Баяндама томас Хельм Баяндама Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы



Pdf көрінісі
бет6/48
Дата07.02.2022
өлшемі14,74 Mb.
#97667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
KAZ Fin

ДІНИ СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫ
Конституциялық негіздер
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының 
бірінші бабында зайырлы мемлекет туралы нақты айтылады: «Қазақстан 
Республикасы өзінің демократиялық зайырлы […] мемлекет ретінде 
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, 
құқықтары мен бостандықтары».
36
Бұл Конституцияның кіріспесінен де 
көрініп тұр. Онда еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына сай бейбіт 
қатар өмір сүру жөнінде айтылады. 4-бапта Қазақстан Республикасы 
бекіткен халықаралық шарттар немесе өзі қатысушы болатын шарттар-
дың қолданылуы заңдық тұрғыдан міндетті болып табылатыны нақты 
жазылған.
37
Төменде діни сенім мен нанымдар бостандығы үшін шешуші 
маңызы бар бөлімдер келтірілген:
5‑бап
4) Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік 
одақтардың қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ, саяси 
партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азамат-
тардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыланды-
руына жол берілмейді.
5) Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сон-
дай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер 
басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органда-
рымен келісу арқылы жүзеге асырылады […].
14‑бап
1) Заң мен сот алдында адамдардың бәрі тең.
2) Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, 
нәсіліне, ұлтына, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне бай-
ланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай 
кемсітуге болмайды.
36
Қазақстан Республикасының Елшілігі, ҚР Конституциясы, URL: http://mfa.gov.kz/en/
hague/content-view/the-constitution-of-the-republic-of-kazakhstan (қараған күні: 15.05.2019).
37
Сонда.


20
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
19‑бап
1) Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі 
анықтауға және оны көрсету- көрсетпеуге хақылы.
20‑бап
3) Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның 
тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты 
әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік, топтық, діни және рулық астам-
шылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық- зомбылыққа бас ұруды наси-
хаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.
Осы үзінділерден көргеніміздей, діни сенім бостандығы Қазақстан Кон-
ституциясында бекітілген. Солай бола тұрса да, діни қауымдардың қыз-
меті мен еркіндіктеріне саяси уәжді араласулардың кездесіп тұраты-
нын нақты көрсетуіміз қажет (келесі бөлімді «Діни сенім бостандығының 
бұзылуы» қараңыз).
38


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет