Баяндама томас Хельм Баяндама Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы



Pdf көрінісі
бет5/48
Дата07.02.2022
өлшемі14,74 Mb.
#97667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
KAZ Fin

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШЕКТЕУЛЕР
Халықаралық құқықтың маңызды нормасының бірі – Азаматтық және 
саяси құқықтары жөніндегі халықаралық пакт (16 желтоқсан, 1966) 
(АСҚХП),
31
ол 1976 жылдың 23 наурызында күшіне енді, ал Қазақстан 
оған 2006 жылы 26 қаңтарда қосылды.
32
АСҚХП-тің 18-бабы дін бостан-
дығы жөнінде анықтама береді және халықаралық құқыққа сәйкес, оны 
Қазақстан оны орындауға міндетті:
Әрбір адамның ар-ұждан, дін және ой бостандығына құқығы бар. Бұл 
құқық дінді немесе нанымды өз қалауынша білу немесе қабылдау бостан-
дығын және өз діні мен нанымын жеке немесе басқалармен біріге отыра 
жариялы немесе жеке ұстануды, сондай-ақ, діни рәсімдерді іске асыруды 
және діни ілімдер мен әдет жоралғыларын орындауды білдіреді.
Ешкімнің дін мен нанымды өз қалауы бойынша білу немесе қабылдау-
дағы бостандығына еріксіз жәбір көрсетуге немесе араласуға болмайды.
Дін мен нанымды ұстану бостандығына шектеулер тек қана заңға сәйкес 
қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіп пен денсаулықты, ізгілікті, сондай-ақ өзге 
адамдардың басты құқықтары мен бостандығын қорғау үшін қолданылады.
Осы Пактіге қатысушы мемлекеттер ата-аналардың бостандығын құрмет-
теуге міндетті. Сондай-ақ қажетті жағдайларда балалардың заңды қамқор-
шыларын да сыйлауға тиісті. Және балаларына өз нанымдарына сәйкес 
діни және адамгершілік тәрбие беруді қамтамасыз етуі керек.
Қазақстан 2009 жылдың 30 маусымында жеке шағымдарды беру және оны 
қарау жөніндегі факультативтік протоколға (16 желтоқсан 1966 жылғы) 
қосылды. Ол жеке тұлғалардың адам құқықтары жөніндегі Комитетке 
33
арыз-шағым беруге мүмкіндік жасайды.
31
Біріккен Ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі 
халықаралық пакт, 16 желтоқсан 1966, 23.03.1976 ж. күшіне енді (999 UNTS 171), неміс 
тіліне аударылған, URL: http://http://www.institut-fuer-menschenrechte.de/fileadmin/user_
upload/PDF-Dateien/Pakte_Konventionen/ICCPR/iccpr_de.pdf (қараған күні: 09.09.2019).
32
БҰҰ-ның келісімшарттар жинағы, келісімшарттардың статусы. URL: https://treaties.
un.org/Pages/ViewDetails.aspx?src=TREATY&mtdsg_no=IV-4&chapter=4&lang=en (қараған 
күні: 09.09.2019).
33
БҰҰ-ның келісімшарттар жинағы, келісімшарттардың статусы. URL: https://treaties.
un.org/Pages/ViewDetails.aspx?src=TREATY&mtdsg_no=IV-5&chapter=4&lang=en (қараған 
күні: 09.09.2019).


18
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
Жалпы ескертпелер (General Comment) No. 22, 20.07.1993 жылғы АСҚХП-да 
көрсетілген кейбір құқықтарды нақтылайды. Онда діни сенім бостандығы 
әмбебап ретінде көрсетіледі, яғни ол барлық адамдар мен нанымдарға 
бірдей қолданылады. «18-бап теистикалық, теистикалық емес және атеи-
стикалық нанымдарды қорғайды, сондай-ақ ешқандай дін мен нанымды 
ұстамауға құқық береді».
34
Сонымен қатар, ол өзінің діні мен нанымын 
өзгертуге еркіндік береді (5-тармақ). Бұдан бөлек өзінің ар-ожданының 
қалауымен әскери қызметтен бас тартуға мүмкіндік беріліп, оны осы 
қызметтің балама түріне ауыстыруы керек (11-тармақ).
АСҚХП-да көрсетілген діни сенім бостандығына арналған мемлекеттік 
шектеулер осы құқықтың маңызын сақтауға бағытталған қатаң кри-
терийлерге байланысты. Соған орай қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті 
және өзге де тұлғалардың құқығын қорғау мақсатындағы мүмкін болған 
құқықтық шектеулер тек қана forum extemnum-ге сүйенеді, ол сыртқа 
әлем алдында нанымның іске асуын түсіндіреді. Адамның жеке сақтығы 
мен оның нанымы құралатын ішкі дүниесін forum internum деп белгілейді.
АСҚХП-ны ратифициялаған мемлекеттердің үкіметтері өздеріне діни 
сенім бостандығын құрметтейміз, қорғаймыз және оған кепілдік береміз 
деген міндеттеме алған. Мемлекет діни сенім бостандығына негізсіз ара-
ласпауы керек, оны басқа тұлғалардың шектеулерінен қорғауы тиіс және 
діни сенім бостандығын адам құқықтарының бірі ретінде қолдауы керек. 
Сонымен қатар оларға осындай құқықтық жеңілдіктерді беруді жеңілде-
тетін тиісті кешенді шаралар өткізуді қарастыруы қажет.
35
34
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті, жалпы негіздегі ескертпелер № 22: Ой, 
ар-ождан және дін бостандығы жөніндегі құқық (18-бап АСҚХП), 20.07.1993 (CCPR/C/21/ 
Rev.1/Add.4), 2-тармақ.
35
Билефельдт, Хайнер. Дін еркіндігі – жиі қате түсіндіріледі, бірақ қажет. – Діни сенім 
бостандығы. Негіздер. О й-толғамдар- модельдер (Бір дүниенің теологиясы 5) – Клаус Кре-
мер/Клаус Вельгут (баспагер), Брейсгау ат.Фрейбург 2014, 115–137 беттер, осында: 121–124 
беттер.


19
Діни сенім бостандығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет