халқы өздерін қорғай алады 
деген насихат таратылды.
Кеңес Одағында коммунистік үкіметтің қатты қолдауы мен атеизмді 
насихаттаудың арқасында діни ой-пікірлерді жаныштап басу жүзеге 
асты. 1917 жыл мен 1939 жылдар аралығында 140 000 мұсылман дін қыз-
меткері қамауға алынды, елден қуылды, тіпті өлтірілді де.
9
Коммунистік 
жүйе үшін адамдардың діни көзқарастары қиын мәселе бола тұрса да, 
трансценденттік сенімдер сақталып қалды және күнделікті діни рәсімдер 
10
орындала берді. Кеңестік жүйе бақылауды сақтап қалу мақсатында діни 
ағымдарды кеңестік заң нормаларына 
11
сәйкестендіруге әрекет жасады. 
Мұның мәнісі дін мемлекетке адал болуы үшін бейімделе білуі керек. Соны-
мен бірге, діни қоғамдар жаппай қуғын- сүргінге түскендіктен, қандай да 
6
Бахнер, 15-бет (3-сілтеме).
7
Халид, 36-бет (5-сілтеме).
8
Хальбах, 24-бет (4-сілтеме).
9
Тибо, Элен. Орталық Азияда секуляризациялаудың кеңестік жобасы: Бейімдеу мен 
институционалдық мұра: Евроштудиа 10 (2015) 1, 11–31 бет, осында: 13 бет, URL: https://doi.
org/10.7202/1032440ar (қараған күні: 17.05.2019).
10
Халид, 36-бет (5-сілтеме).
11
Тибо, 15-бет (9-сілтеме).


11
Қазақстан: тарих, саясат, қоғам
бір жеке діннің негізін зерттеуге мүмкіндік болмады. Кейбір жекелеген 
жағдайларда тіркелмеген 
12
діни оқулар жүргізілді.
Кеңес Одағы тарқап, Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алған-
нан соң діни қауымдардың жұмысы жандана бастады. Жаңа мешіттер мен 
басқа да діни ғимараттар салынды, ескі ғимараттар жөндеуден өткізілді. 
Қазір Қазақстанда түрлі діни сенімге ерекше маңыз беретін, дінді өзінің 
өмір салтына айналдырған жастар баршылық.
Кейінгі жылдары Қазақстанда бала туу деңгейі күрт өсіп жатыр, әсіресе 
бұл этникалық қазақтар арасында көптеп кездеседі. Казіргі уақытта елдегі 
халықтың саны 18,2 млн.
13
адам. Оның басым бөлігі – қазақтар (63,1%), 
орыстар (23,7%), одан кейін өзбектер (2,9%), украиндар (2,1%), ұйғырлар 
(1,4%), татарлар (1,3%), немістер (1,1%) және басқалар (4,4%).
14
12
Сонда, 16-бет.
13
Дүниежүзілік банк, Қазақстан, URL: https://data.worldbank.org/country/kazakhstan 
(қараған күні: 22.05.2019).
14
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі: Халық санағының 2009 ж. 
қорытындысы. Аналитикалық талдау есебі, Астана, 2011. – Б. 19. URL: https://www.liportal.
de/fileadmin/user_upload/oeffentlich/Kasachstan/40_gesellschaft/Kaz2009_Analytical_report.
pdf (қараған күні: 15.05.2019).


12
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет